Актобе қаласындағы Медрон Таблеткалары 250 Мг №14 | Medochemie Ltd.

Нет в наличии
Актобе қаласындағы Медрон Таблеткалары 250 Мг №14 | Medochemie Ltd.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, ақ түсті, беті тегіс, бір жағында сызығы бар, диаметрі 10.5 мм таблеткалар.

Международное наименование:

Тербинафин

Производитель:

Medochemie Ltd.

Страна производитель:

Кипр

Действующее вещество:

- бауыр функциясының жедел және созылмалы жеткіліксіздігі - лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дозировка активного вещества:

250 мг

Лекарственная форма:

Таблеткалар, 250 мг

Количество в упаковке:

14 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Trichophyton (T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum дерматофиттерінен туындаған тері мен тырнақтың зеңді зақымданулары:

- дене дерматофитиясы

- шап дерматомикозы

- аяқ басының дерматофитиясы

- онихомикоз

Противопоказания

- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының жедел және созылмалы жеткіліксіздігі

- лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Взаимодействие

Тербинафин клиренсі метаболизмді индукциялайтын дәрілік препараттармен жеделдетілуі немесе P450 цитохромын тежейтін препараттармен баяулауы мүмкін. Осы препараттарды қатарлас қабылдауды болдырмау мүмкін болмаған жағдайда тербинафин дозасын түзету ұсынылады.

Тербинафиннің фармакологиялық әсерін күшейтетін немесе плазмалық концентрациясын арттыратын препараттар:

Циметидин тербинафин клиренсін 30%-ға төмендетеді.

Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 ферменттері белсенділігінің басылуына байланысты, тербинафиннің Cmax және AUC көрсеткіштерін тиісінше, 52% және 69%-ға арттырады (көрсеткіштердің ұқсас жоғарылауы тербинафинмен CYP2C9 және CYP3A4 ферменттерінің екеуін де басатын кетоконазол және амиодарон препараттарын бір мезгілде қолданғанда мүмкін болады)

Тербинафиннің әсерін немесе плазмалық концентрацияларын төмендететін препараттар:

Рифампицин тербинафин клиренсін 100% - ға арттырады.

Тербинафиннің басқа дәрілік заттарға әсері

Тербинафин плазмалық концентрацияны арттырады және келесі препараттардың әсерін күшейтеді:

Кофеин

Тербинафин вена ішіне енгізілетін кофеин клиренсін 21% төмендетеді.

CYP2D6 қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттар (трициклді антидепрессанттар, β-адреноблокаторлар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, декстрометорфан, аритмияға қарсы препараттар (1А, 1В және 1С класын қоса) және В типті моноаминоксидаза тежегіштері).

Тербинафин CYP2D6-жанама метаболизмді басады, бұл осы ферментпен метаболизденетін препараттарды бірге қолданғанда, әсіресе емдік ауқымы тар болған кезде клиникалық маңызды.

Дезипрамин

Тербинафин дезипрамин клиренсін 82%-ға төмендетеді.

Тербинафинмен бірге қабылдағанда әсерді болдырмайтын немесе елеусіз әсер тудыратын препараттар.

Тербинафин CYP2D6 қатысуымен метаболизденетін препараттарды қоспағанда, Р450 цитохромының басқа ферменттері (толбутамин, терфенадин, триазолам, пероральді контрацептивтер) арқылы метаболизденетін көптеген препараттардың клиренсін басу немесе күшейту үшін елеусіз әлеуетке ие.

Тербинафин антипирин немесе дигоксин клиренсіне әсер етпейді.

Тербинафиннің флуконазолдың фармакокинетикасына әсері байқалмаған. Сондай-ақ, тербинафин мен котримоксазолды (триметоприм + сульфаметоксазол), зидовудинді немесе теофиллинді әлеуетті қатарлас қолдану арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

Тербинафинді пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде (алайда, бұл бұзылулардың жиілігі тек пероральді контрацептивтерді қабылдайтын пациенттерде жағымсыз реакциялар жиілігінің шегінде қалады) етеккір оралымының бұзылу жағдайлары (етеккіраралық қан кету және тұрақты емес етеккір оралымы) туралы хабарламалар бар.

Тербинафин дәрілік препараттардың әсерін әлсіретеді немесе плазмалық концентрациясын төмендетеді:

Циклоспорин

Тербинафин циклоспорин клиренсін 15% - ға арттырды.

Варфарин

Тербинафинді варфаринмен бірге қолданғанда халықаралық қалыпты қатынастар және(немесе) протромбиндік уақыт көрсеткіштерінің өзгерістері анықталды.

Арнайы ескертулер

Медронды тағайындар алдында бұрын бар бауыр ауруларының анамнезін бағалау, бауырдың функционалдық тестілерін жүргізу қажет.

Препараттың гепатоуыттылығы бұрын бауыр аурулары бар пациенттерде де, онсыз да білінуі мүмкін, сондықтан бауыр функциясына мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу ұсынылады (4-6 апта емдегеннен кейін).

Тербинафин қабылдаған пациенттерде бауыр функциясы жеткіліксіздігінің өте сирек жағдайлары туралы деректер бар, олардың кейбіреулері өліммен аяқталды немесе бауырды ауыстырып қондыруды талап етті (көп жағдайларда бауыр функциясы жеткіліксіздігінің себебі күрделі негізгі жүйелі аурулар болып табылды, ал тербинафинді қабылдаумен себеп-салдарлық байланыс күмәнді болды). Медрон препаратын қолдануды бауыр функциясы бұзылуының белгілері немесе симптомдары (қышыну, тәбеттің болмауы, тұрақты жүрек айну, құсу, оңжақ қабыртқа астының ауыруы, несептің қараюы, нәжістің түссіздігі, қажу, шаршағыштық), тіпті егер препаратты қабылдаумен өзара байланысы анықталмаған болса да, бауырдың функционалдық тестілері көрсеткіштерінің деңгейлері жоғарылаған жағдайда тоқтату керек.

Тербинафин қабылдаған пациенттерде тері тарапынан күрделі реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз) көріністері туралы өте сирек хабарланған. Теріде бөртпелер пайда болған жағдайда Медронмен емдеуді тоқтату керек.

Анамнезінде псориаз бар пациенттерге препаратты тағайындағанда сақ болу керек, өйткені псориаз өршуінің өте сирек жағдайлары туралы хабарламалар бар.

Тербинафин қабылдаған пациенттерде қан тарапынан патологиялық өзгерістердің (нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, панцитопения) туындауы туралы деректер бар. Медрон қабылдайтын пациенттерде қан тарапынан кез келген патологиялық өзгерістердің пайда болу себебін бағалау және емдеу режимін өзгерту, оның ішінде осы препаратпен емдеуді тоқтату мүмкіндігі туралы мәселені қарау қажет.

Тербинафинді бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі 50 мл/мин аз немесе қан плазмасындағы креатинин деңгейі 300 мкмоль/л артық) пациенттерде қолдану жеткілікті зерттелген жоқ, сондықтан осы пациенттерге Медронды қолдану ұсынылмайды.

Препаратты қызыл жегі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек, өйткені аурудың өршуінің өте сирек жағдайлары туралы хабарламалар бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ананың клиникалық жай-күйі пероральді тербинафинмен емдеуді талап ететін және ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін кез келген ықтимал қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда, медронды жүктілік кезеңінде қолданбаған жөн.

Тербинафин емшек сүтіне өтеді, сондықтан бала емізетін әйелдерге Медронмен ем тағайындалмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерінің, мысалы, бас айналудың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, жоғары зейін қоюды талап ететін көлік құралын немесе механизмдерді басқарғанда сақтық таныту қажет.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Медронды тәулігіне бір рет 250 мг тағайындау ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы инфекцияның көрсеткіштері мен ауырлығына байланысты.

Аяқ басының дерматофитиясы (саусақаралық, табандық типтері): 2-ден 6 аптаға дейін.

Дене дерматофитиясы: 4 апта.

Шап дерматомикозы: 2-ден 4 аптаға дейін.

Онихомикоз (тырнақ пластинасының зеңді зақымдануы): емдеу курсының ұзақтығы 3-6 айды құрайды.

Сирек жағдайларда, әсіресе бас бармақтың тырнағына зақым келсе, 6 айдан аса емдеу қажет болуы мүмкін.

Жас пациенттерде, сондай-ақ тырнақ пластинасы тез өсетін пациенттерде емдеу ұзақтығы 3 айдан аз болуы мүмкін.

Басқа жағдайларда, әдетте, 3 айлық ем жеткілікті.

Инфекция белгілері мен симптомдарының толық регрессиясы емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан кейін мүмкін болады.

Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер

Осы топта тербинафинді қауіпсіз қолдану туралы деректердің жеткіліксіздігінен Медронды қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер (65 жас және одан жоғары)

Дозалау режимін өзгерту талап етілмейді. Алайда, пациенттердің осы тобында бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылу мүмкіндігін ескеру қаже.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: бас ауыру, бас айналу, жүрек айну, эпигастрий аймағының ауыруы.

Емі: препаратты тоқтату, белсендірілген көмір қабылдау, қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаМедрон таблеткалары 250 мг №14 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube

Контакты

[email protected]