daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Момат А Мұрынға Арналған Спрей 50 Мкг+140 Мкг/доза 75 Доза | Glenmark Pharmaceuticals Ltd.

Актобе қаласындағы Момат А Мұрынға Арналған Спрей 50 Мкг+140 Мкг/доза 75 Доза | Glenmark Pharmaceuticals Ltd.
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік суспензия.

Өндіруші:

Glenmark Pharmaceuticals Ltd.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: авицел RC-591 (микрокристалды целлюлоза, натрий кармеллозасы), натрий кармеллозасы, сусыз глюкоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, полисорбат 80 (жақсы тазартылған твин 80), бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, неотам, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

0,05 мг+0,14 мг/доза

Дәрілік түрі:

Дозаланған мұрын спрейі, 50 мкг + 140 мкг/доза, 75 доза және 150 доза

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат симптомдарды жеңілдетуге арналған:

- маусымдық аллергиялық ринитте

- жыл бойғы аллергиялық ринитте

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- мұрын қуысына жақында жасалған хирургиялық операция немесе мұрын жарақаты (кортикостероидтар жараның жазылуын баяулатады, сондықтан жара толық жазылғанша мұрын ішіне арналған кортикостероидарды тағайындамау керек)

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Кез келген ұзақ емдеу кезіндегідей, Момат А мұрын спрейін бірнеше ай бойы немесе одан ұзақ пайдаланатын пациенттер мұрынның шырышты қабығының ықтимал өзгерістерін анықтау үшін мезгіл-мезгіл медициналық тексеруден өтіп тұруға тиіс.

Азеластин гидрохлориді

Кейбір жағдайларда мұрын спрейін пайдалану ауырлығы әртүрлі дәрежедегі шаршауды және әлсіздікті туғызады, ол негізгі аурудан да туындауы мүмкін. Алкогольді тұтыну бұл құбылыстарды күшейтуі мүмкін.

Мометазон фуроаты

Момат А препаратын бірнеше ай немесе одан ұзағырақ қолданып жүрген пациенттер мұрынның шырышты қабығында ықтимал өзгерістерді анықтау үшін мезгіл-мезгіл тексеруден өтуге тиіс. Мұрында немесе жұтқыншақта жергілікті зеңдік инфекциялар дамыған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату немесе тиісті ем жүргізу қажет болуы мүмкін. Мұрынның және жұтқыншақтың шырышты қабықтарының ұзақ уақыт бойы сақталатын тітіркенуі де Момат А препаратымен емдеуді тоқтатуға көрсетілім болуы мүмкін.

Мұрынға арналған кортикостероидтармен ұзақ ем қабылдайтын балалар өсудің кідіру қаупіне ұшырайды. Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда, ол туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда көру бұзылғаны туралы хабарланған. Егер пациентте анық көрмеу сияқты симптомдар немесе көрудің басқа да бұзылулары байқалса, катарактаны, глаукоманы немесе орталықтық сероздық хориоретинопатия сияқты сирек ауруды қамтуы мүмкін ықтимал себептерін бағалау үшін, оны офтальмологқа жолдау керек.

Жүйелі әсер ететін кортикостероидтармен ұзақ емдеуден кейін Момат А мұрын спрейімен емдеуге көшетін пациенттерге мұқият дәрігерлік бақылау қажет.

Мұндай пациенттерде жүйелі әсер ететін кортикостероидтарды тоқтату бірнеше ай бойы бүйрекүсті бездері қыртысы функциясының жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, бұл жүйелі кортикостероидтармен емдеуді жаңғыртуды және басқа да тиісті ем қолдануды қажет етуі мүмкін.

Мұрынға арналған кортикостероидтардың жүйелі әсері, әдетте, ұзақ кезең бойы жоғары дозаларды тағайындаған кезде көрініс береді. Осындай әсері, пероральді кортикостероидтарды қолданған кездегіге қарағанда, азырақ білінеді және әртүрлі пациенттерде әртүрлі дәрілік препараттарды қолданған кезде өзгереді. Кортикостероидтардың жүйелі әсері Кушинг синдромы, кушингоидтық симптомдар, бүйрекүсті бездері функциясының басылуы, балалар мен жасөспірімдерде бой өсудің кідіруі, катаракта, глаукома түрінде және сирек, психомоторлы аса жоғары белсенділікті, ұйқының бұзылуын, мазасыздықты, депрессияны немесе агрессияны (әсіресе балаларда) қоса, психологиялық немесе мінез-құлықтың өзгерулері түрінде көрініс береді.

Жүйелі әсер ететін кортикостероидтармен емдеуден Момат А препаратымен емдеуге көшу кезінде кейбір пациенттерде мұрын симптомдарының жеңілдеуімен қатар, кортикостероидтарды тоқтату симптомдары туындауы мүмкін (мысалы, буынның және/немесе бұлшықеттің ауыруы, шаршау сезімі және депрессия). Емді ауыстыру бұрын дамыған және жүйелі әсер ететін кортикостероидтар емімен бүркемеленетін аллергиялық ауруларды (аллергиялық конъюнктивит, экзема және т.б.) айқындауы да ықтимал.

Кортикостероидтармен ем алып жүрген пациенттерде әлеуетті түрде төмен иммундық реактивтілік болуы мүмкін және белгілі бір инфекциялық аурулармен инфекцияланған (мысалы, желшешек, қызылша) тұлғалармен қарым-қатынаста болған жағдайда жұқтырудың жоғары қаупі туралы, сондай-ақ егер мұндай қарым-қатынас орын алған болса, медициналық кеңестің қажеттілігі туралы оларға ескертілуге тиіс. Ауыр бактериялық инфекциялардың белгілері (мысалы, қызба, беттің бір жағының ұдайы әрі қатты ауыруы немесе тіс ауыруы, орбитальді немесе периорбитальді аймақтың ісінуі) пайда болуы шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Мометазон фуроатын 12 ай бойы қабылдаған пациенттерде мұрынның шырышты қабығы атрофиясының белгілері байқалған жоқ.

Момат А мұрын спрейінің құрамында бензалконий хлориді бар, ол шырышты қабықтың тітіркенуін және бронх түйілуін туғызуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Мометазон фуроаты және азеластин гидрохлоридінің бекітілген біріктірілген дозасымен мұрын спрейінің дәрілік өзара әрекеттесуіне нақты зерттеулер жүргізілмеген. Деректер бекітілген дозалар біріктірілімінің жеке компоненттері үшін қолда бар ақпаратқа сәйкес келеді. Мометазон және азеластин әртүрлі рецепторлармен метаболизденеді, сондықтан бекітілген дозалардың осы біріктірілімін пайдаланған кезде дәрілік заттардың арасында өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Азеластин гидрохлориді

Азеластинді мұрын ішіне қолдану кезінде дәрілік заттар арасында клиникалық маңызы бар өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.

Мометазон фуроаты

Мометазон фуроатын лоратадинмен бір мезгілде қолданған кезде лоратадин немесе оның негізгі метаболиті плазмалық концентрациясының өзгерістері байқалмаған. Мометазон фуроаты төменгі сезімталдық шегі 50 пг/мл асатын сезімтал әдісті пайдаланумен қан плазмасында анықталмаған. Бұл препараттармен біріктірілген емді пациенттер жақсы көтерген.

Құрамында кобицистат бар препараттарды қоса, CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, ритонавир) бірге қолдану кортикостероидтар экспозициясының артуына және, демек, кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлері қаупінің әлеуетті артуына әкелуі мүмкін. Препараттарды бір мезгілде қолданудың артықшылықтары және кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің дамуының әлеуетті қаупі туралы мәселені қарастыру керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Пайдаланар алдында құтыны жоғары және төмен еңкейтіп, 5 секунд бойы абайлап сілку, содан соң қорғаныш қалпақшасын алу керек. Момат А мұрын спрейін алғаш пайдаланар алдында сорғыны 6 рет басып және жіберіп, спрейді дайындаған жөн. Егер Момат А мұрын спрейі 7 күннен астам уақыт бойы пайдаланылмаса, сорғыны басып және жіберіп, оны екі рет немесе аздап бүркілгенге дейін қайталау қажет.

Әрбір пайдаланар алдында спрейдің құтысын жақсылап сілку, мұқият сіңбіріп алу, содан соң, басты алға сәл еңкейтіп, мұрын арқылы баяу тыныс алып, спрейді танау ішіне бүрку қажет. Ауыз арқылы дем алады.

Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер:

Әрбір танауға 1 бүркуден күніне 2 рет.

Егер 14 күн емдеуден кейін жақсару болмаса, симптомдары нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, пациент дәрігерге көрінуге тиіс. Момат А дәрігердің кеңесінсіз 3 айдан астам уақыт бойы пайдалануға болмайды. Емдеудің қайталау курсын тағайындау және емдеу ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігер әрі қарай әр пациентке жекелей қабылдайды.

Момат А, мұрын спрейі, жасөспірімдер мен 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды, өйткені аталған жас тобында қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Енгізу әдісі және жолы

Мұрын ішіне қолдануға арналған.

Шығарылу түрі

75 доза немесе 150 доза препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, мұрын спрейіне арналған сорғымен тығындалған, дозалағыш құрылғымен және мұрынға арналған ақ түсті пластик адаптермен жабдықталған мөлдір пластиктен жасалған қорғаныш қалпақшасы бар ақ түсті мөлдір емес құтыға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладымомат а мұрынға арналған спрей 50 мкг+140 мкг/доза 75 доза дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube