daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

warning
Временно не принимаем чаты на Whatsapp

Актобе қаласындағы МИГ Балалар Суспензиясы 100 Мг / 5 Мл 100 Мл | Берлин Хеми

Актобе қаласындағы МИГ Балалар Суспензиясы 100 Мг / 5 Мл 100 Мл | Берлин Хеми

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ немесе ақ дерлік түсті, құрамында бөгде бөлшектері жоқ, өзіне тән құлпынай иісі бар тұтқыр суспензия.

Международное наименование:

Ибупрофен

Производитель:

Берлин Хеми

Страна производитель:

Федеративная Республика Германия

Действующее вещество:

қосымша заттар: натрий бензоаты, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты, натрий сахарині, натрий хлориді, гипромеллоза 15 сПз (алмастыру дәрежесі 2910), ксантан шайыры, мальтитті шәрбат, глицерин (Е 422), құлпынай хош иістендіргіші1, тазартылған су.

Дозировка активного вещества:

100 мг/5 мл

Количество в упаковке:

1 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Дене салмағы 5 кг-ден (3 айлық) 30 кг-ға (9 жас) дейінгі балаларда дене температурасын төмендету (симптоматикалық емдеу) және келесі патологиялық жағдайларда орын алатын ауырсынуды (жеңілден орташа айқындылық дәрежесіне дейінгі ауырсыну синдромы) жеңілдету мақсатында қолдануға арналған:

- жедел респираторлық ауру (суық тию және тұмау);

- инфекциялық, сондай-ақ қызбамен бірге жүретін қабыну аурулары, соның ішінде постиммунизациялық пирексия;

- тіс ауыруы, бас ауыруы;

- тамақ ауыруы, тіс жаруы кезіндегі ауыру;

- созылу кезіндегі ауырсыну және ауырсынудың басқа түрлері.

Противопоказания

- әсер етуші затқа немесе құрамы бөлімінде көрсетілген кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- бұрын ибупрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) реакциялар ретінде болған аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх түйілуі, демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем);

- шығу тегі белгісіз қан түзілудің бұзылуы;

- қазір уақытта немесе бұрын қайталанатын пептиттік жараның /қан кетудің болуы (расталған ойықжара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизоды)

-анамнезінде асқазан-ішектен қан кету немесе бұрын тағайындалған ҚҚСП еміне байланысты тесілу болған кезде

- қазіргі кезде бар миға қан кету немесе басқа қан кетулер;

- ауыр дәрежедегі бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі;

- ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класы);

- қатты сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау нәтижесінде);

- жүктіліктің соңғы үш айы;

- 3 айға дейінгі балалар жасы;

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, галактоза мен глюкоза мальабсорбциясы.

Специальные указания

Эксперименттік деректер ибупрофенді аз дозада қабылданатын ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда тромбоциттер агрегациясына қатысты соңғысының әсерін басуы мүмкін екенін көрсетті. Алайда, осы деректердің шектеулілігі мен олардың экстраполяциясына қатысты белгісіздік – ex vivo арқылы алынған деректер клиникалық жағдайға ибупрофенді үнемі қолдануға қатысты сенімді қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, ал оны эпизодтық қолданған кезде клиникалық маңызды әсер мүмкін болмайды.

Басқа ҚҚСП, соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштері

Бірнеше әртүрлі ҚҚСП бірге қабылданған кезде олардың синергизм әсеріне байланысты асқазан – ішек жолында жаралар мен қан кету қаупі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан ибупрофенді және басқа ҚҚСП бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Ибупрофенді келесі дәрілік заттармен бірге сақтықпен қолдану керек:

Дигоксин, фенитоин, литий препараттары

Балаларға арналған МИГ® препаратын дигоксинмен, фенитоинмен немесе литиймен бірге қолданған кезде қан сарысуындағы осы заттардың концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Олар дұрыс қолданылған болса, қан сарысуындағы литий, дигоксин және фенитоин деңгейін бақылау әдетте қажет болмайды (3 күннен асырмай).

Диуретиктер, АӨФ тежегіштері, бета-адреноблокаторлар және ангиотензин II рецепторларының антагонистері

ҚҚСП осы дәрілік заттардың әсерін әлсіретуі мүмкін. Диуретиктер ҚҚСП нефроуыттылығының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, дегидратациясы бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегіштерін, бета-адреноблокаторларды, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін және циклооксигеназаны басатын заттарды бірлесіп қолданғанда бүйрек функциясының одан әрі нашарлауы, соның ішінде әдетте, қайтымды болатын ықтимал жедел бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін. Сондықтан, осы препараттарды бір – бірімен біріктіргенде әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек, ал бүйрек функциясын бірлескен емдеу басталғаннан кейін де, мезгіл-мезгілімен де және одан әрі де бақылау керек.

Балаларға арналған МИГ® препаратын және калий жинақтаушы диуретиктерді бір мезгілде қабылдағанда гиперкалиемия дамуы мүмкін.

Кортикостероидтар

Асқазан-ішек жолында жара немесе қан кету қаупі артады.

Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ)

Асқазан-ішектен қан кету қаупі артады.

Метотрексат

Балаларға арналған МИГ® препаратын организмге метотрексат енгізгенге дейін немесе енгізгеннен кейін 24 сағат ішінде тағайындаған кезде плазмадағы метотрексат концентрациясының жоғарылауы және оның уытты әсерінің күшеюі орын алуы мүмкін.

Циклоспорин

Нефроуыттылықтың пайда болу қаупі артады. Кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қабылдағанда циклоспориннің нефроуыттық әсері күшейеді. Бұл әсерді циклоспоринді ибупрофенмен біріктірген кезде де жоққа шығаруға болмайды.

Антикоагулянттар

ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың диабетке қарсы препараттармен (сульфонилмочевина препараттары) өзара әрекеттесуі ықтимал. Ибупрофеннің сульфонилмочевина туындыларымен өзара әрекеттесуі әлі сипатталмағанына қарамастан, осы дәрілік заттарды сақтандыру шарасы ретінде қабылдау кезінде қандағы глюкоза көрсеткіштерін бақылау ұсынылады.

Такролимус

ҚҚСП-ды такролимуспен бір мезгілде қолданғанда нефроуыттылық қаупі арттуы мүмкін.

Зидовудин:

Зидовудинмен бірге ҚҚСП қолданған кезде қан жүйесіне қатысты уыттылық қаупі артады. Гемофилиядан зардап шегетін және ибупрофенмен біріктірілімде зидовудин қабылдайтын АИТВ-оң пациенттерде гемартроз бен гематоманың даму қаупі артады деген деректер бар.

Пробенецид және сульфинпиразон

Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофеннің организмнен шығарылуын кідіртуі мүмкін.

Хинолон қатарындағы антибиотиктер

ҚҚСП және хинолон қабылдаған пациенттерде құрысудың пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін.

CYP2C9 тежегіштері:

Ибупрофенді CYP2C9 тежегіштерімен бірге қолданғанда ибупрофеннің (CYP2C9 субстраты) әсері күшеюі мүмкін. Егер ибупрофен күшті CYP2C9 тежегіштерімен бір мезгілде қолданылса – әсіресе жоғары дозалы ибупрофен вориконазолмен және флуконазолмен бір мезгілде қолданылса – ибупрофен дозасын төмендетуді қарастырған жөн.

Мифепристон

ҚҚСП әсерімен мифепристон әсері әлсіреуі мүмкін болғандықтан, мифепристонмен емдегеннен кейін 8-12 күн ішінде ҚҚСП қолдануға болмайды.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ең аз тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажет болатын ең қысқа кезең ішінде қолданылуы тиіс (Қолдану кезінде қажет болатын сақтандыру шараларын қараңыз).

Тек қысқа мерзімді қолдануға арналған.

Препараттың ұсынылатын тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын тең дозаларға бөлінген, дене салмағына 20-30 мг / кг құрайды. Қабылдаулар арасындағы ең аз аралық 4 сағатты құрауы тиіс, тағайындалған және ұсынылған тәуліктік дозадан асырмаңыз.

Дозалау үшін өлшеуіш шприцті қолданыңыз.

Форма выпуска

100 мл тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған алғашқы ашылуы бақыланатын қақпағы бар, тығыздығы төмен полиэтилен төсеуішпен жабдықталған, қоңыр түсті полиэтилентерефталаттан жасалған құтыда.

1 құтыдан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған поршеньді 5 мл градуирленген полипропилен цилиндрлік шприцпен бірге және медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 25 С-ден аспайтын температурада 6 ай.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Объем

100 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаМИГ балалар суспензиясы 100 мг / 5 мл 100 мл онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube