Қолдану көрсеткіштері
изотониялық жасушадан тыс дегидратацияда;
гипонатриемияда;
парентеральді енгізілетін дәрілік заттарды сұйылтуда және ерітуде (базалық ерітінді ретінде).
изотониялық жасушадан тыс дегидратацияда;
гипонатриемияда;
парентеральді енгізілетін дәрілік заттарды сұйылтуда және ерітуде (базалық ерітінді ретінде).
- гипернатриемияда, гиперхлоремияда, гипокалиемияда, ацидозда
- жасушадан тыс гипергидратацияда, жасушаішілік дегидратацияда
- ми мен өкпенің ісіну қаупі бар айналымдық бұзылуларда
- мидың ісінуінде, өкпе ісінуінде
- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінде
- кортикостероидтардың үлкен дозаларымен қатар жүргізілетін емде
Еритін дәрілік затпен байланысты қарсы көрсетілімді ескеру қажет.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Сұйықтық теңгерімі/бүйрек функциясы
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде пайдалану
Аса сақтықпен ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар пациенттерге 0.9% натрий хлоридін тағайындау керек. Мұндай пациенттерде 0.9% натрий хлоридін енгізу натрийдің іркілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Сұйықтықпен және/немесе еріген заттармен артық жүктеме, электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупі
Инфузия көлемі мен жылдамдығына байланысты 0.9% натрий хлоридін вена ішіне енгізу мыналарды туындатуы мүмкін:
- гипергидратацияға/гиперволемияға алып келетін сұйықтықпен және/немесе еріген заттармен артық жүктеме (мысалы, орталық және шеткері ісінулерді қоса алғанда, іркіліс құбылыстарының жай-күйі
- клиникалық маңызды электролиттік бұзылулар және қышқыл-негіз теңгерімсіздігі.
Жалпы алғанда, сұйылту жағдайларының қаупі (натрийге қатысты судың іркілуі) 0.9% натрий хлориді мен оның қоспаларының электролит концентрациясына кері пропорционал. Керісінше, жинақталу күйін тудыратын ерітіндінің шамадан тыс жүктелу қаупі (еріген заттың суға қатысты іркілуі) натрий хлоридінің 0.9% электролит концентрациясына тура пропорционал.
Кез келген венаішілік инфузияның басында ерекше клиникалық бақылау талап етіледі. Ұзақ парентеральді ем кезінде немесе пациенттің жай-күйі немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды талап еткен кезде сұйықтық теңгерімінің, электролит концентрациясының және қышқыл-негіз теңгерімінің өзгеруін бақылау үшін клиникалық бағалау және кезеңдік зертханалық анықтамалар қажет болуы мүмкін.
Ауқымды инфузияны арнайы бақылаумен жүрек немесе өкпе жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ гипонатриемия қаупіне байланысты вазопрессин босап шығатын пациенттерде пайдалану керек.
Гипонатриемия
Вазопрессиннің осмостық емес босап шығуы бар пациенттер (мысалы, жедел аурулар, ауыру синдромы, операциядан кейінгі жай-күй, инфекциялық аурулар, күйік және орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде), жүрек, бауыр және бүйрек аурулары бар пациенттер, сондай-ақ вазопрессин агонистерінің әсеріне ұшыраған пациенттер гипотониялық сұйықтық инфузиясы кезінде жедел гипонатриемияның ерекше қаупіне ұшырайды.
Жедел гипонатриемия жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға (мидың ісінуі) әкелуі мүмкін, ол бас ауырумен, жүрек айнумен, құрысулармен және құсумен сипатталады. Мидың ісінуі бар пациенттер мидың ауыр, қайтымсыз және өмірге қауіпті зақымдануының ерекше қаупіне ұшырайды.
Балалар, фертильді жастағы әйелдер және менингит, бассүйекішілік қан кету, ми контузиясы бар пациенттер жедел гипонатриемиядан туындаған ауыр және өмірге қауіпті ми ісінуінің ерекше қаупіне ие.
Натрийдің іркілуі, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі және ісіну қаупі бар пациенттерде қолдану
0.9% натрий хлоридін келесі ауруларға шалдыққан/немесе қауіп тобындағы пациенттерде аса сақтықпен пайдалану керек:
- гипернатриемия (гипернатриемия мидың ісінуіне, құрысуларға, мидың тұрақты зақымдалуына немесе өлімге әкелуі мүмкін)
- гиперхлоремия
- метаболизмдік ацидоз, ол ұзақ уақыт қолданғанда, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде нашарлауы мүмкін.
- гиперволемия, мысалы, жүрек жеткіліксіздігі және өкпенің ісінуі, әсіресе жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде дамуы мүмкін.
- ятрогенді гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз (мысалы, венашілік реанимация кезінде)
- натрийдің іркілуін, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуін және орталық және шеткері ісінуді туындатуы мүмкін жағдайлар (мысалы, гипертониямен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, бауыр ауруларымен (циррозды қоса), бүйрек ауруларымен (бүйрек артериясының стенозы, нефросклерозды қоса) немесе преэклампсиямен байланысты бастапқы гиперальдостеронизмі, салдарлы гиперальдостеронизмі бар пациенттер).
- натрий мен сұйықтықтың іркілу қаупін арттыруы мүмкін дәрілік препараттарды қолдану (мысалы, кортикостероидтар).
Инфузиялық реакциялар
0.9% натрий хлоридінің инфузиясына байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін этиологиясы белгісіз симптомдар туралы өте сирек хабарланды. Олар гипотензия, гипертермия, тремор, қалтырау, есекжем, бөртпе және қышыну сияқты байқалды. Егер осы реакциялардың белгілері немесе симптомдары пайда болса, инфузияны дереу тоқтатыңыз. Клиникалық көрсетілімдер бойынша тиісті емдік шараларды қолданған жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Дәрігерде препаратты қолдану тәжірибесі және оның қауіпсіздігі қандағы натрий деңгейінің тез өзгеруіне ерекше сезімтал арнайы популяцияларда болуы керек.
Қандағы натрий деңгейінің тез өзгеруі (гипонатриемия және гипернатриемия) ықтимал қауіпті (ауыр неврологиялық асқынулардың қаупі).
Педиатриялық популяция
Педиатриялық популяцияда қан плазмасындағы электролиттердің концентрациясын мұқият бақылау керек, өйткені бұл популяция организмдегі сұйықтық пен электролиттерді реттеу қабілетін бұзуы мүмкін. Сондықтан натрий хлоридінің қайталама инфузиясын қан сарысуындағы натрий деңгейін анықтағаннан кейін ғана жүргізу керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде қолдану үшін инфузиялық ерітіндінің түрін және инфузия көлемін / жылдамдығын таңдағанда, олар әдетте жүрек, бүйрек, бауыр және басқа аурулардан зардап шегетінін немесе қатар жүретін дәрілік емді қолданатынын ескеру қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Вазопрессиннің әсерін күшейтетін дәрілік заттар
Төменде келтірілген препараттар вазопрессиннің әсерін күшейтеді, бұл электролиттерсіз бүйрек суының шығарылуының төмендеуіне әкеледі және дұрыс емделмегеннен кейін гипонатриемия қаупін арттыруы мүмкін.
• Вазопрессиннің шығарылуын стимуляциялайтын дәрілік заттарға мыналар жатады: хлорпропамид, клофибрат, карбамазепин, винкристин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, 3,4-метилендиокси-N-метамфетамин, ифосфамид, нейролептиктер, есірткі препараттары.
• Вазопрессиннің әсерін күшейтетін дәрілік заттар (хлорпропамидті, ҚҚСП-ны, циклофосфамидті қоса алғанда).
• Вазопрессиннің аналогтары (мысалы: десмопрессин, окситоцин, терлипрессин).
Гипонатриемия қаупін арттыратын басқа дәрілік заттарға жалпы диуретиктер және окскарбазепин сияқты эпилепсияға қарсы дәрілер жатады.
Литий қабылдайтын пациенттерде сақтық танытқан жөн. Натрий мен литийдің бүйрек клиренсі 0.9% натрий хлоридін қолданғанда артуы мүмкін. 0.9% натрий хлоридін енгізу литий деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Кортикоидтар/стероидтар және карбеноксолон организмдегі натрий мен судың іркілуімен (ісіну және гипертония) байланысты.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат балаларда қолданылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті немесе бала емізетін әйелдердің 0.9% натрий хлоридін қолдануы туралы тиісті деректер жоқ. Дәрігер 0.9% натрий хлоридін қолданар алдында әр нақты пациент үшін ықтимал қауіптер мен артықшылықтарды мұқият қарастыруы керек. 0.9% натрий хлоридін жүкті әйелдерге, әсіресе қан сарысуындағы натрий деңгейіне қатысты, егер ол окситоцинмен біріктіріліп енгізілсе, аса сақтықпен тағайындау керек. Преэклампсиямен ауыратын пациенттерді сақтықпен емдеу керек. Дәрілік затты қосқан кезде дәрілік препараттың жалпы сипаттамасын және оны жүктілік пен бала емізу кезінде пайдаланылуын жеке қарастыру қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Комментарий: Классная аптека! Если какого-то товара нет в наличии, вежливо перезвонят и предложат замену.
Комментарий: Самый лучший аптека Садыхан.
Комментарий: Оперативно, спасибо большое курьеру, спасибо аптека Raus Pharm.
Комментарий: Хорошо помогает во время гайморита.
Комментарий: Быстро справились, спасибо.
Комментарий: Спасибо Raus Pharm, товар в хорошем состоянии.
Комментарий: Хороший натрия хлорид. Всем огромное спасибо.
Комментарий: Не смогла дозвониться до аптеки! Звонила целый час!
Достоинства: Прекрасное средство.
Комментарий: Хороший физ.раствор. Всем огромное спасибо кто принимал участие. Желаю всем здоровья и процветания.
Достоинства: Отличный физраствор.
Комментарий: Доставили мгновенно прямо утром.
Достоинства: Продукт устраивает.