Показания к применению
Аллергиялық риноконьюнктивитті (маусымдық және жыл бойғы) және есекжемді симптоматикалық емдеу.
Никсар® ересектер мен жасөспірімдерде (12 жас және одан асқан) қолдануға арналған.

Аллергиялық риноконьюнктивитті (маусымдық және жыл бойғы) және есекжемді симптоматикалық емдеу.
Никсар® ересектер мен жасөспірімдерде (12 жас және одан асқан) қолдануға арналған.
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі
Ішке қабылдағаннан кейін тамақ биластиннің биожетімділігін 30%-ға төмендетеді.
Грейпфрут шырынымен өзара әрекеттесуі
Биластинді грейпфрут шырынымен бір мезгілде 20 мг дозада қолданған жағдайда биластиннің биожетімділігі 30%-ға төмендеді. Осындай әсер басқа жеміс шырындары жағдайында да байқалуы мүмкін. Биожетімділіктің төмендеу дәрежесі шырын өндірушісіне және ол алынған жемістерге қарай өзгешеленуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесу биластин субстрат болып табылатын OATP1A2 органикалық аниондарының тасымалдаушы ақуызының тежелуіне байланысты. Плазмадағы биластин концентрациясын OATP1A2 субстраттары немесе тежегіштері болып табылатын дәрілік заттар да (мысалы, ритонавир немесе рифампицин) азайта алады.
Кетоконазолмен немесе эритромицинмен өзара әрекеттесуі
Биластин кетоконазолмен немесе эритромицинмен бір мезгілде қабылданған жағдайда биластин AUC 2 есеге, ал Cmax – 2-3 есеге ұлғайды. Мұндай өзгерістерді биластин P-гликопротеидтің субстраты болғандықтан және метаболизденбейтіндіктен, ішек жасушаларынан шығаруға жауап беретін тасымалдағыш ақуыздар деңгейіндегі өзара әрекеттесулер деп түсіндіруге болады. Бір жағынан биластиннің және екінші жағынан кетоконазол немесе эритромициннің қауіпсіздік бейініне осы әсерлер, сірә, ықпал етпейді. Плазмада биластин концентрациясын P-гликопротеид субстраттары немесе тежегіштері болып табылатын (мысалы, циклоспорин) басқа да дәрілік препараттар арттыруы мүмкін.
Дилтиаземмен өзара әрекеттесуі
Биластинді 20 мг дозада бір мезгілде 60 мг дозадағы дилтиаземмен қабылдаған жағдайда биластин Cmax 50%-ға ұлғайды. Осындай әсерді ішек жасушаларынан шығарылуға жауап беретін тасымалдаушы-ақуыздар деңгейіндегі өзара әрекеттесулер деп түсіндіруге болады; биластиннің қауіпсіздік бейініне осы әсер, сірә, ықпал етпейді.
Алкогольмен өзара әрекеттесуі
Алкоголь мен 20 мг доза биластинді бір мезгілде қолданудан кейін психомоторлық функциялар алкоголь мен плацебоны бір мезгілде қолданудан кейінгідей деңгейде қалды.
Лоразепаммен өзара әрекеттесуі
20 мг дозадағы биластинді 3 мг дозадағы лоразепаммен бір мезгілде қолданғанда 8 күн ішінде лоразепамның ОЖЖ-не басым әсерінің күшеюі анықталмаған.
Педиатриялық бейіндегі пациенттер
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу зерттеулері тек ересектерде ғана жүргізілді. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу дәрежесі және өзара әрекеттесудің өзге де түрлері 12-17 жастағы педиатриялық бейіндегі пациенттерде ұқсас болады деп күтіледі.
10 таблеткадан алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1, 2, 3, 4 немесе 5 пішінді қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от