daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Лориста ND Таблеткалары 100 Мг/25 Мг №28 | KRKA d.d., Novo mesto

Актобе қаласындағы Лориста ND Таблеткалары 100 Мг/25 Мг №28 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Сопақша пішінді, екі беті сәл дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған  таблеткалар.

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

гидрохлоротиазид 25 мг қосымша заттар: желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты үлбірлі қабық: гипромеллоза, макрогол 4000, хинолинді сары (Е104), титанның қостотығы  (Е171), тальк

Белсенді заттың дозасы:

100 мг/25 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

артериялық қысымы лозартанмен немесе гидрохлоротиазидпен монотерапияда жеткілікті бақыланбайтын пациенттерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

айқын артериялық гипотензия, гиповолемия

емге төзімді гипокалиемия немесе гиперкальциемия

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, холестаз және өт жолдарының обструкциясы

рефрактерлік гипонатриемия

симптоматикалық гиперурикемия/подагра

жүктілік және лактация кезеңі

ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК < 30 мл/мин)

анурия

18 жасқа дейінгі балалар  және жасөспірімдер

қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерді құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде емдеу.

Өзара әрекеттесуі

Лозартан

Рифампицин және флуконазол белсенді метаболиттер деңгейін төмендетеді. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық салдары бағаланған жоқ.

Ангиотензин ІІ немесе оның әсерін бөгейтін басқа дәрілік заттарды қолдану кезіндегідей, калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды немесе сарысудағы калий деңгейін жоғарылататын басқа препараттар (мысалы, құрамында триметоприм бар препараттар), бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бірге қолданбаған дұрыс.

Натрийдің шығарылуына әсер ететін басқа дәрілік заттарды қолдану кезіндегідей литийдің шығарылуы төмендеуі мүмкін. Сондықтан, егер литий препараттары ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен бір уақытта қолданылса, қан плазмасындағы литий деңгейлерін мұқият бақылау керек.

Ангиотензин ІІ антагонистерін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (яғни, ЦОГ-2 селективті тежегіштері) және қабынуға қарсы селективті емес стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданғанда гипотензиялық әсерінің азаюы байқалуы мүмкін. Ангиотензин ІІ антагонистерін немесе диуретиктерді және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді бірге қолдану, ықтимал жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуының жоғары қаупіне, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Біріктірілім, әсіресе, егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы тиіс, әрі біріккен ем басталған соң, сондай-ақ кейіннен мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет. Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен ем қабылдайтын бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде ангиотензин II рецепторларының антагонистерін бірге қолдану бүйрек функциясының әрі қарай нашарлауына әкелуі мүмкін. Ондай әсер әдетте қайтымды. 

Клиникалық зерттеулердің деректері, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы РААЖ бір блокаторын қолданумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстар жиілігінің едәуір жоғары болуымен байланысты екенін көрсетті.

Үшциклді антидепрессанттар, психозға қарсы дәрілер, баклофен, амифостин сияқты гипотензияны туындататын басқа да препараттар: негізгі немесе жағымсыз әсер ретінде артериялық қысымды төмендететін бұл препараттарды бірге қолдану гипотензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Грейпфрут шырынының құрамында CYP450 ферменттерін тежейтін және емдік әсерді төмендететін белсенді лозартан метаболитінің концентрациясын төмендететін компоненттер бар. Лозартан/гидрохлортиазид таблеткаларын қабылдаған кезде грейпфрут шырынын тұтынудан аулақ болу керек.

Гидрохлоротиазид

Тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда келесі препараттар өзара әрекеттесуге түсуі мүмкін:

Алкоголь, барбитураттар, есірткі дәрілер немесе антидепрессанттар: ортостатикалық гипотензияның күшеюі пайда болуы мүмкін.

Диабетке қарсы дәрілік заттар (пероральді препараттар және инсулин): тиазидпен емдеу глюкозаға төзімділікке ықпал етуі мүмкін. Диабетке қарсы дәрінің дозасын түзету қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Метформинді гидрохлоротиазидпен байланысты бүйректің ықтимал функционалдық бұзылуынан туындаған лактоацидоздың даму қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.

Басқа гипотензиялық дәрілік заттар: аддитивті әсер байқалады.

Холестирамин және колестипол шайырлары: анионды алмасу шайырлары болғанда гидрохлоротиазидтің сіңірілуі төмендейді. Холестирамин немесе колестипол шайырларының бір реттік дозасы гидрохлоротиазидті байланыстырады және оның асқазан-ішек жолынан сіңірілуін, тиісінше, 85% және 43% дейін азайтады.

Кортикостероидтар, бүйрекүсті безі қыртысы гормондары: электролиттер шығарылуының күшеюі, гипокалиемия дамуы мүмкін.

Прессорлы аминдер (мысалы, адреналин): прессорлы  аминдер әсері төмендеуі мүмкін, бірақ оларды қолдануды болдымау үшін жеткіліксіз. 

Қаңқа бұлшықеттерінің деполяризацияламайтын релаксанттары (мысалы, тубокурарин): миорелаксанттарды енгізуге ықтимал жоғары сезімталдық.

Литий: диуретиктер литийдің бүйректік клиренсін төмендетеді және  литий уыттылығының қаупін арттырады; бірге қолдану ұсынылмайды.

Подаграны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар (пробенецид, сульфинпиразон және аллопуринол): несеп қышқылының шығарылуына түрткі болатын дәрілік заттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін, себебі гидрохлоротиазид қан плазмасындағы несеп қышқылының деңгейін арттыруы мүмкін. Пробенецид немесе сульфинпиразон дозаларын арттыру қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Тиазидті бірге қолдану аллопуринолға жоғары сезімталдық реакциясының пайда болуы жиілігін арттыруы мүмкін.

Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден): тиазидті диуретиктердің биожетімділігін асқазан-ішек жолы моторикасын және асқазанның босау жылдамдығын төмендету арқылы арттыру.

Цитоуытты дәрілер (мысалы, циклофосфамид, метотрексат): тиазидтер цитоуытты дәрілік заттардың бүйректік экскрециясын төмендетуі және олардың миелосупрессиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Салицилаттар: салицилаттардың жоғары дозаларын қолданғанда гидрохлоротиазид салицилаттардың орталық жүйке жүйеге уытты әсерін күшейтуі мүмкін.

Метилдопа: гидрохлоротиазид пен метилдопаны бірге қолданғанда пайда болатын гемолиздік анемия туралы кейбір деректер бар.

Циклоспорин: циклоспоринмен бірге емдеу гиперурикемияның және подаграның асқыну қаупін арттыруы мүмкін.

Оймақгүл гликозидтері: гидрохлоротиазид туындататын гипокалиемия немесе гипомагниемия дигиталиспен байланысты жүрек аритмияларының пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Қан плазмасындағы калий мөлшерінің өзгеруіне ықпал ететін дәрілік  препараттар: лозартан/гидрохлоротиазидті әсеріне калий деңгейінің өзгеруі әсер ететін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда (мысалы, оймақгүл гликозидтері және аритмияға қарсы препараттар) қан сарысуындағы калий деңгейін тұрақты бақылау және ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. «Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны тудыратын келесі препараттарды қолданғанда (кейбір аритмияға қарсы препараттарды қоса), өйткені гипокалиемия пируэттік тахикардияның (қарыншалық тахикардия) пайда болуына бейімділік факторы болып табылады:

Iа классының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

IIІ кластың аритмияға қарсы препараттары (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

кейбір психозға қарсы дәрілер (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифлуоперазин, циамемазин, сульпирид, сультоприд, амисульприд, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол)

басқалары (мысалы, бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин в/і, галофантрин, мизоластин, пентамидин, терфенадин, винкамин в/і)

Кальций тұздары: экскрецияның төмендеуі нәиижесінде тиазидті диуретиктер қан плазмасындағы кальций деңгейлерін арттыруы мүмкін. Кальций қоспаларын қолдану қажет болғанда, қан плазмасындағы кальций деңгейлерін бақылау және кальцийдің дозасын түзету қажет.

Зертханалық зерттеулер: тиазидтер паратиреоидты бездердің кальций метаболизміне әсер етуіне байланысты олардың функциясын талдау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Карбамазепин: симптоматикалық гипонатриемия қаупі. Клиникалық және зертханалық мониторинг қажет.

Құрамында йод бар контрастылы препараттар: диуретиктерден туындаған гипогидратация жағдайында, әсіресе, құрамында йод бар препараттың жоғары дозаларын қолданғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар. Қолданар алдында пациенттерде регидратацияны жүргізу керек.

В амфотерицині (парентеральді), кортикостероидтар, бүйрекүсті бездері қыртысының гормондары немесе стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрілер немесе глицирризин (лакрицаның құрамында болады): гидрохлоротиазид электролит теңгерімсіздігін, негізінен, гипокалиемияны күшейтуі мүмкін.  

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Лозартан мен гидрохлоротиазид біріктірілімі бастапқы ем ретінде қолданылмайды, артериялық қысымы тек лозартанмен немесе гидрохлоротиазидпен монотерапияда жеткілікті бақыланбайтын пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.

Жекелеген компоненттердің дозасын (лозартан және гидрохлоротиазид) таңдау ұсынылады. Клиникалық қажеттілік болған жағдайда, артериялық қысымы тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерде монотерапияны бекітілген біріктірілімге тікелей ауыстыруды қарастыруға болады.

Әдеттегі демеуші доза тәулігіне бір рет Лориста® H  1 таблеткасын (50 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид) құрайды.

Осы дозада артериялық қысымды жеткілікті бақылауға қол жеткізе алмайтын пациенттер үшін Лориста® H дозасын тәулігіне бір рет Лориста® HД бір таблеткасына (100 мг лозартан/25 мг гидрохлоротиазид) дейін арттыруға болады.

Ең жоғары доза тәулігіне бір рет Лориста® HД (100 мг лозартан/25 мг гидрохлоротиазид) бір таблеткасын құрайды.

Әдетте, гипотензиялық әсеріне ем басталғаннан кейін үш-төрт апта ішінде жетеді.   

Лориста® H 100 препараты (100 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид) лозартан дозасы 100 мг дейін арттырылған, артериялық қысымды қосымша бақылау қажет болатын пациенттерге арналған.   

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде қолдану

Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) пациенттерде бастапқы дозаны түзету талап етілмейді. Лозартан/гидрохлоротиазид таблеткалары гемодиализдегі пациенттерге ұсынылмайды және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде қолдануға болмайды.

Айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттерде қолдану

Лозартан/гидрохлоротиазид таблеткаларын қолданар алдында айналымдағы қан көлемін және/немесе натрий деңгейін алдын ала түзету қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Лозартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Балалар

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан лозартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданбаған жөн.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Лориста® H  (50 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид), Лориста® HД (100 мг лозартан /25 мг гидрохлоротиазид) және Лориста® H 100 (100 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид) басқа гипотензиялық препараттармен бірге қабылдауға болады.

Таблетканы бір стақан су іше отырып, бүтіндей жұту керек.

Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар  

Қазіргі уақытта лозартан мен гидрохлоротиазидтің артық дозалануын емдеуге қатысты деректер жоқ. Симптоматикалық және демеуші емдеу жүргізіледі.

Лориста® НД препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс және пациент мұқият бақылауда болуы тиіс. Ықтимал емдік шараларға, егер препарат жақында қабылданса, құсуды ынталандыру, дегидратацияны түзету және электролиттік теңгерімді қалпына келтіру, бауыр комасын емдеу және гипотензияны емдеу, белгіленген әдістерді қолдану жатады.

Лозартан

Адамда лозартанның артық дозалануы туралы шектеулі мәліметтер ғана бар. Артық дозаланудың ең ықтимал көріністері артериялық гипотензия және тахикардия болып табылады, сонымен қатар парасимпатикалық (вагусты) ынталандыруға байланысты брадикардия пайда болуы мүмкін. Симптоматикалық гипотензия пайда болған кезде демеуші ем жүргізу керек.

Лозартан және оның белсенді метаболиті гемодиализ арқылы жойылмайды.

Гидрохлоротиазид

Ең жиі кездесетін белгілер мен симптомдар электролит тапшылығынан (гипокалиемия, гипохлоремия, гипонатриемия) және артық диурезден туындаған дегидратациядан туындады. Дигоксинді енгізген кезде гипокалиемия бар жүрек аритмиясын күшейтуі мүмкін. Гемодиализ арқылы гидрохлоротиазидтің шығарылу дәрежесі анықталмаған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Дәрігер тағайындағандай, Лориста® НД препаратын күнделікті қабылдауға тырысыңыз. Алайда, егер сіз дозаны жіберіп алсаңыз, өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Әрі қарай, препаратты қабылдаудың әдеттегі режимін жалғастыру керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар пайда болса, дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алу керек.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 немесе 14 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 4 (7 таблеткадан) немесе 1, 2, 4 немесе 6 (14 таблеткадан) қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!  

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!  

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛориста ND таблеткалары 100 мг/25 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube