daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Nimesil Түйіршіктері 2 Г №30 | Лабораториос Менарини С.А.

Актобе қаласындағы Nimesil Түйіршіктері 2 Г №30 | Лабораториос Менарини С.А.
Сипаттама:

Апельсин иісті, ашық-сары түсті түйіршіктелген ұнтақ. Ақ немесе ашық-сары түсті, ішінара ерітілген затпен дайындалған ерітінді.

Халықаралық атауы:

Нимесулид

Өндіруші:

Лабораториос Менарини С.А.

Өндіруші ел:

Королевство Испания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: макроголдың цетостеарилді эфирі, сахароза, мальтодекстрин, сусыз лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Апельсин иісті, ашық-сары түсті түйіршіктелген ұнтақ. Ақ немесе ашық-сары түсті, ішінара ерітілген затпен дайындалған ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

2 г

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

жедел ауыруды емдеу

бастапқы дисменореяны емдеу

Нимесулидті тек екінші желі препараты ретінде тағайындау керек.

Нимесулидпен емдеу жөнінде шешімді нақты пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдауы тиіс

Қарсы көрсеткіштер

- нимесулидке, кез келген басқа ҚҚСП-ға немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық

- бұрын орын алған ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдауға байланысты гиперергиялық реакциялар (мысалы, бронхтың түйілуі, ринит, есекжем)

- бұрын орын алған нимесулидке гепатоуытты реакциялар

- потенциалды гепатоуыттылығы бар басқа заттарды қатар қабылдау

- алкоголизм, есірткіге тәуелділік

- бұдан бұрынғы ҚҚСП емдеумен байланысты туындаған асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация

- өршу фазасындағы асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнезінде ойық жара, тесілу немесе асқазан-ішек жолынан қан кету; расталған ойық жаралар мен қан кетудің екі немесе одан көп айқын көріністері

- цереброваскулярлы қан кету немесе басқа жедел қан құйылулар, сондай-ақ қан кетумен қатар жүретін аурулар

- қан ұюының ауыр бұзылулары

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- бауыр жеткіліксіздігі

- қызбасы бар пациенттер және/немесе тұмау тәрізді симптомдардың болуы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және бала емізу

Өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)

Құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қабынуға қарсы дозаларда (≥1 г тәулігіне бір рет немесе ≥3 г жалпы тәуліктік доза) ацетилсалицил қышқылын қоса алғанда, басқа ҚҚСП біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Антикоагулянттар

ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Варфарин, баламалы антикоагулянттар немесе ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын пациенттерде нимесулидпен емдеу кезінде қан кету сияқты асқыну жоғары қауіпке ие. Осы себепті бұл біріктірілім ұсынылмайды, ал коагуляцияның ауыр бұзылулары бар пациенттерге оны қолдануға болмайды. Егер біріктірілген емді қолданбау мүмкін болмаса, қан ұю көрсеткіштеріне мұқият бақылау жүргізу қажет.

Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері

Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері асқазан-ішек жолдарының ойық жаралануы немесе қан кету қаупін жоғарылатады.

Кортикостероидтар

Кортикостероидтар: асқазан-ішек жолдарының ойық жаралануы немесе қан кету қаупін жоғарылатады.

Диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, ангиотензин II антагонистері (ААII)

ҚҚСП диуретиктер мен басқа  гипотензивті препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданудан зардап шегетін пациенттерде немесе бүйрек функциясы шектелген егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегіштерін, циклооксигеназа тежегіштерін бір мезгілде тағайындау бүйрек функциясының ары қарай төмендеуін (жедел бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) туындатуы мүмкін, ол негізінен қайтымды сипатқа ие. Аталған өзара әрекеттесудің болуын құрамында нимесулид бар АӨФ тежегіштері  немесе ААII бірге қабылдайтын пациенттер де ескеру қажет. Сондықтан препараттардың аталған біріктірілімі әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен тағайындалуы тиіс. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы тиіс және біріктірілген емді бастағаннан кейін және оның үдерісінде мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын бақылаудың қажеттілігі бағалануы керек.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу: нимесулидтің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

Фуросемид

Нимесулид фуросемидтің натрийді шығару әсерін уақытша төмендетуі мүмкін және аз дәрежеде калий шығарылуын, сондай ақ диурездік жауапты төмендетуі мүмкін деген деректер бар.

Нимесулидті және фуросемидті бірге қабылдау «концентрация-уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданның (шамамен 20%-ға) азаюына және фуросемидтің бүйрек клиренсін өзгертпей, жинақталған фуросемид экскрециясының төмендеуіне әкеп соқтырады.

Фуросемид және құрамында нимесулид бар дәрілік препараттарды бүйрек немесе жүрек функцияларының бұзылуына бейім пациенттерге бір мезгілде тағайындау айрықша нұсқаулар бөлімінде сипатталғандай сақтықты талап етеді.

Литий

ҚҚСП литий шығарылуын азайтатыны туралы деректер бар, бұл қан плазмасында литий деңгейінің және оның уыттылығының жоғарылауына әкеледі. Литий препараттарымен ем қабылдап жүрген пациенттерге нимесулидті тағайындау кезінде, плазмадағы литий деңгейіне жиі бақылау жүргізілуі керек.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу: нимесулидтің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

In vitro зерттеулер нимесулидтің толбутамидпен, салицил қышқылымен және вальпрой қышқылымен байланысқан жерінен ығысып шығатындығын көрсетті. Алайда, плазмадағы деңгейіне ықтималды әсеріне қарамастан, бұл өзара әрекеттесулер үшін клиникалық маңыздылығы көрсетілмеген.

Басқа да ақпарат

Глибенкламидпен, теофиллинмен, варфаринмен, дигоксинмен, циметидинмен және антацидтік препараттармен (мысалы, алюминий және магний гидроксидінің біріктірілімі) болуы мүмкін фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін анықтау мақсатында in vivo зерттеулер клиникалық маңызды өзара әрекеттесуді көрсетпеді.

Нимесулид СҮР2C9 бәсеңдетеді. Нимесил® препаратымен бір мезгілде осы ферменттің субстраты болып табылатын дәрілік заттарды қабылдаған кезде плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Нимесулидті метотрексатты қабылдаудан бұрын 24 сағатқа жеткізбей немесе қабылдағаннан кейін 24 сағатқа жеткізбей тағайындаған кезде сақ болу қажет, өйткені мұндай жағдайларда метотрексаттың плазмадағы деңгейі, тиісінше, осы препараттың уытты әсерлері артуы мүмкін.

Бүйрек простагландиндеріне әсер етуіне байланысты, простагландин синтетазасының тежегіштері, оның қатарына нимесулидте жатады, циклоспориндердің нефроуыттылығын жоғарылатуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Бауырға әсер етуі

Бауыр тарапынан күрделі реакциялардың сирек жағдайлары туралы, оның ішінде құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қолдануға байланысты өліммен аяқталған өте сирек жағдайлар туралы хабарланған. Нимесил® препаратымен емдеу кезінде бауырдың зақымдану симптомдарына ұқсас симптомдарды сезінетін пациенттерге (мысалы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, қажу, күңгірт түсті несеп) немесе бауыр функциясының зертханалық талдауларының деректері қалыпты мәндерден ауытқитын пациенттерге препаратпен емді тоқтату қажет. Мұндай пациенттерге нимесулидті қайталап тағайындауға болмайды. Препараттың қысқа мерзімді әсерінен кейін бауырдың зақымдануы туралы – көп жағдайда қайтымды болғаны хабарланған.

Нимесулид қабылдаған және тұмауға немесе суық тиюге ұқсас симптомдары дамыған пациенттер препаратпен емді тоқтатуы тиіс.

Асқазан-ішек жолына әсер етуі

Барлық ҚҚСП қатысты асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жаралану және тесілуі туралы хабарланған, олар ізашар – симптомдарымен немесе онсыз, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі бұзылулар бар немесе онсыз, емдеудің кез келген сәтінде орын алуы және пациенттің өміріне қатер төндіруі мүмкін.

Асқазан-ішек жолында қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСП дозасын арттырған кезде, пациенттерде анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы болғанда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде жоғарылайды. Мұндай пациенттерде емді ең аз ықтималды дозадан бастау керек. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ бір мезгілде төмен дозаларда аспиринді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның пайда болу қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерге қатысты протектор-препараттармен, мысалы, мизопростолмен немесе протонды сорғы тежегіштерімен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.

Анамнезінде уытты сипаттағы асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар асқазан-ішек жолдары тарапынан кез келген ерекше симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішек жолдарындағы қан кетулер туралы) хабарлауы тиіс. Бұл әсіресе емнің бастапқы сатыларында өте маңызды.

Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жараның түзілуі/тесілуі емдеу аясында – ізашар-симптомдар пайда болғанда, оларсыз да, сондай-ақ анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның болуына немесе болмауына қарамастан кез-келген уақытта дамуы мүмкін. Асқазан-ішек жолында қан кету немесе ойық жара дамығанда нимесулидпен емдеуді дереу тоқтату керек. Нимесулидті пептидтік ойық жараны қоса, асқазан-ішек жолдары ауруларымен, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету бар, спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Ойық жараның немесе қан кетудің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін қатарлас жүретін препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) немесе аспирин сияқты антиагреганттарды қабылдайтын пациенттер препаратты қабылдаған кезде сақ болу қажеттігі туралы ескертілуі тиіс.

Нимесулид қабылдайтын пациенттерде қан кету немесе асқазан-ішек жолының ойық жаралануы туындаған кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.

ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде, әсіресе, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілуі, сондай-ақ бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылуы сияқты ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялар жиілігі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан бұл пациенттерге тиісті клиникалық бақылауда болу ұсынылады.

Тері реакциялары

ҚҚСП қолдану аясында өте сирек ауыр тері реакциялары байқалды, олардың кейбірі эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, сондай-ақ уытты эпидермальді некролизді қоса, өліммен аяқталды. Бұл реакциялардың көп жағдайларда пайда болу қаупіне пациенттер емнің басында ұшырайды және бұл реакциялар емнің бірінші айы ішінде жиі орын алады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдану белгілері немесе басқа аса жоғары сезімталдық симптомдары пайда болған кезде нимесулидті қабылдауды тоқтату керек

Нимесулидті қолдану кезінде тұрақты дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары туралы хабарланды.

Анамнезі нимесулидпен байланысты ТДБ бар пациенттерге қайталап тағайындауға болмайды.

Бүйрекке әсер етуі

Препаратты бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені Нимесил® препаратын қолдану бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Нашарлаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Фертильділікке әсер етуі

Нимесил® препаратын қолдану әйелдерде бала туу функциясына теріс әсер көрсетуі мүмкін, сондықтан препаратты жүктілікті жоспарлаған әйелдерге тағайындау ұсынылмайды. Жүкті болуға проблемалары бар немесе бедеуліктен тексеруден өтіп жүрген әйелдерде Нимесил® препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар

Анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе ҚҚСП қолдану аясында организмде сұйықтықтың кідіруінде және ісінуде пайда болатын жеңіл/орташа ауырлық дәрежесіндегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге жағдайды тиісті бақылау және дәрігердің кеңесі қажет.

Кейбір ҚҚСП қолдану, әсіресе жоғары дозада және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоз қаупінің елеусіз жоғарылауымен (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) байланысты болуы мүмкін. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық патологиясы бар пациенттерге нимесулидті осы пациенттердің жай-күйін мұқият бағалағаннан кейін тағайындау керек. Жүрек-қантамыр ауруларына (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) қатысты қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастамас бұрын дәл осындай мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.

Қосымша заттар туралы ақпарат

Нимесил® препаратының құрамында сахароза бар. Бұл препарат сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығының проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Простагландиндер синтезін басу жүктілікке және/немесе шарананың дамуына қолайсыз әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулер кезінде алынған деректер жүктіліктің ерте мерзімінде простагландиндер синтезін басатын препараттарды қолдану өздігінен түсік тастауды, шаранада жүрек ақауын және гастрошизис пайда болу қаупін арттыратынына қатысты сақтануды қажет етеді. Жүрек-қантамыр жүйесі аномалиясының абсолюттік қаупі 1%-дан кем, шамамен 1,5%-ға дейін артты. Препарат дозасының жоғарылауымен және оны қолдану ұзақтығымен қауіп артады деп саналады.

Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап нимесулидті қолдану шарананың бүйрек дисфункциясы нәтижесінде олигогидрамниозды тудыруы мүмкін. Бұл нимесулидті қолдануды бастағаннан кейін көп ұзамай пайда болуы мүмкін және әдетте емді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Сонымен қатар, екінші триместрде емнен кейін артериялық түтіктің тарылуы туралы хабарламалар болды, олардың көпшілігі емді тоқтатқаннан кейін басылды. Сондықтан жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде нимесулидті шұғыл қажеттілік болмаса тағайындауға болмайды. Нимесулид тағайындалған жағдайда, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде мүмкіндігінше ең аз дозаны және емнің ең аз ұзақтығын таңдауы керек.

Нимесулидті жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап бірнеше күн қолданғаннан кейін, олигогидрамниозды құрсақішілік бақылау және артериялық түтіктің тарылуы туралы мәселені қарастыру керек. Егер олигогидрамниоз немесе артериялық түтіктің тарылуы анықталса, нимесулидті қабылдауды тоқтату керек.

Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері:

- шаранада:

пневмокардиальді уытты зақымданудың (артериялық түтіктердің мерзімінен бұрын тарылуы/жабылуы және өкпе артериясы жүйесіндегі гипертензия);

қағанақ суының аздығы дамуымен бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдейтін бүйрек дисфункциясының дамуына әкелуі мүмкін (жоғарыдан қараңыз);

- жүктіліктің соңында анасы мен шаранада болуы мүмкін:

препаратты өте төмен дозаларда қолданған кездің өзінде қан кету уақытының ұзаруы, антиагрегациялық әсер туындауы мүмкін;

жатырдың жиырылу белсенділігінің бәсеңдеуі, бұл босанудың кідіруіне немесе ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты жүктіліктің үшінші триместрінде нимесулидті қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Қазіргі уақытта нимесулидтің ана сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Нимесулидті бала емізетін аналарға қолдану қарсы көрсетілімде.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Құрамында нимесулид бар препараттардың көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұған қарамастан, препаратты қабылдағаннан кейін есеңгіреу, бас айналу немесе ұйқышылдық сезімін сезінетін пациенттерге көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсетуге болмайды.

Шығарылу түрі

2 г түйіршіктен біріктірілген материалдардан қағаз/алюминий

/полиэтиленнен жасалған термиялық дәнекерленген пакеттерге салынады.

9, 15 немесе 30 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыNimesil түйіршіктері 2 Г №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.76/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 бағалау
1
star
1
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
16
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
7 Мая 2024

Комментарий: Великое спасибо. Крайне вежливый курьер, все было вовремя. Благодарна аптеке и курьеру. Всем рекомендую эту аптеку.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Апреля 2024

Комментарий: Благодарю, быстрое прибытие. Срок годности отличный до 2026 года.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Апреля 2024

Комментарий: Превосходное средство, моя личная скорая помощь. Если простуда только начинается, зуб болит, голова болит - сразу облегчает болевые ощущения и действует как противовоспалительное.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Апреля 2024

Комментарий: Один из лучших анальгетиков! В частности от головной боли!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Марта 2024

Комментарий: Огромное спасибо за возможность приобрести назначенное мне лекарство, и получить его прямо у дома всего за пару часов. Препарат очень поспособствовал. Суставы почти перестали болеть. Неожиданно стало гораздо легче.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Января 2023

Преимущества: У моего мужа подагра. При обострении только Нимесил спасает, целительный Диклофенак.

empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
1 Января 2023

Комментарий: Неэффективное лекарство, совершенно не помогает, не ощутил никакого облегчения.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Октября 2022

Преимущества: Замечательный анальгетик.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
2 Октября 2022

Преимущества: Отменно поддерживает при менструальных и зубных болях.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
31 Августа 2022

Преимущества: Обезболивание происходит очень быстро и эффективно. Рады, что узнали об этом продукте.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Августа 2022

Комментарий: Весь наш дом заболел. До следующих денег еще две недели. Распределила по времени все необходимые препараты, респект и лава. Все просто замечательно, Kemel farm обеспечил оперативность.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
23 Июня 2022

Преимущества: Великолепный сервис! Весьма быстрая доставка!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Марта 2022

Преимущества: Как только начинаю чувствовать себя неважно, принимаю Нимесил. На следующий день уже бодр и здоров, как огурчик.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
31 Января 2022

Комментарий: Препарат упакован качественно, все сроки соблюдены!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
13 Января 2022

Преимущества: Очень хорошо помогает при гриппе.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Декабря 2021

Преимущества: Цена ниже, чем в остальных аптеках, срок годности вполне приемлемый.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Сентября 2021

Преимущества: Это единственное средство, которое успокаивает мою головную и зубную боль.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube