daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Nasol Advance Мұрын Спрейі 0,05% 10 Мл | Иституто Де Анжели С.р.л.

Актобе қаласындағы Nasol Advance Мұрын Спрейі 0,05% 10 Мл | Иституто Де Анжели С.р.л.
Сипаттама:

Ментолдың, эвкалиптің және камфораның әлсіз иісі бар мөлдір, түссіз ерітінді.

Халықаралық атауы:

Оксиметазолин

Өндіруші:

Иституто Де Анжели С.р.л.

Өндіруші ел:

Итальянская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: ментол (левоментол), рацемиялық камфора (камфора), эвкалиптол (цинеол), сусыз бензалконий хлориді, полисорбат 80, пропиленгликоль, динатрий фосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий эдетаты дигидраты, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ментолдың, эвкалиптің және камфораның әлсіз иісі бар мөлдір, түссіз ерітінді.

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар - оксиметазолин гидрохлориді 0,5 мг;

қосымша заттар: ментол (левоментол), рацемиялық камфора (камфора), эвкалиптол (цинеол), сусыз бензалконий хлориді, полисорбат 80, пропиленгликоль, динатрий фосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий эдетаты дигидраты, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ментолдың, эвкалиптің және камфораның әлсіз иісі бар мөлдір, түссіз ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

ДП ересектерге, 6 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген

Суық тию және пішен қызбасы салдарынан мұрынның бітеліп қалғандығын жеңілдету үшін.

ринит құбылыстарымен (тұмау) байқалатын жедел респираторлық аурулар

аллергиялық ринит

вазомоторлық ринит

мұрынның қосалқы қуыстары қабынған кезде (синусит) секреция дренажын жақсарту

ринитпен астасқан евстахиит

мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін диагностикалық емшаралардың алдында жою.

Қарсы көрсеткіштер

оксиметазолинге, басқа адренергиялық дәрілерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

МАО тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге немесе олардың осының алдындағы 2 аптада қабылдаған пациенттерге

жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттерге

транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі пациенттерге

терінің немесе мұрынның кіреберіс шырышты қабығының қабынуы және қабыршық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында

ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия, айқын атеросклероз, жүрек ырғағының бұзылулары

қант диабеті, гипертиреоз

бүйректің шығару функциясының бұзылуымен жүретін аурулары, қуықасты безінің гипертрофиясы салдарынан несеп шығарудың қиындауы

6 жасқа дейінгі балаларға

Өзара әрекеттесуі

Трициклдық антидепрессанттарды немесе МАО тежегіштерін және қан қысымын жоғарылататын препараттарды бір мезгілде немесе тура оксиметазолинді қолданар алдында қабылдау артериялық қысымның жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, құтыны әр адамның жеке пайдалануы ұсынылады.

Құрамында оксиметазолин бар мұрынға арналған спрейлерді жүрек-қантамыр аурулары, артериялық гипертензиясы, гипертиреозы, қант диабеті немесе қуықасты безінің гиперплазиясы салдарынан несеп шығаруда қиындықтары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Ол пациенттерге қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Ұзақ уақыт қолдану мұрын бітелуінің қайталануына алып келуі мүмкін.

Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.

Осы препаратты көп пайдалану нәтижесінде төмендегілер туындауы мүмкін:

- мұрынның шырышты қабығының созылмалы ісінуі (дәрі-дәрмектік ринит)

- мұрын шырышты қабығының реактивті гиперемиясы («рикошет әсері»)

- мұрынның шырышты қабығының атрофиясы

Назол Адванс құрамындағы сусыз бензалконий хлориді, пропиленгликоль сияқты қосымша заттар мұрын шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін, әсіресе ұзақ қолданғанда.

Жүктілік және лактация

Оксиметазолин жүктіліктің қолайсыз аяқталуымен байланыстырылмаған.

Ұсынылған дозасын арттыруға жол берілмейді. Препаратты тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады.

Артериялық гипертензиясы немесе плацентарлық қан ағымының төмендеуі белгілері бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Жоғары дозаларын жиі немесе ұзақ уақыт қолдану плацентарлық қан ағымын төмендетуі мүмкін.

Оксиметазолиннің емшек сүтімен бөлініп шығуына қатысты деректер жоқ, сондықтан, бала емізу кезінде мұрынға арналған спрейді қолданбаған дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 10 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына 2 бүркуден. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен) 1 бүркуден.

Бүркуді кемінде 12 сағаттан соң қайталау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Пайдаланар алдында құтыны жақсылап сілкіңіз.

Әр мұрын жолына кезек бүркіңіз, бүріккен кезде басыңызды кері шалқайтпаңыз. Құтыны тігінен ұстаңыз.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы арттырылған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Ұсынылған дозасын арттыру мұрын жолының ауыруын немесе ашуын, түшкіруді немесе мұрын бөліністерінің артуын туғызуы мүмкін. Шамадан тыс дозалары кезінде, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, қарашықтардың ұлғаюы, жүрек айнуы, цианоз, қызба, түйілулер, тахикардия (жүректің жиырылу жиілігінің артуы), аритмия, жүректің тоқтап қалуы, артериялық қысымның жоғарылауы, өкпенің ісінуі, ентігу, психикалық бұзылулар байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, дене температурсының төмендеуі, брадикардия (жүректің жиырылу жиілігінің сиреуі), шоктәрізді гипотензия, тыныстың тоқтап қалуы және естен тану сияқты жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі болуы мүмкін.

Балаларда қолданылуы

Клиникалық көрінісіне орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын белгілер мен симптомдар кіреді: конвульсиялар және кома, елестеулер, брадикардия, тыныстың тоқтап қалуы, гипертензия мен гипотензияның алмасуы.

Емі: симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен хабарласыңыз.

Артық дозалану

Ұсынылған дозасын арттыру мұрын жолының ауыруын немесе ашуын, түшкіруді немесе мұрын бөліністерінің артуын туғызуы мүмкін. Шамадан тыс дозалары кезінде, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, қарашықтардың ұлғаюы, жүрек айнуы, цианоз, қызба, түйілулер, тахикардия (жүректің жиырылу жиілігінің артуы), аритмия, жүректің тоқтап қалуы, артериялық қысымның жоғарылауы, өкпенің ісінуі, ентігу, психикалық бұзылулар байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, дене температурсының төмендеуі, брадикардия (жүректің жиырылу жиілігінің сиреуі), шоктәрізді гипотензия, тыныстың тоқтап қалуы және естен тану сияқты жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі болуы мүмкін.

Балаларда қолданылуы

Клиникалық көрінісіне орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын белгілер мен симптомдар кіреді: конвульсиялар және кома, елестеулер, брадикардия, тыныстың тоқтап қалуы, гипертензия мен гипотензияның алмасуы.

Емі: симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен хабарласыңыз.

Жанама әсерлері

Жиі

- мұрын шырашты қабығының ашытып шымылдауы және құрғауы, түшкіру

Сирек

- жүрек қағуы, тахикардия, артериялық гипертензия

Өте сирек

- үрей, ұйқысыздық, шаршау (ұйқышылдық, седация), бас ауыруы, елестеулер (көбінесе балаларда)

- аритмия

- құрысулар (әсіресе балаларда)

Аса сирек/ Жекелеген жағдайларда және т.б.

- әсері біткеннен кейін шырышты қабық ісінуінің ұлғаюы, мұрыннан қан кету

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну)

- тахифилаксия (ұзақ қолданған немесе артық дозаланған кезде)

Шығарылу түрі

10 мл-ден полипропиленнен жасалған ақ түсті бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларда. Бүріккіш құрылғы құтының жоғарғы конус тәрізді бөлігіне құрастырылған.

Құтыға өздігінен желімделетін қағаздан жасалған заттаңбаны жапсырады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «Nasol advance мұрын спрейі 0,05% 10 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

03006009001200150012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыNasol advance мұрын спрейі 0,05% 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube