daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Нафазолин - К Мұрын Тамшылары 0,1% 20 Мл | Фармация 2010

Актобе қаласындағы Нафазолин - К Мұрын Тамшылары 0,1% 20 Мл | Фармация 2010

Халықаралық атауы:

Нафазолин

Өндіруші:

Фармация 2010

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымшазаттар- бор қышқылы, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,1%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жедел ринит

- риноскопия

- мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы

- ортаңғы құлақтың қабынуы

Қарсы көрсеткіштер

- 3 жасқа дейінгі балалар (0.05% ерітінді үшін)

- 15 жасқа дейінгі балалар (0.1% ерітінді үшін)

- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз

- күрделі көз аурулары

- гипертиреоидизм

- қант диабеті

- созылмалы ринит

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- МАО тежегіштерін (антидепрессанттар) бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең

- жабық бұрышты глаукома

Сақтық шаралары

Резорбциялық әсер көрсетуі мүмкін.

Жүрек-қантамыржүйелерініңауырауруларында (артериялықгипертензия, жүректіңишемиялықауруы), қантдиабетінде, гипертиреозда, феохромоцитомада, МАО тежегіштеріннемесегипертензиялықәсеркөрсетуімүмкінбасқапрепараттардықатарқолданғандапрепаратты аса сақтықпенқолданукерек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерімен, трициклдік антидепрессанттармен, мапротилинмен бір мезгілде немесе оларды қолдану аяқталғаннан кейін 10 күн бойы қолдануға болмайды, себебі артериялық қысымның жоғарылауын туындатуы мүмкін. Жергілікті жансыздандыратын ДЗ сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады).

Арнайы ескертулер

Ұзақ уақыт қолданған кезде тамыр тарылтатын әсерінің айқындылығы біртіндеп төмендейді. Ұзақ уақыт қолданған кезде мұрынның шырышты қабығының кейіннен атрофия дамуымен салдарынан төзімділік, ісіну туындауы мүмкін.

Миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) сезімталдығын арттыратын анестетиктерді қолдану арқылы жалпы анестезияда, сондай-ақ бронх демікпесінде сақтыққа жет.

Препараттың жоғары дозаларын қолданған кезде жүрек соғуы, артериялық гипертензия, аритмия, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық сияқты жүрек-қантамыр және жүйке жүйелері тарапынан жағымсыз әсерлер даму мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

3 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ.

3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 0.05 % дозада қолдануға болады.

15 жастан асқан балаларға 0.1 % дозада қолдануға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша жүктілік және лактация кезеңінде анасы үшін күтілетін емдік әсері шарана немесе балаға қатысты жағымсыз әсерлердің ықтималды қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 0.1% және 0.05 % күніне 3-4 рет 1-3 тамшыдан.

Балаларға 0.05 % 3 жастан 6 жасқа дейін 1 – 2 тамшыдан, 6-дан 15 жасқа дейін күніне 1-3 рет 2 тамшыдан.

Беткейлік анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде – 1 мл жергілікті анестетикке 2-4 тамшыдан.

Диагностикалық мақсатта. Мұрын қуысын тазалағаннан кейін әр мұрын жолына 0.05 %-0.1 % ерітіндіні 3-4 тамшыдан тамызадынемесе 0.05 %-0.1 % ерітіндімен суланған тампонды 1-2 минутқа енгізу керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Мұрынға тамызатын дәрі

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 5-6 күн.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозалану жағдайлары немесе препаратты кездейсоқ жұтып қою препараттың жүйелі әсер етуі симптомдарымен көрініс беруі мүмкін: күйгелектік, қатты терлеу, бас ауыруы, тремор, жүректің соғуын сезіну, тахикардия, гипертензия. Терінің бозаруы, цианоз, қызба, жүрек айнуы, түйілулер, жүрек ұстамасы, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар туындауы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсері мынадай симптомдармен көрініс береді: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, қатты терлеу, ұйқышылдық, шок жай-күйі, апноэ, кома.

Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.

Емі симптоматикалық.

Артық дозалану қаупі балаларда артады, олар ересектерге қарағанда жағымсыз әсерге едәуір сезімтал.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Дәрігердің кеңесінсіз препаратты ұзақ қолдану ұсынылмайды.

Шығарылу түрі

10 мл және 20 мл-ден тамшылатқыш қақпағы, алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыда.

Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазба қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Құтылар қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге орама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрленген картон жәшіктерге қапталады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30˚ С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

20 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНафазолин - к мұрын тамшылары 0,1% 20 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube