Состав
100 г препараттың құрамында
белсенді зат – магний сульфаты – 100 г
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті кристалды ұнтақ немесе жылтыраған кристалдар.
100 г препараттың құрамында
белсенді зат – магний сульфаты – 100 г
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті кристалды ұнтақ немесе жылтыраған кристалдар.
– Іш жүргізетін дәрі ретінде, жуан ішекті зерттеуге дайындау үшін және еритін барий тұздарымен уланған кезде ара-тұра қолданады.
– препаратқа жоғары сезімталдық
– айқын брадикардия
– АV блокадасы
– бүйрек функциясының бұзылуы
– тыныс мүшелерінің ауруы
– асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары
– жүктілік, лактация кезеңі
– етеккірде
– 18 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары
Ұзақ мерзім емделгенде артериялық қысымның, жүрек функциясының, сіңір рефлекстерінің, бүйрек функциясының, тыныс алу жиілігінің мониторингтеуін жүргізу ұсынылады.
Балалардың бүйрегінде тұз жиналу қаупіне байланысты, жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі барларда іш жүргізетін тұзды заттарды қолданғанда сақ болу керек.
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері
Магний сульфатын тетрациклиндермен бiр уақытта ішу арқылы қолдану кезiнде соңғысының әсері олардың сіңуінің төмендеуіне байланысты азаюы мүмкiн.
Шеткері әсері бар миорелаксанттармен бiр уақытта қолданғанда жүйкелiк-бұлшықеттiк берілістің бәсеңсуі күшейеді.
Нифедипинмен бір уақытта қолданылғанда бұлшықеттердің айқын босаңсуы мүмкін.
Кальций препараттарымен, алкогольмен (жоғары концентрацияларда), карбонаттармен, бикарбонаттармен және сілтілік металдар фосфаттарымен, мышьяк қышқылының тұздарымен, бариймен, стронциймен, новокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық үйлесімсіз (тұнба түзеді).
Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектер 1/2 стақан сумен бірге 10-30 г-нан ұйқы алдында немесе тамақтанардан 30 мин бұрын ашқарынға.
Созылмалы iш қату кезiнде клизма (20 – 30 % ертiндi 100 мл) қолдануға болады.
Еритін барий тұздарымен уланған жағдайда асқазанды магний сульфатының 1% ерітіндісімен шаяды немесе ерімейтін барий сульфаты түзілуі үшін ерітіндіні ішке (200 мл судағы 20 г) береді.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді
Емдеу ұзақтығы
Анықталмаған
Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар
Сақтық шараларын ұстану қажет.
– жүрек айнуы, құсу, диарея
– асқазан- ішек жолдарының қабыну ауруларының асқынуы
– тыныс алудың бәсеңдеу мүмкіндігі
– гипотензия
– тыныштандыратын және ұйықтататын әсер беруі мүмкін
– ас ингредиенттерін қорытудың және бір уақытта тағайындалған дәрілік заттарды қорытудың бұзылуы.
25 г, 50 г және 100 г препараттан полипропилен пакеттерге немесе полимер банкілерге салынады.
Банкілер немесе пакеттер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен және құтылар саны көрсетілген қаптама парағымен бірге гофрланған қорапқа салынады және жылу ұстағыш үлбірмен керіліп жабылады.
Жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС -ден 30 ºС -ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 36₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
201₸
165₸
36₸