daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Левоцин Раствор Для Инфузий 5 Мг/мл 100 Мл | Getz Pharma

Актобе қаласындағы Левоцин Раствор Для Инфузий 5 Мг/мл 100 Мл | Getz Pharma

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақшыл-сары түсті мөлдір ерітінді

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Getz Pharma

Өндіруші ел:

Исламская Республика Пакистан

Белсенді ингредиент:

5.000 мг (левофлоксацинге баламалы), қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақшыл-сары түсті мөлдір ерітінді

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған

- ауруханадан тыс пневмония

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары

Жоғарыда аталған инфекциялар үшін әдетте, осы инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мақсатқа сай емес деп саналған жағдайларда ғана пайдалану керек.

- пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- созылмалы бактериялық простатит

- сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті түрде қолдануға қатысты ресми нұсқаулықты пайдалану керек.

Қарсы көрсеткіштер

- левофлоксацинге, басқа хинолондарға, фторхинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- эпилепсиясы бар пациенттер

- анамнезінде фторхинолондар қабылдауымен байланысты сіңір аурулары бар пациенттерге

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Левофлоксацинді құрамында хинолондар немесе фторхинолондар бар препараттарды бұрын қолданғанда елеулі жағымсыз реакциялар байқалған пациенттерде қолданудан аулақ болу керек. Бұл пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді альтернативті емдеу болмаған кезде және пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана бастау керек.

Резистенттілік қаупі

Метициллинге төзімді S. aureus левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарға ко-резистенттілікке ие болатын сияқты. Сондықтан егер зертханалық нәтижелер организмнің левофлоксацинге сезімталдығын растамаса (ал MRSA-инфекцияны емдеуге арналған жалпыға мәлім бактерияға қарсы дәрілерді қолдану мақсатқа сай емес деп саналса), Левоцинді белгілі немесе күдік тудырған MRSA инфекцияларын емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Левоцинді жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің өршуін емдеуге, осы аурулар дұрыс диагностикаланған жағдайда, пайдалануға болады.

E. Сoli - несеп шығару жолдарының инфекцияларына қатысатын анағұрлым көп таралған патогеннің фторхинолондарға резистенттілігі – бүкіл Еуропалық одақтың елдерінде ауытқып отырады. Дәрігерлерге E.coli фторхинолондарға төзімділігінің жергілікті таралуын назарға алу ұсынылады.

Сібір ойық жарасы

Медициналық қолдану Bacillus anthracis in vitro сезімталдық деректеріне, жануарларға арналған эксперименттік деректерге және шектеулі адам жайлы деректерге негізделген. Емдеуші дәрігер сібір ойық жарасын емдеу бойынша ұлттық және/немесе халықаралық нұсқауларды басшылыққа алуы керек.

Ауыр, тұрақты, мүгедектікке әкелетін және әлеуетті қайтымсыз жағымсыз құбылыстар

Жасына және бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан, хинолондар мен фторхинолондармен емделген пациенттерде әртүрлі мүшелерге, кейде бірнеше зақымданулармен (сүйек-бұлшықет, жүйке, психикалық және сенсорлық жүйелер) әсер ететін ауыр, тұрақты (бірнеше айға немесе жылға созылады), мүгедектікке әкелетін және ықтимал қайтымсыз жағымсыз құбылыстардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинмен емдеуді ауыр жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде дереу тоқтату керек және пациенттерге медициналық көмекке жүгіну керек.

Инфузия ұзақтығы

Левоцин инфузияға арналған 250 мг ерітіндісі үшін 30 минуттан немесе Левоцин инфузияға арналған 500 мг ерітіндісі үшін 60 минуттан кем емес инфузия ұзақтығын сақтау керек. Офлоксацин инфузиясы кезінде тахикардия және артериялық қысымның уақытша төмендеуі дамуы мүмкін екені белгілі. Сирек жағдайларда, артериялық қысымның қатты төмендеуінің нәтижесінде циркуляторлық коллапс туындауы мүмкін. Егер левофлоксацин (офлоксациннің l-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның айқын төмендеуі білінсе, инфузия дереу тоқтатылуы тиіс.

Тендинит және сіңірлердің үзілуі

Тендинит сирек пайда болуы мүмкін (Ахилл сіңірі анағұрлым жиі зақымданады), тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда екі жақты тендинит пен сіңірдің үзілуі левофлоксацинмен емдеу басталған соң 48 сағат ішінде туындауы мүмкін. Сіңірдің зақымдануы емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше айдан кейін де пайда болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, паренхималық органдарды трансплантациялаудан өткен пациенттерде, 1000 мг тәуліктік дозаны қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ бір мезгілде кортикостероидтарды қабылдаған пациенттерде тендинит пен сіңірдің үзілу қаупі артады. Сондықтан кортикостероидтарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Тендиниттің алғашқы белгілерінде (мысалы, ауырсынатын ісіну, қабыну) левофлоксацинмен емдеуді тоқтатып, балама емдеуді қарастыру керек. Зақымдалған аяқ-қолдарды тиісті түрде емдеу керек (мысалы, иммобилизация). Тендинопатия белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды қолдануға болмайды.

Clostridium difficile-мен байланысты диарея

Левофлоксацинмен емделу кезіндегі немесе одан кейінгі, әсіресе ауыр түрдегі, тұрақты және/немесе қан аралас диарея (оның ішінде емдеуден кейін бірнеше апта өткенде), Clostridium difficile тудырған аурудың (C. difficile-associated disease (CDAD) симптомы болуы мүмкін. CDAD ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қатер төндіруге дейін ауытқуы мүмкін, оның ең ауыр түрі жалған жарғақшалы колит болып табылады. Сол себепті левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін пациенттерде ауыр диарея дамыса, осы диагнозды қарастыру маңызды. Егер Clostridium difficile тудырған ауру күдік тудырса немесе расталса, левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату және кешіктірмей тиісті емді бастау керек. Осындай клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы дәрілік заттарды қолдануға болмайды.

Құрысуларға бейім пациенттер

Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларды туындатуы мүмкін. Левофлоксацинді анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды (4.5 қараңыз). Құрысу ұстамалары туындаған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек.

G-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе нақты бұзылыстары бар пациенттер хинолондар қатарындағы антибиотиктермен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейім болуы мүмкін. Сондықтан, ондай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болғанда гемолиздің туындау ықтималдығын қадағалау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Левофлоксацин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде 5мг/мл инфузияға арналған ерітінді Левоцин препаратының дозасын түзету керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин кейде алғашқы дозаны енгізгеннен кейін дереу, күрделі және өлімге ұшырату қаупі зор аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) туындатуы мүмкін. Пациенттер емді дереу тоқтатып, өз дәрігеріне немесе тиісті шұғыл шараларды қабылдайтын жедел жәрдем дәрігеріне жүгінуі керек.

Терінің ауыр жағымсыз әсерлері

Левофлоксацинді қолданумен байланысты уытты эпидермальді некролизді (TEN: Лайелл синдромы ретінде белгілі), Стивенс Джонсон синдромын (SJS) және өлімге әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін эозинофилиямен және жүйелік симптомдарымен (DRESS) дәрілік реакцияны қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs) туралы хабарлама бар.

Құрамында левофлоксацин бар препараттарды тағайындағанда пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың жағдайын одан әрі мұқият бақылау керек. Осы реакцияларға нұсқайтын белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеуді қарастырған жөн. Егер пациентте левофлоксацинді пайдаланғаннан SJS, TEN немесе DRESS сияқты ауыр реакция дамыса, ешбір жағдайда емдеуді қайта бастауға немесе тағайындауға болмайды.

Қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы

Барлық хинолондар жағдайындағыдай, әдетте пероральді гипогликемиялық дәрімен (мысалы, глибенкламидпен) немесе инсулинмен қатар ем қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерде гипогликемияны да, гипергликемияны да қоса алғанда, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Қант диабеті бар пациенттерге қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Егер пациент қандағы глюкозаның бұзылуына шағымданса, Левоцин препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолонға жатпайтын, балама бактерияға қарсы емді қарастыру керек.

Фотосенсибилизация профилактикасы

Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосенсибилизацияның пайда болуы туралы хабарламалар бар. Пациенттерге фотосенсибилизацияны алдын алу үшін емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелердің (мысалы, күн шамы, солярий) шамадан тыс әсеріне ұшыратпау ұсынылады.

К дәруменінің антагонистерін қабылдаған пациенттер

Левофлоксацинді К дәруменінің антагонисімен (мысалы, варфарин) біріктіріп алатын пациенттерде коагуляцияға арналған тестілердің (ПУ/ХҚҚ) және/немесе қан кетулердің ықтимал ұлғаюына байланысты, егер осы препараттарды бір мезгілде енгізсе, коагуляцияға арналған тесттерді бақылау керек.

Психоздық реакциялар

Психоздық реакциялар хинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді қабылдайтын пациенттерде тіркелді. Өте сирек жағдайларда олар, кейде левофлоксацинді бір рет қабылдағаннан кейін-ақ – суицидтік ойларға және өзі үшін қауіпті мінез-құлыққа ауысты. Егер пациентте осы реакциялар дамыса, пациенттерге кеңес алу үшін емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Фторхинолонсыз балама антибиотикалық емді қарастырып, тиісті шараларды қабылдау керек. Левофлоксацинді психикалық бұзылулары бар пациенттерде немесе анамнезінде психикалық ауруы бар пациенттерде қолданған кезде сақ болу керек.

QT аралығының ұзаруы

Левоцинді қоса, фторхинолондарды пайдаланған кезде төмендегідей QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтық таныту керек:

туа біткен QT аралығының ұзару синдромы

QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклдық  антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы препараттар) бір мезгілде қабылдау

түзетілмеген электролиттік теңгерімінің бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия)

Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығының ұзаруын туғызатын препараттарға неғұрлым сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы тобында левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды пайдалану кезінде сақтық таныту керек

Шеткері нейропатия

Хинолондар мен фторхинолондармен емделген пациенттерде парестезиямен, гипестезиямен, дизестезиямен немесе бұлшықет әлсіздігімен көрінетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Әлеуетті қайтымсыз жағдайдың дамуын болдырмау үшін левофлоксацин қабылдаған пациенттерге ауырсыну, жану сезімі, шаншу, ұйып қалу немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты нейропатия белгілері пайда болған кезде емдеуді жалғастырмас бұрын дәрігермен кеңесу керек.

Гепатобилиарлы бұзылулар

Левофлоксацинді қолдану кезінде бауыр некрозының жағдайлары туралы хабарланды, бұл өлімге әкелетін бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, негізінен сепсис сияқты ауыр ілеспелі аурулары бар пациенттерде. Анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышу немесе іштің ауыруы сияқты бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары пайда болған кезде пациенттерге емдеуді тоқтату және дәрігерге жүгіну туралы нұсқау беру керек.

Миастениясының өршуі

Фторхинолондардың, левофлоксацинді қоса, жүйке-бұлшықеттік бөгеу белсенділігі бар және миастениядан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайларын қоса, күрделі жағымсыз реакциялар және постмаркетингтік бақылау кезеңінде туындаған өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігі миастениясы бар пациенттерде фторхинолондарды пайдаланумен байланысты болды. Анамнезінде миастениясы бар пациенттерге левофлоксацин ұсынылмайды.

Көрудің бұзылулары

Көрудің бұзылулары туындағанда немесе препарат қабылдаудың көзге әсері білінгенде дереу офтальмологқа қаралу керек.

Екіншілік инфекциялар

Левофлоксацинді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Емделу кезеңінде асқын инфекция туындағанда тиісті шаралар қабылдау керек.

Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері

Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Анағұрлым спецификалық әдісті пайдаланып, апиындарды тексерудің оң нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін.

Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін басуы мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасы кезінде жалған теріс нәтижелер беруі ықтимал.

Аортаның аневризмасы, аортаның қатпарлануы және жүрек қақпақшасының регургитациясы/жеткіліксіздігі

Эпидемиологиялық зерттеулер фторхинолондарды қабылдағаннан кейін, әсіресе егде жастағы адамдарда, аневризманың және аорта қатпарлануының жоғарылау қаупі, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта қақпақшасы мен митральды қақпақшаның регургитациясы туралы хабарлайды. Фторхинолондармен емделген пациенттерде аневризма және аорта қатпарлануы жағдайлары, кейде үзілумен асқынған (соның ішінде өлімге әкелетін үзілулер), сондай-ақ жүрек қақпақшаларының бірінің регургитация/жеткіліксіздік жағдайлары туралы хабарланды.

Сондықтан фторхинолондарды пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризманың немесе туа біткен жүрек ақауларының отбасылық анамнезі бар пациенттерде немесе бұрыннан бар аорта аневризмасы және/немесе аорта қатпарлануы, жүрек қақпақшасының ауруы немесе басқа қауіп факторлары немесе бейімділік жағдайлары бар пациенттерде емнің басқа нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек

аорта аневризмасы және қатпарлануы, жүрек қақпақшасының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, артериялық гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тінінің аурулары) немесе тіпті

аорта аневризмасы және қатпарлануы (мысалы, белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы, Такаясу артрииті немесе алып жасушалы артериит сияқты тамыр аурулары) немесе

жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит).

Жүйелік кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде аневризма мен аорта қатпарлануы, сондай-ақ аорта қақпақшасының үзілуі қаупі артуы мүмкін.

Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы жағдайында пациенттер дереу дәрігермен кеңесу керек.

Пациенттерге жедел ентігу, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы немесе іштің немесе төменгі аяқтың ісінуі пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Жедел панкреатит

Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит болуы мүмкін. Пациенттерге жедел панкреатитке тән белгілер туралы хабарлау керек. Жүрек айнуы, дімкәстік, іштегі ыңғайсыздық, іштің өткір ауруы немесе құсу бар пациенттерді дереу дәрігер тексеруі керек. Егер жедел панкреатитке күдік болса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек; расталған жағдайда левофлоксацинді қолдануды қайта бастауға болмайды. Анамнезінде панкреатит бар пациенттерге сақ болу керек.

Левоцин құрамында натрий бар.

Бұл дәрілік заттың құрамында инфузияға арналған ерітіндінің 100 мл құтысында 363 мг-ға дейін натрий бар, бұл ДДСҰ ересек адамдар үшін ұсынған ең көп тәуліктік дозасы 2 г натрийдің 18 % баламалы.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың 5мг/мл инфузияға арналған ерітінді ЛЕВОЦИН-ге әсері

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Клиникалық зерттеулерде левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Дегенмен, хинолондар теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да дәрілермен бір мезгілде тағайындалғанда құрысуға дайындық шегінің айқын төмендеуі байқалуы мүмкін.

Фенбуфен болғанда левофлоксацин концентрациясы жеке-жеке енгізген кездегіден шамамен 13%-ға жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид пен циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық маңызды әсер етті. Левофлоксациннің бүйректік клиренсін циметидин (24%) және пробенецид (34%) төмендетті. Бұл екі препараттың да левофлоксациннің бүйрек өзекшелерінен бөлініп шығуын бөгеу қабілетімен байланысты. Алайда, зерттеуде сыналған дозалар кезінде статистикалық мәні бар кинетикалық айырмашылықтардың клиникалық мәні болуы екіталай.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты бүйрек өзекшелері секрециясына ықпалын тигізетін дәрілік заттармен, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту керек.

Басқа маңызды ақпарат

Левофлоксацинді келесі дәрілік заттармен: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге енгізгенде левофлоксацин фармакокинетикасына қандай да бір клиникалық дәрежеде әсері тимегенін деректер көрсеткен.

5мг/мл инфузияға арналған ерітінді ЛЕВОЦИН препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бір мезгілде тағайындағанда 33%-ға ұлғайған.

K дәруменінің антагонистері

Левофлоксацинді K дәрумені антагонисімен (мысалы, варфаринмен) біріктіріп қабылдаған пациенттерде коагуляция тесті көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚҚ)  протромбин уақыты/халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылағаны және/немесе күрделі болуы мүмкін қан кетулер туралы хабарланды. Сондықтан К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық тесттер жүргізу керек

QT аралығын ұзартатын препараттар

Левофлоксацинді, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды қабылдайтын пациенттерде сақтықпен керек (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер).

Басқа маңызды ақпарат

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер деректерінде левофлоксацин теофиллиннің (CYP1A2 үшін маркерлік субстрат болып табылатын) фармакокинетикасына әсер етпеген, бұл левофлоксацин CYP1A2 тежегіші болып табылмайтынын көрсетеді

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың 5мг/мл инфузияға арналған ерітінді ЛЕВОЦИН-ге әсері

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Клиникалық зерттеулерде левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Дегенмен, хинолондар теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да дәрілермен бір мезгілде тағайындалғанда құрысуға дайындық шегінің айқын төмендеуі байқалуы мүмкін.

Фенбуфен болғанда левофлоксацин концентрациясы жеке-жеке енгізген кездегіден шамамен 13%-ға жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид пен циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық маңызды әсер етті. Левофлоксациннің бүйректік клиренсін циметидин (24%) және пробенецид (34%) төмендетті. Бұл екі препараттың да левофлоксациннің бүйрек өзекшелерінен бөлініп шығуын бөгеу қабілетімен байланысты. Алайда, зерттеуде сыналған дозалар кезінде статистикалық мәні бар кинетикалық айырмашылықтардың клиникалық мәні болуы екіталай.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты бүйрек өзекшелері секрециясына ықпалын тигізетін дәрілік заттармен, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту керек.

Басқа маңызды ақпарат

Левофлоксацинді келесі дәрілік заттармен: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге енгізгенде левофлоксацин фармакокинетикасына қандай да бір клиникалық дәрежеде әсері тимегенін деректер көрсеткен.

5мг/мл инфузияға арналған ерітінді ЛЕВОЦИН препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бір мезгілде тағайындағанда 33%-ға ұлғайған.

K дәруменінің антагонистері

Левофлоксацинді K дәрумені антагонисімен (мысалы, варфаринмен) біріктіріп қабылдаған пациенттерде коагуляция тесті көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚҚ)  протромбин уақыты/халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылағаны және/немесе күрделі болуы мүмкін қан кетулер туралы хабарланды. Сондықтан К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық тесттер жүргізу керек

QT аралығын ұзартатын препараттар

Левофлоксацинді, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды қабылдайтын пациенттерде сақтықпен керек (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер).

Басқа маңызды ақпарат

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер деректерінде левофлоксацин теофиллиннің (CYP1A2 үшін маркерлік субстрат болып табылатын) фармакокинетикасына әсер етпеген, бұл левофлоксацин CYP1A2 тежегіші болып табылмайтынын көрсетеді

Шығарылу түрі

100 мл препараттан резеңке тығындармен тығындалған және «Flip off» деген жазуы бар көгілдір қақпақпен алюминий қалпақшалармен қаусырылған ІІ типті түссіз шыны құтыларда.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Қорапты бөлме жарығында ашқаннан кейін инфузияға арналған

ерітіндіні 3 күннен асырмай сақтауға болады.

Құтыны ашқаннан кейін инфузияға арналған ерітінді 3 сағат ішінде

пайдаланылады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛевоцин раствор для инфузий 5 мг/мл 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube