daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Лира Ампуласы 1000 Мг/4 Мл №5 | Фармак ПАО

Актобе қаласындағы Лира Ампуласы 1000 Мг/4 Мл №5 | Фармак ПАО
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау ерітінді.

Халықаралық атауы:

Цитиколин

Өндіруші:

Фармак ПАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: концентрацияланған хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

1000 мг/4 мл

Қаптамадағы саны:

5 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

инсульт, жедел фаза және оның неврологиялық салдары, және асқынулар

мидың жарақаттық зақымдануы (бассүйек-ми жарақаттары) және оның неврологиялық салдары мен асқынулары

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық

парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғары пациенттер (кезбе жүйке)

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Тұрақты бассүйекішілік қан құйылу жағдайында тәулігіне дозаны 1000 мг-ден асырмау керек және вена ішіне минутына 30 тамшы жылдамдықпен енгізу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты құрамында меклофеноксат бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Цитиколин L-Dopa әсерін күшейтеді.

Үйлесімсіздік

«Дозалану режимі» бөлімінде көрсетілмеген ерітінділер қолданбау керек.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың тиімділігін және қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректер болмауынан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Препаратты қолданудан күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болатын, аса қажет жағдайда қолданады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Цитиколинді жүкті әйелдерде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Цитиколиннің емшек сүтіне бөлінуі және оның ұрыққа әсері туралы деректер жоқ. Сондықтан жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты анаға күтілетін пайда ұрыққа әлеуетті қауіптен жоғары болса ғана тағайындайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жекелеген жағдайларда орталық жүйке жүйесі тарапынан кейбір жағымсыз реакциялар автокөлік басқару қабілетіне немесе күрделі механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектерге ұсынылатын доза – тәулігіне 500 мг-ден 2000 мг дейін, науқастың жағдайының ауырлығына қарай.

Ең жоғары тәуліктік доза – 2000 мг.

Жедел және шұғыл жағдайларда ең жоғары емдік әсеріне препаратты тағайындағаннан кейін алғашқы 24 сағатта жетеді.

Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Қажет болғанда емдеу препараттың пероральді қолдануға арналған ерітіндісі немесе таблетка түрінде жалғастырылады.

Енгізу әдісі және жолы

Препаратты вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін қолдану керек, баяу венаішілік инъекция түрінде вена ішіне (тағайындалған дозаға қарай 3-5 минут ішінде) немесе вена ішіне тамшылатып (минутына 40-60 тамшы) тағайындау керек.

Препарат барлық венаішілік изотониялық ерітінділермен, сондай-ақ глюкозаның гипертониялық ерітінділерімен үйлесімді.

Осы ерітінді бір рет қолдануға арналған. Ерітіндіні ампуланы ашқаннан кейін бірден енгізу керек. Пайдаланылмаған ерітіндіні жою керек.

Емдеудің ұзақтығы

Емдеу мерзімі аурудың ағымына байланысты және оны дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдануға қажетті шаралар

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Шұғыл емшаралар: симптоматикалық емдеу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Шығарылу түрі

4 мл-ден сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар шыны ампулаларда.

Ампулаларға өздігінен желімделетін заттаңбалар жабыстырылады.

5 немесе 10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған, гофрланған астары бар қорапшаға салынады.

Немесе 5 ампуладан полимер үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Ампулалармен бірге 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

4 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылира ампуласы 1000 мг/4 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube