daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Метипред Бөтелке 250 Мг №1 | Хикма Фармасеутика (Португалия) С.А.

Халықаралық атауы:

Метилпреднизолон

Өндіруші:

Хикма Фармасеутика (Португалия) С.А.

Өндіруші ел:

Португальская Республика

Белсенді заттың дозасы:

250 мг/10 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Эндокриндік бұзылыстар. Бүйрек үсті бездері қыртысының бастапқы немесе салдарлы жеткіліксіздігі; бүйрек үсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі. Бұл көрсетілімдерде таңдау препараттары гидрокортизон немесе кортизон болып табылады. Белгілі бір жағдаяттарда минералокортикоидтармен біріктірілімде синтетикалық аналогтарын қолдануға болады.

Бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі анықталған пациенттерде хирургиялық араласу алдында және ауыр жарақат немесе ауру жағдайында немесе бүйрек үсті бездері қыртысының қорына қатысты күмән болған жағдайда.

Бүйрек үсті бездерінің туа біткен гиперплазиясы; іріңсіз тиреоидит; қатерлі жаңа түзіліммен байланысты гиперкальциемия.

Ревматизмдік аурулар. Жедел және жеделге жуық бурсит; жедел подагралық артрит; спецификалық емес жедел тендосиновиит; шорбуынданатын спондилит; эпикондилит; жарақаттанудан кейінгі остеоартрит; псориаздық артрит; ревматоидты артрит, атап айтқанда, ювенильді ревматоидты артрит (жекелеген жағдайларда, төмен дозамен демеуші ем жүргізу қажеттілігі туындауы мүмкін); остеоартрит кезіндегі синовиит сияқты аурулар кезінде қысқа мерзімді қолдану үшін қосымша ем ретінде (жедел көрініс немесе өршу жағдайында).

Коллагеноздар (дәнекер тіннің жүйелі аурулары). Жедел ревматизмдік кардит; Гудпасчер синдромы; түйінді периартериит; жүйелі дерматомиозит (полимиозит); жүйелі қызыл жегі (жегілік нефрит) сияқты ауруларда өршу кезінде немесе жекелеген жағдайларда демеуші ем ретінде.

Тері аурулары. Сулы бөртпе; ауыр мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы).

Аллергиялық жай-күйлер. Бронх демікпесі, көмейдің инфекциялық емес жедел ісінуі (бірінші таңдаулы дәрілік зат адреналин болып табылады), дәріден болатын аса жоғары сезімталдық реакциялары, сарысу құю ауруы, қан құюдан кейінгі уртикария (гемотрансфузия) сияқты аурулар кезінде жүргізілген дәстүрлі ем тиісінше дарымайтын ауыр немесе мүгедектікке ұшырататын аллергиялық жай-күйлерді бақылау.

Офтальмологиялық аурулар. Көз бөлігіндегі ауыр жедел және созылмалы аллергиялық және қабыну үдерістері, көздің алдыңғы сегментінің қабынуы, кортикостероид вирусқа қарсы тиісті еммен біріктірілген кездегі белдемелі герпес; кератит; көру жүйкесінің невриті; ирит, увеит, иридоциклит; хориоретинит; симпатикалық офтальмия.

Асқазан-ішек жолының аурулары. Ойық жаралы колит (жүйелі ем); Крон ауруы (жүйелі ем) сияқты аурулар кезіндегі қатер шегіндегі кезеңдер.

Респираторлық аурулар. Аспирациялық пневмония; бериллиоз; басқа емдеу әдістеріне берілмейтін Леффлер синдромы; симптоматикалық саркоидоз; өкпенің фульминантты немесе диссеминацияланған туберкулезінде туберкулезге қарсы тиісті химиялық еммен бірге қолданылады.

ЖИТС бар пациенттердегі пневмоцистік пневмония (инфекциялардың орташа ауыр және ауыр түрлерінде қосымша ем ретінде). Емдеу басталған соң 72 сағат ішінде кортикостероидтарды қосқанда емдеудің оң нәтижелеріне қол жеткізілді. Жасырын туберкулездік инфекцияның қайта белсену қаупі бар, бактерияға қарсы және зеңге қарсы препараттар қолданылатын ем қарастырылу керек. Пациенттер басқа жасырын инфекциялардың қайта белсенуі тұрғысынан қадағалауда болуы тиіс.

Гематологиялық аурулар. Жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолиздік анемия; туа біткен (эритроидты) гипоплазиялық анемия; эритробластопения, Даймонд-Блекфан синдромы, ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (тек вена ішіне; бұлшықет ішіне қолдану қарсы көрсетілімді); ересектердің салдарлы тромбоцитопениясы.

Онкологиялық аурулар. Ересектердегі лейкоздар және лимфомалар; балалардағы жедел лейкоз сияқты ауруларды паллиативті емдеу.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан болатын аурулар. Идиопатиялық типті уремиясыз немесе жүйелі қызыл жегі туғызған нефроздық синдром бар пациенттерде диурезді көтермелеу және протеинурия ремиссиясына жету үшін.

Жүйке жүйесінің бұзылыстары. Жайылған склероз өршуі; бастапқы немесе метастаздық ісік себеп болатын және/немесе хирургиялық немесе сәулемен емдеуге байланысты ми ісінуі; жұлын-мидың жедел жарақаты. Емдеуді жарақаттанудан кейінгі алғашқы сегіз сағат ішінде бастау қажет.

Жүрек-қантамыр аурулары. Бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі салдарынан болатын немесе стандартты емге төзімді шок (жалпы алғанда, таңдау препараты гидрокортизон болып табылады. Егер минералокортикоидты әсерлері жағымсыз болса, метилпреднизолонға артықшылық беруге болады). Жануарларға жасалған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық сынақтар тамыр тарылтатын, плазманы алмастыратын препараттар тиімсіз болғанда метилпреднизолон шок күйлерінде (күйіктен, жарақаттан, операциялық, уытты, кардиогенді) тиімді деп жорамалдауға мүмкіндік береді, алайда бұл толық зерттелмеген.

Ағзаны трансплантациялау. Трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциясының профилактикасы немесе оны емдеу.

Басқа аурулар. Туберкулезге қарсы тиісті химиялық еммен бір мезгілде қолдану кезіндегі субарахноидальді кеңістік блокадасымен немесе блокада қатерімен туберкулездік менингит. Жүйке жүйесінің немесе миокард зақымдануымен трихинеллез. Химиялық ем тудырған жүрек айну және құсу профилактикасы.

Қарсы көрсеткіштер

- метилпреднизолонға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүйелі зеңді инфекциялар

- тірі немесе әлсіретілген вакциналарды және кортикостероидтардың иммуносупрессорлық дозаларын бір мезгілде қолдану

- интратекальді енгізу жолы

- идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура бар пациенттерде эпидуральді енгізу, бұлшықет ішіне енгізу жолы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер Сізде мыналар болса, препаратты қолдануға дейін емдеуші дәрігерге мәлімдеңіз:

Инфекция симптомдары/инфекция жұқтыру күмәні. Глюкокортикоидтар инфекцияның кейбір симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, бұдан бөлек, глюкокортикоидтар қабылдау барысында жаңа инфекциялар дамуын, төзімділік төмендеуін және инфекцияны оқшаулаудың қиындауын байқауға болады. Бұл инфекциялар бірқалыпты өтуі мүмкін, алайда, бірқатар жағдайда ағымының ауыр болуы және тіпті өліммен аяқталуы мүмкін.

Дәрілік препараттарға аллергиялық реакция/«Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінде көрсетілген препараттарды қабылдайсыз

Қант диабеті. Кортикостероидтар, метилпреднизолонды қоса, қандағы глюкоза деңгейін арттыруы, диабет ағымын нащарлатуы мүмкін. Қант диабеті жүйелі кортикостероидтармен ұзақ уақыт емделуге бейімдейді және жай-күйдің жүйелі бақылануын талап етеді.

Гравис миастениясы, құрысулар

• Глаукома/отбасылық анамнездегі глаукома

• Депрессиялық немесе маниялық-депрессиялық ауру, анамнездегі немесе бірінші буын туыстарындағы, оның ішінде кортикостероидтар қабылдаумен байланысты психикалық бұзылыстар, психоз.

• Стресс. Дәрігер стресс оқиғасына дейін, кезінде және одан кейін кортикостероидтар алған пациенттерге жылдам әсер ететін кортикостероидтар дозасын арттыруы мүмкін.

• Кушинг синдромы, гипотиреоз. Глюкокортикоидтар Кушинг синдромын тудыруы немесе оның ағымын нашарлатуы мүмкін, сондықтан Кушинг ауруы бар пациенттерге, әдетте, глюкокортикоидтар тағайындалмайды. Жүйелі кортикостероидтарды гипотиреоз аясында қолданғанда организм жағдайын жиі бақылау талап етіледі.

Жүрек-қантамыр ауруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, өткерілген миокард инфарктісі). Жүрек-қантамыр жүйесі бұзылуларының қауіп факторлары болғанда, кортикостероидтармен емдеудің ұзақ уақыттық курстарын және жоғары дозаларын қолдану қандағы липидтер (майлар) арақатынасының өзгеруін және қан қысымының көтерілуін тудыруы мүмкін. Кортикостероидтармен емдеу тудырған асқынулар жиілігі күнара енгізілген төмен дозасын пайдалану кезінде азаюы мүмкін. Метилпреднизолонның жоғары (10 минуттан кем емес уақыт бойы 0,5 мг-ден көп) дозаларын вена ішіне тез енгізуден кейін жүрек аритмиялары және/немесе коллапстар және/немесе жүректің тоқтап қалуы мәлімделді. Осындай дозаларын енгізу кезінде немесе одан кейін брадикардия туралы да хабарланды; алайда, ол инфузия жылдамдығынан немесе ұзақтығынан емес, басқа бір нәрседен туындауы мүмкін. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде және таяудағы миокард инфарктісінен кейін (миокардтың жарылу қаупі) жүйелі кортикостероидтар аса қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Пациенттер қырағы қадағалауда болуы тиіс.

Асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит, дивертикулит, таяудағы ішек анастомоздары. Глюкокортикоидтармен емдеу асқазан ойық жарасының симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, бұл жағдайда тесілу немесе қан кету айқын ауырусыз дамуы мүмкін. Глюкокортикоидтармен ем перитонит немесе тесілу, обструкция немесе панкреатит сияқты асқазан-ішек жолының бұзылыстарымен астасқан басқа симптомдарды бүркемелеуі мүмкін. Кортикостероидтар, егер тесілу, абсцесс немесе басқа пиогенді инфекция, дивертикулит, таяудағы ішек анастомоздары, пептидті ойық жаралар ықтималдығы болса, спецификалық емес ойық жаралы колит бар пациенттерге сақтықпен қолданылу керек.

• Феохромоцитома. Өліммен аяқталуы мүмкін феохромоцитома ұстамасы кортикостероидтарды жүйелі қабылдаумен байланысты болуы мүмкін. Феохромоцитомаға күмәні немесе анықталған феохромоцитомасы бар пациенттерге кортикостероидтар тек пайда/қаупін бағалаудан кейін ғана енгізілу керек.

Жүйелі склероз, бүйрек жеткіліксіздігі. Метилпреднизолонды қоса, кортикостероидтарды қолданғанда склеродермиялық бүйрек кризін, бүйрек жеткіліксіздігін, артериялық гипертензия мен несеп бөлінісінің азаюын қамтитын өлімге ұшырататын реакциялар байқалды. Осы жағдайларда артериялық қысым және бүйрек функциясы (s-креатинин) жүйелі бақылануы тиіс. Бүйрек кризіне күмән туындағанда артериялық қысымды өте мұқият бақылап отыру керек. Егер пациентте бүйрек жеткіліксіздігі болса, кортикостероидтарды қолдану кезінде сақ болу керек.

Ми жарақаттануы.

• Туберкулез. Белсенді туберкулезде кортикостероидтар қолдану ауруды емдеу үшін тиісті туберкулезге қарсы химиялық еммен біріктірілімде кортикостероидтарды қолдану кезінде шұғыл дамитын және диссеминацияланған туберкулез жағдайларымен шектелу керек. Егер кортикостероидтармен емдеу жасырын туберкулез немесе оң нәтижелі туберкулиндік сынамалары бар пациенттерге тағайындалса, аурудың қайта белсенуі мүмкін екендіктен, емдеуді қатаң дәрігерлік бақылаумен жүргізген жөн. Кортикостероидтармен ұзақ емдеу кезінде пациенттер профилактикалық химиялық ем қабылдауы тиіс.

Вакцинация. Кортикостероидтармен иммунодепрессиялық әсерін көрсететін дозаларда ем алып жүрген пациенттерге тірі немесе әлсіретілген тірі вакциналар енгізу қарсы көрсетілімді. Ондай пациенттерге өлтірілген немесе белсенділігі жойылған вакциналар енгізуге рұқсат етіледі, алайда, осындай вакциналар енгізуге реакция төмендеп кетуі немесе тіпті болмауы мүмкін. Кортикостероидтармен иммунодепрессиялық әсер көрсетпейтін дозаларда ем алып жүрген пациенттерге тиісті көрсетілімдер бойынша иммунизация жасауға болады.

Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану/кортикостероидтарды жоғары дозаларда қолдану келесі асқынуларға алып келуі мүмкін:

Капоши саркомасы. Емдеуді тоқтату клиникалық ремиссия басталуына ықпал етуі мүмкін.

Бүйрек үсті безінің салдарлы жеткіліксіздігі. Кортикостероидтардың емдік дозаларын ұзақ уақыт қолдану гипоталамус-гипофиздік бүйрек үсті безі жүйесінің функциясын әлсіретуі мүмкін. Бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің ауырлығы мен ұзақтығы пациентке, глюкокортикостероидтар дозасына, енгізу аралығына, енгізу уақытына және емдеу ұзақтығына байланысты өзгеріп отырады. Осы әсерін баламалы емдеу режимін пайдалана отырып, барынша азайтуға болады.

Психикалық бұзылыстар. Жалпы әсер ететін стероидты гормондарды қолданғанда эйфория, ұйқысыздық, көңіл-күй құбылуы, тұлғалық өзгерістер, терең депрессия немесе айқын психоздық симптомдар сияқты сирек, күрделі психикалық реакциялар дамуы мүмкін. Жай-күй нашарлауы немесе эмоциялық тұрақсыздық, абыржу және психоз пайда болуы мүмкін. Симптомдар, әдетте, емдеу басталған соң бірнеше күн немесе апта ішінде әлде жүйелі стероидтарды тоқтатудан кейін бірден пайда болады. Ауқымды дозаларда, доза шамасы реакцияның түрін, ауырлығын немесе ұзақтығын үнемі айқындамаса да, психикалық бұзылулардың даму қаупі арта түсуі мүмкін. Дозаны төмендетуден немесе препаратты тоқтатудан кейін реакциялардың көп бөлігі өздігінен басылады, бірақ кейде арнайы емдеу қажет болуы мүмкін. Егер үрейлі психикалық симптомдар дамыса, әсіресе, көңіл-күй жабырқауында немесе өзін-өзі өлтіру туралы ойлар билегенде сізге шұғыл дәрігерге қаралу керек.

Эпидуральді липоматоз.

Артқы капсулалық катаракта және катаракта (әсіресе, балалардағы), экзофтальм немесе көзішілік қысымның көтерілуі, өз кезегінде, бұл көру жүйкесін зақымдауы мүмкін.

Торқабық ажырауына алып келуі мүмкін орталық серозды хориоретинопатия.

Тромбоздар, вена тромбоэмболиясын қоса.

Жедел панкреатит.

Жедел гепатит немесе бауыр ферменттерінің жоғарылауы.

Жедел миопатия. Жедел миопатия, әсіресе, жүйке-бұлшықет берілісінің бұзылуы бар пациенттерде (мысалы, ауыр миастенияда) немесе жүйке-бұлшықет блокаторларымен (мысалы, панкуроний) бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде кортикостероидтардың жоғары дозаларын қолдану кезінде ең көп жиі дамиды. Осындай жедел миопатия жайылған сипатта болады, көз бұлшықеттерін және тыныс алу жүйесін зақымдауы, тетрапарез дамуына әкелуі мүмкін. Креатинкиназа деңгейі жоғарылауы мүмкін. Осы орайда кортикостероидтарды тоқтатудан кейінгі жақсару немесе сауығу тек көп апта немесе тіпті бірнеше жыл өткен соң ғана болуы мүмкін.

Остеопороз.

Басқа да сақтандырулар. Глюкокортикостероидтармен емдеудің асқынулары дозаға және емдеу ұзақтығына байланысты. Пайда-қаупі әр пациент үшін жеке бағалануы тиіс. Бұл дозаны таңдау, емдеу ұзақтығы және емдеудің сипаты үшін қажет. Кортикостероидтың ең төмен болжамды дозасын пайдалану керек. Дозаны төмендету біртіндеп жүзеге асуы тиіс.

Глюкокортикоидтарды күрт тоқтатқанда бүйрек үсті бездерінің жедел жеткіліксіздігі өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін. Препарат қабылдауды күрт тоқтату тәбет болмауы, жүрек айну, құсу, сылбырлық, бас ауыру, қызба, буын ауыруы, терінің қабыршақтануы, бұлшықеттің ауырсынуы, салмақ жоғалту және/немесе қан қысымының төмендеуі сияқты симптомдармен көрініс беретін «тоқтату синдромының» дамуына әкелуі мүмкін. Бұл олардың төмен мөлшерінен емес, глюкокортикоидтар деңгейінің күрт өзгеруі салдарынан болады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер Сіз қандай да бір басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз, таяуда қабылдасаңыз немесе қабылдауды жоспарласаңыз, дәрігерге мәлімдеңіз.

Кейбір дәрілік препараттар Метипред тиімділігіне ықпал етуі немесе жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін:

• Бактерияға қарсы препараттар: фторхинолондар, эритромицин,

кларитромицин, тролеандомицин

• Зеңге қарсы препараттар: кетоконазол, итраконазол, амфотерицин В

• Туберкулезді емдеуге арналған препараттар: изониазид, рифампицин

• Құсуға қарсы препараттар: апрепитант, фосапрепитант

• Жүрек қыспасына қарсы және гипотензиялық препараттар:

дилтиазем және т.б.

• АИТВ протеазасының тежегіштері: индинавир, ритонавир,

кобицистат

• Иммунодепрессанттар: циклоспорин, такролимус

• Эстрогендер: этинилэстрадиол/норэтистерон

• Пероральді антикоагулянттар: варфарин

• Н-холинолитиктер (миорелаксанттар): панкуроний, векуроний

• Холинэстераза тежегіштері (миастенияны емдеуге арналған

препараттар)

• Гипогликемиялық препараттар (қант диабетін емдеуге арналған

препараттар)

• Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар: ацетилсалицил

қышқылы

• Ароматаза тежегіштері: аминоглутетимид

• Іш жүргізетін препараттар

• Демікпені емдеуге арналған препараттар: ксантиндар, β2-агонистері

• Эпилепсияны емдеуге арналған препараттар

• Кардиотонустық препараттар: жүрек гликозидтері (дигоксин)

• Гестагенге қарсы препараттар: мифепристон

• Грейпфрут шырыны

Вена ішіне енгізілетін кейбір препараттар ерітіндідегі метилпреднизолонмен үйлеспейді және бөлек қолданылуы тиіс:

натрий аллопуринолы, доксапрам гидрохлориді, тигециклин, дилтиазем гидрохлориді, кальций глюконаты, векуроний бромиді, рокуроний бромиді, цизатракуриум бесилат, гликопирролат, пропофол.

Арнайы сақтандырулар

Егде жастағы пациенттерде қолдану. Егде жастағы пациенттерді кортикостероидтармен ұзақ емдеу кезінде сақ болу керек, өйткені кортикостероидтарды қолдану остеопороз, гипертония туындау қаупін арттырады және организмде сұйықтық іркілісін арттырады. Метилпреднизолон мен фторхинолондарды, әсіресе, егде жастағы адамдарда бір мезгілде қабылдау пациенттерде сіңірлердің үзілу қаупін арттырады.

Педиатрияда қолдану. Кортикостероидтар кез келген жастағы балаларда өсудің баяулауын тудыруы мүмкін. Кортикостероидтармен ұзақ емдегенде олардың өсуі мен дамуы бақылануы тиіс. Емдеу ең төмен дозамен қысқа мерзімді жүргізілетін болады. Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуін және өсу кідірісін азайту үшін, мүмкіндігінше, емдеуді күн сайын қабылданатын бір реттік дозада жүргізген дұрыс. Кортикостероидтармен ұзақ ем алатын сәбилер мен балалар бассүйекішілік қысымның көтерілу қаупіне ұшырайды. Кортикостероидтардың жоғары дозалары балаларда панкреатит тудыруы мүмкін.

Өкпе ауруларында кортикостероидтық ем алған шала туған нәрестелерде миокардтың транзиторлы гипертрофия жағдайлары тіркелді.

Балалар мұқият медициналық қадағалаумен және мүмкіндігінше қысқалау уақыт кезеңі ішінде емделуі тиіс.

Қосымша заттар. 250 мг доза үшін: препарат құрамында 1,15 ммоль (26,58 мг)/доза натрий бар. 1000 мг доза үшін: препарат құрамында 7,29 ммоль (167,59 мг)/доза натрий бар; тұзсыз диета ұстанып жүрген тұлғаларға тағайындалғанда сақ болу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Метилпреднизолон плацента арқылы өтеді және аздаған мөлшерде ана сүтіне бөлінеді. Барлық дәрілер сияқты, кортикостероидтар тек ана мен сәби үшін артықшылықтары қауіптерінен артық болғанда ғана тағайындалу керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кортикостероидтардың көлік құралын басқару немесе құрылғыда жұмыс орындау қабілетіне әсері зерттелмеген. Препараттың болжамды жағымсыз реакцияларын (бас айналу, көру бұзылуы, шаршау) ескере отырып, олар пайда болғанда автокөлік басқарудан немесе аса қауіпті механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Өмірге қатерлі жай-күйлер кезіндегі қосымша ем:

ұсынылатын доза кемінде 30 минут бойы вена ішіне енгізгенде дене салмағына 30 мг/кг құрайды. Бұл дозасын 48 сағат ішінде әр 4-6 сағат сайын қайталап енгізуге болады.

Өршу және/немесе стандартты ем тиімсіз болған жағдайдағы ПУЛЬС-ТЕРАПИЯ.

Ревматоидты артрит: 1, 2, 3 немесе 4 күн бойы вена ішіне 1 г/тәулік немесе 6 ай бойы вена ішіне 1 г/ай.

Ең төмен тиімді доза: 3 күн бойы вена ішіне 1 г/тәулік.

Жайылған склероз: 3 күн бойы вена ішіне 1 г/тәулік немесе 5 күн бойы вена ішіне 1 г/тәулік.

Ісінулер, мысалы, гломерулонефрит, жүйелі қызыл жегі кезінде: 4 күн бойы вена ішіне күнара дене салмағына 30 мг/кг немесе 3, 5 немесе 7 күн бойы вена ішіне 1 г/тәулік.

Дозаны вена ішіне, кем дегенде, 30 минут бойы енгізу керек, ал егер емдеуден кейін бір апта ішінде симптомдар азаюы байқалмаса немесе пациенттің жай-күйі соны талап етсе, оны енгізуді қайта жүргізуге болады.

Қатерлі жаңа түзілім себебімен химиялық емге байланысты жүрек айну және құсу профилактикасы:

Жеңіл немесе орташа эметогендік әсер туғызатын химиялық ем: Метипред препаратын 250 мг дозада химиялық ем жүргізуден бір сағат бұрын, химиялық емнің басында және химиялық ем аяқталғанда, кем дегенде,  5 минут бойы вена ішіне енгізу. Әсерін күшейту үшін Метипред препаратының алғашқы дозасымен бірге хлорланған фенотиазинді де қолдануға болады.

Айқын эметогендік әсер туғызатын химиялық ем: Метипред препаратын 250 мг дозада метоклопрамидтің немесе бутирофенонның тиісті дозаларымен химиялық ем жүргізуден бір сағат бұрын, кем дегенде, 5 минут бойы вена ішіне, ал артынан – Метипред препаратын 250 мг дозада химиялық емнің басында және аяқталғанда вена ішіне енгізу.

Жұлын-мидың жедел жарақаты. Емдеуді жарақаттанудан кейінгі алғашқы сегіз сағатта бастау қажет.

Егер емдеу жарақаттан кейінгі 3 сағат ішінде жүргізіле бастаса: тұрақты медициналық қадағалаумен метилпреднизолонды дене салмағына 30 мг/кг дозада 15 минут бойы вена ішіне болюсті енгізеді. Болюсті инъекциядан соң 45 минут үзіліс жасап, одан кейін 23 сағат бойы сағатына дене салмағына 5,4 мг/кг дозада препараттың үздіксіз инфузиясын жүргізеді.

Егер емдеу жарақаттан кейінгі 3-8 сағат аралығында жүргізіле бастаса: тұрақты медициналық қадағалаумен метилпреднизолонды дене салмағына 30 мг/кг дозада
15 минут бойы вена ішіне болюсті енгізеді. Болюсті инъекциядан соң 45 минут үзіліс жасап, одан кейін 47 сағат бойы сағатына дене салмағына 5,4 мг/кг дозада препараттың үздіксіз инфузиясын жүргізеді.

Инфузиялық помпа үшін, болюсті инъекцияға қарағанда, вена ішіне енгізу үшін басқа орын таңдаған дұрыс.

ЖИТС бар пациенттердегі пневмоцистік пневмония: Ұсынылатын доза әр 6-12 сағат сайын 40 мг Метипред құрап, дозаны 21 күннен асырмай немесе пневмонияны емдеуді тоқтатуға дейін біртіндеп төмендетеді.

Пневмонияны емдеу басталған соң 72 сағат ішінде емдеуді бастау қажет.

Басқа көрсетілімдерде:

Бастапқы доза пациенттің клиникалық жай-күйіне және аурудың түріне қарай 10-нан 500 мг дейін құрайды. Ауқымды дозалары кейбір ауыр жедел жай-күйлерді қысқа мерзімді емдеу жағдайында қажет болуы мүмкін. 250 мг дейінгі бастапқы дозасын қоса алғанда вена ішіне, кем дегенде,  5 минут бойы енгізу керек, ал 250 мг мөлшерінен асатын дозаларын, кем дегенде,
30 минут бойы енгізу керек. Келесі дозаларын пациенттің жауабы мен оның клиникалық жағдайына  байланысты аралықтармен вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болады. Кортикостероидтармен ем қосымша ем ретінде қолданылады және дәстүрлі емді алмастыра алмайды.

Балалар

Жаңа туған сәбилер мен балаларда дозаны төмендетуге болады, бірақ дозасын кез келген төмендетуді пациенттің жасы мен салмағын емес, аурудың ауырлығы мен емдеуге берілген жауапты ескере отырып, жүргізу керек. Доза 0,5 мг/кг/тәуліктен аз болмауы тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Метипред ерітіндісін венаішілік немесе бұлшықетішілік инъекция арқылы немесе венаішілік инфузия арқылы енгізуге болады. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларда емдеуді венаішілік инъекциядан бастаған дұрыс.

Дайындау тәсілі

Ерітінді дайындау

Венаішілік (немесе бұлшықетішілік) инъекция түрінде енгізу үшін алдымен қалпына келтірілген ерітіндіні ішінде ұнтағы бар құтыға шприцпен инъекцияға арналған су қосу арқылы дайындап алады. Алынған ерітіндіде жүзінді бөлшектерінің және түс өзгерісінің бар-жоғын қарап тексереді.

Инъекцияға  арналған ерітіндіні дайындау (қалпына келтіру)

1 кесте

Артық дозалану

Кортикостероидтар қолдану кезінде ауыр артық дозаланудың клиникалық синдромдары анықталмады. Кортикостероидтармен артық дозаланудан кейінгі жедел уыттану және/немесе өліммен аяқталу жағдайлары сирек. Артық дозалану жағдайында спецификалық антидот жоқ, демеуші және  симптоматикалық емдеуді бастау керек. Метилпреднизолон диализбен шығарылады.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

«Тоқтату синдромының» даму қаупіне орай, метилпреднизолон қолдануды күрт тоқтатуға болмайды, препаратты тоқтатуды белгілі бір уақыт кезеңі ішінде біртіндеп жүзеге асыру қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

This document was truncated here because it was created in the Evaluation Mode.

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМетипред бөтелке 250 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube