daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Назол Нәресте Тамшылары 1,25% 10 Мл | Sagmel Inc

Актобе қаласындағы Назол Нәресте Тамшылары 1,25% 10 Мл | Sagmel Inc
Сипаттама:

Түссізден ашық-сары түске дейінгі иіссіз мөлдір сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Фенилэфрин

Өндіруші:

Sagmel Inc

Өндіруші ел:

Швейцарская Конфедерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, макрогол 1500, динатрий фосфатының дигидраты, калий дигидрофосфаты, динатрий эдетатының дигидраты, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

фенилэфрина гидрохлорид 1,25 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету үшін:

тұмауда, суық тию ауруларында

пішен қызбасында немесе жедел ринитпен немесе синуситпен қатар жүретін жоғарғы тыныс жолдарының басқа аллергиялық ауруларында

жедел ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін азайтуға арналған қосымша дәрі ретінде)

Қарсы көрсеткіштер

Препарат төмендегі пациенттерге қарсы көрсетілімде:

препарат ингредиенттеріне жеке жоғары сезімталдықта

артериялық гипертензияның ауыр түрі болуында

жедел жүрек-қан тамыр аурулары бар

тахиаритмияда

ауыр тиреотоксикозда

қант диабетінде

транссфеноидальді гипофизэктомядан кейін

мұрын алдының терісінің немесе шырышты қабығының қабынуы және қабық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында

МАО тежегіштерін алған пациенттерге немесе оларды алдындағы 2 аптада алған пациенттерге

2 айға дейінгі балалық кезеңде

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Препарат ересектердің қадағалауымен қолданылуы керек.

Өзара әрекеттесуі

Құрамында жергілікті тамыр тарылтатын заттары бар басқа препараттармен немесе гипертензияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен немесе олармен ем аяқталғаннан кейін 14 күн бойына бір мезгілде қолданғанда фенилэфрин артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Фенилэфринді линезолидпен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

2 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1 тамшыдан.

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан.

Енгізу әдісі және жолы

Пипетканы жеңіл басып, жатқан күйде мұрынға тамызады. Осы күйді бірнеше минут сақтау керек.

Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі

Ұсынылған дозалау режимінен асырмау керек. Күніне төрт реттен жиі пайдалануға болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы - 3 күннен аспау керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Артық дозалану жағдайында (әсіресе ұзақ емдегенде) жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін (жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық гипертензия, үрейлену және елестеулер).

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі

Полипропиленнен жасалған бұралып бекітілетін қақпағы бар жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған құтыда 10 мл-ден. Резеңке қалпағы бар полипропиленнен жасалған пипетка қақпағына орнатылған.

Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Құтыны алғаш ақшаннан кейінгі сақтау кезеңі 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНазол нәресте тамшылары 1,25% 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube