Қолдану көрсеткіштері
Моксикум 18 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал бактериялардан туындаған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданады.
Моксифлоксацинді тек, егер, әдетте, аталған инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану талапқа сай келмейді деп саналған, немесе егер олардың әсеріне қол жеткізілмеген жағдайларда қолдану керек.
- жедел бактериялық синуситте
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі, соның ішінде бронхитте.
Моксифлоксацинді келесі көрсетілімдер бойынша, егер осы инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды қолдану тиімсіз деп саналса немесе олардың әсеріне қол жеткізілмеген жағдайларда қолдану керек:
- ауруханадан тыс пневмонияда, ауыр жағдайларынан басқасында
- кіші жамбас ағзаларының ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа (яғни, сальпингит пен эндометритті қоса, әйелдердің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекцияларында), тубоовариальді немесе жамбастың абсцесімен астаспаған қабыну ауруларында.
Моксикум препараты кіші жамбас ағзаларының ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа қабыну ауруларының монотерапиясы үшін ұсынылмайды, ол моксифлоксацин-резистентті Neisseria gonorrhoeae микроорганизмдері бар инфекция жоққа шығарылуы мүмкін жағдайлардан басқасында, Neisseria gonorrhoeae моксифлоксацинге резистенттілігінің жоғарылығына байланысты, бактерияға қарсы басқа дәрімен (мысалы, цефалоспоринмен) бірге қолданылуы тиіс.
Сондай-ақ, препаратты келесі көрсетілімдер жағдайында венаішілік моксифлоксацинмен бастапқы емдеу кезінде жақсару байқалған пациенттердегі емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға болады:
- ауруханадан тыс пневмонияда
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.
Моксикум, үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалары тері мен теріасты құрылымдарының кез келген инфекцияларының старттық емі үшін немесе ауруханадан тыс пневмониялардың ауыр ағымды жағдайларында ұсынылмайды.
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.