Қолдану көрсеткіштері
артериялық гипотензия
шок жағдайында (оның ішінде жарақаттық, уыттылық)
тамырлық жеткіліксіздікте (оның ішінде вазодилататорлардың артық дозалануы аясында)
жергілікті анестезия жүргізуде вазоконстриктор ретінде
артериялық гипотензия
шок жағдайында (оның ішінде жарақаттық, уыттылық)
тамырлық жеткіліксіздікте (оның ішінде вазодилататорлардың артық дозалануы аясында)
жергілікті анестезия жүргізуде вазоконстриктор ретінде
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
моноаминоксидаза тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде немесе олар жойылғаннан кейін 14 күн ішінде қолдану
кез-келген ауырлық дәрежесіндегі артериялық гипертензия, кардиосклероз, гипертрофиялық кардиомиопатия, қарыншалық фибрилляция, жедел миокард инфарктісі
шеткері қан айналымының айқын бұзылыстары, соның ішінде қан тамырларының окклюзиялық аурулары (ишемиялық гангрена немесе тамыр тромбозы қаупіне байланысты): артериялық тромбоэмболия, атеросклероз, облитерациялайтын тромбангиит (Бюргер ауруы), Рейно ауруы, үсіген жағдайда тамырлардың спазмға бейімділігі, диабеттік эндартериит
тиреотоксикоз, феохромоцитома
жабықбұрышты глаукома
галотанды немесе циклопропанды наркоз
порфирия
глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігі
несеп іркілуіне қаупі жоғары қуық асты безінің ауруы
егде жас
жүктілік және бала емізу
18 жасқа дейінгі балалар
Мезатонның тамыр тарылтатын әсері аминазинмен және басқа фенотиазин туындыларымен бірлескен әсер ету арқылы әлсірейді.
Фуразолидонмен бірге қолданған кезде Мезатон норадреналиннің тез бөлінуіне байланысты гипертониялық криз тудыруы мүмкін.
Мезатон диуретиктер мен гипотензивті дәрілік заттардың гипотензивті әсерін азайтады.
Симпатомиметиктердің прессорлық әсерін арттыратын МАО тежегіштері бас ауыруы, аритмия, құсу, гипертониялық криздің пайда болуын тудыруы мүмкін, сондықтан пациенттер МАО тежегіштерін алдыңғы 2-3 аптада қабылдаған кезде симпатомиметиктердің дозаларын азайту керек.
Окситоцин, қастауыш алкалоидтарының туындылары (эргометрин, эрготамин, метилергометрин), трициклді антидепрессанттар, метилфенидат, α1-адреномиметиктер Мезатонның вазопрессорлық әсері мен аритмогенділігін арттыруы мүмкін.
Доксапрам, бромокриптин, каберголин, линезолид сонымен қатар вазоконстрикция және/немесе гипертониялық криз қаупін арттырады. Жүрек гликозидтерімен немесе хинидинмен бірге қолдану аритмияның даму қаупін арттырады.
β-адреноблокаторлар дәрілік заттың кардиостимуляциялайтын белсенділігін азайтады.
Дәрілік затты оның алдында резерпин қабылдау аясында қолдану адренергиялық ұштарда катехоламиндер қорының сарқылуы және адреномиметиктерге сезімталдық жоғарылауы салдарынан гипертониялық криз дамуын туындатуы мүмкін.
Ингаляциялық анестетиктер (оның ішінде хлороформ, энфлуран, галотан, изофлуран, метоксифлуран) миокардтың симпатомиметиктерге сезімталдығын күрт арттыратындықтан жүрекшелік және қарыншалық ауыр аритмия туындау қаупін ұлғайтады.
Нитраттардың антиангиналдық әсерін төмендетеді, ол өз кезегінде Мезатонның прессорлық әсерін және артериялық гипотензия туындау қаупін (бір мезгілде қолдану қажетті емдік әсерге қол жеткізуіне қарай рұқсат етіледі) төмендетуі мүмкін.
Тиреоидтық гормондар препараттың тиімділігін (өзара) және соған байланысты болатын коронарлық жеткіліксіздіктің (әсіресе коронарлық атеросклерозда) туындау қаупін ұлғайтады.
Мезатонды босануды стимуляциялайтын дәрілер (вазопрессин, эрготамин, эргометрин, метилэргометрин) қолдану аясында артериялық гипотензияны түзету үшін босану уақытында қолдану босанудан кейінгі кезеңде артериялық қысымның тұрақты жоғарылауын тудыру мүмкін.
Препаратты басқа дәрілік заттармен бір ыдыста араластыруға болмайды.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Адамдар мен жануарларда дәрілік заттың жүкті әйелдерге әсері туралы барабар және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүктіліктің соңында немесе босану кезінде фенилэфринді тағайындау шарананың гипоксиясына және брадикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Осыған сүйене отырып, егер ананың болжамды пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кетсе, аса қажетті жағдайларды қоспағанда дәрілік затты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың емшек сүтіне түсу қабілеті туралы ақпарат жоқ. Лактация кезеңінде дәрілік затты қолдану қажет болған жағдайда емшек сүтімен емізу тоқтатылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде көлік құралын басқаруға немесе қозғалыс және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті әрекеттермен айналысуға болмайды.
Дозалау режимі
Коллапс кезінде вена ішіне енгізуде препараттың бір реттік дозасы – 0,1-0,3-0,5 мл 1 % ерітіндісі. Вена ішіне енгізуде препараттың бір реттік дозасын 20 мл 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, баяу сорғалатып енгізеді. Қажет болғанда енгізуді қайталайды.
Препаратты вена ішіне тамшылатып енгізуге рұқсат етіледі, ол үшін 1 мл 1 % Мезатон ерітіндісін 250-500 мл 5 % глюкоза ерітіндісінде ерітеді.
Бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге ересектерге арналған бір реттік доза 0,3-1 мл 1 % ерітіндіні құрайды.
Жергілікті анестезияда 0,3-0,5 мл 1 % ерітіндіден анестетиктің 10 мл ерітіндісіне қосады.
Препараттың ұзақ уақыттық инфузиясынан кейін «тоқтату синдромын» болдырмау үшін (препаратты тоқтатқанда артериялық қысымның қайта төмендеуі) дозаны біртіндеп азайту керек.
Егер систолалық артериялық қысым 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендесе инфузияны қалпына келтіреді.
Бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге ересектерге арналған жоғары доза: бір реттік – 10 мг, тәуліктік – 50 мг. Вена ішіне енгізуге ересектерге арналған жоғары доза: бір реттік – 5 мг, тәуліктік – 25 мг.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты ересектерге вена ішіне, бұлшықет ішіне және тері астына қолданады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: артық дозалануға бас ауыруы, жүрек айну, құсу, қан қысымының жоғарылауы және рефлекторлы брадикардия, қарыншалық экстрасистолия және пароксизмальді қарыншалық тахикардияның қысқа эпизодтары, параноидтық психоз, елестеулер, сананың шатасуы сияқты жүрек жүрек ырғағының бұзылуы жатады.
Емдеу: қысқа әсер ететін α-адреноблокаторларды (фентоламин) вена ішіне енгізу. Жүрек ырғағы бұзылғанда β-адреноблокаторлар (пропранолол) енгізіледі.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
1 мл препараттан ампулаға құйылады.
10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және скарификатормен немесе кесетін керамикалық дискімен бірге картон қорапшаға салынады.
10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты немесе поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады. 1 пішінді ұяшықты қаптамаға 10 ампуладан, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және скарификатормен немесе кесетін керамикалық дискімен бірге картон қорапшаға салынады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты немесе поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады. 2 пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және скарификатормен немесе кесетін керамикалық дискімен бірге картон қорапшаға салынады.
Ампулада сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі болған жағдайда қорапшаға скарификатор немесе кесетін керамикалық диск салынбайды.
25 ºС-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.