daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Норматин Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | Е.И.П.И.Ко.

Актобе қаласындағы Норматин Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | Е.И.П.И.Ко.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Аздаған өзіне тән иісі бар, мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық

Халықаралық атауы:

Тимолол

Өндіруші:

Е.И.П.И.Ко.

Өндіруші ел:

Туреция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты моногидраты, сусыз динатрий фосфаты, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,5%

Дәрілік түрі:

Көзге тамызатын дәрі, 0,5 %

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жоғары көзішілік қысым (офтальмогипертензия)

- созылмалы ашық бұрышты глаукома

- жабық бұрышты глаукома кезінде көзішілік қысымды төмендетуге арналған қосымша дәрі ретінде (миотиктермен біріктірілімде)

- екіншілік глаукома, оның ішінде афакиялық, увеальді, жарақаттан кейінгі туа біткен глаукома (басқа емдік шаралардың тиімсіздігі кезінде)

Қарсы көрсеткіштер

- бронх демікпесі немесе тыны салу жолдарының басқа да ауыр созылмалы обструктивті аурулары оның ішінде анамнезінде);

- синустық брадикардия;

- жасанды ырғақ жүргізушісінсіз II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада;

- декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;

- кардиогенді шок;

- синустық түйіннің әлсіздік синдромы;

- синоатриальді блокада;

- тимололға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Өзара әрекеттесуі

Тимолол малеатының дәрілермен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Офтальмологиялық бета-адреноблокаторларды және кальций өзекшелері блокаторларының пероральді түрлерін, бета-адреноблокаторларды, аритмияға қарсы дәрілерді (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозидтерін, раувольфия алкалоидтарын, парасимпатомиметиктерді, гуанетидинді бірге қолданғанда гипотензиямен және/немесе айқын брадикардиямен көрініс табатын аддитивті әсер ету мүмкіндігі бар. Тимололдың қарашық мөлшеріне әсерінің болмауына қарамастан, бета-адреноблокаторлар мен адреналинді бірге қолданғанда мидриаз дамуы мүмкін.

Тимолол мен CYP2D6 изоферменті тежегіштерін (хинидин, флуоксетин, пароксетин) бірге қолданғанда депрессия және жүрек жиырылуы жиілігінің төмендеуі сияқты бета-адреноблокада симптомдарын көтермелеуге болады. Пероральді бета-адреноблокаторлар клонидинді тоқтату аясында рикошеттік гипертензия ағымын ауырлатуы мүмкін. Аддитивті әсердің және гипотензияның және/немесе айқын брадикардияның даму мүмкіндігіне байланысты бета-блокаторды және симпатолитиктерді (резерпин сияқты) бірге қолданған жағдайда пациенттерге мұқият мониторинг талап етіледі, олар өз кезегінде вертиго, естен тану немесе ортостаздық гипотензия себебі болуы мүмкін.

Пероральді қолдануға арналған кальций өзекшелерінің блокаторларын бета-адреноблокаторлармен біріктіріп жүректің функционалдық жағдайы қалыпты кезінде ғана қолдануға болады, ал жүрек жұмысының бұзылуы кезінде оларды қолданудан аулақ болу керек, өйткені кальций өзекшелерінің блокаторын бета-блокаторлармен емдеу сызбасына қосқан кезде гипотензия дамуы, атриовентрикулярлық жүргізудің бұзылуы, сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік болуы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылулардың сипаты емде қолданылатын кальций өзекшелерінің блокаторы типіне байланысты. Нифедипин сияқты дигидропиридин туындылары гипотензияның дамуына әкелуі мүмкін, ал верапамил мен дилтиазем бета-блокаторлармен бірге қолданғанда атриовентрикулярлық жүргізудің бұзылуына және сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына ықпал етеді. Вена ішіне енгізуге арналған кальций өзекшелерінің блокаторларымен қатарлас емде бета-адреноблокаторларды сақтықпен қолдану керек. Бета-адреноблокаторларды, дигиталис және дилтиазем немесе верапамил препараттарын бірге қолдану атриовентрикулярлық жүргізудің анағұрлым айқын баяулауына әкелуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Емдеуді тимололды 0,25% концентрациясында тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан зақымданған көзге қолдана отырып бастайды. Жеткілікті клиникалық әсер болмаған жағдайда тимололды 0,5% концентрациясында 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет зақымданған көзге қолданады.

Қажет болған жағдайда Норматин препаратын көзішілік қысымды төмендететін басқа дәрілермен біріктіруге жол беріледі. Екі бета-адреноблокаторды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Көзішілік қысымды бақылау препаратты қолдануды бастағаннан кейін 4 аптадан соң жүзеге асырылады, өйткені тимололдың көзішілік қысымға әсері бірнеше аптадан кейін басталуы мүмкін.

Егер қанағаттанарлық көзішілік қысымға қол жеткізілсе, дозалау режимі тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан қолдануға өзгертілуі мүмкін.

Басқа гипотензиялық емнен ауысу

Бета-адреноблокатор тобынан басқа препаратпен емнен тимололмен емге ауысқанда бұрын қолданылған гипотензиялық препаратпен емнің толық күнін аяқтау, ал келесі күні тимололды әрбір зақымданған көзге 0,25% концентрациясында тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан инстилляциялауды бастау ұсынылады. Жеткілікті гипотензиялық әсер болмаған кезде дозалау режимі тимололдың 0,5% концентрациясында әрбір зақымданған көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет инстилляциясына өзгертілуі мүмкін.

Басқа топтағы гипотензиялық препаратпен (бета-адреноблокаторларға емес) емге ауысқан кезде тимолол инстилляциясын тәулігіне 2 рет әрбір зақымданған көзге 1 тамшыдан 0,25% концентрациясында қоса отырып, бұрын тағайындалған препараттың инстилляциясын жалғастырады. Келесі күні бұрын қолданылған емдеуді тоқтату жүзеге асырылады және тимололмен емдеу жалғасады. Жеткілікті гипотензиялық әсер болмаған кезде дозалау режимі тимололдың 0,5% концентрациясында әрбір зақымданған көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет инстилляциясына өзгертілуі мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде тимололды қолданудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Жоғарыда келтірілген дозалау режимі егде жастағы адамдарда препаратты қолдану тәжірибесін ескереді.

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ.

Енгізу жолы және тәсілі

Жергілікті қолданылатын бета-адреноблокаторлардың жүйелі сіңірілуін мұрын-жас каналын қыса отырып және инстилляциядан кейін 2 минут бойы көз жұмып тұрып төмендетуге болады.

Ерітіндінің микробтық ластануының алдын алу үшін сақ болу керек және тамшылатқышты қабаққа, көз айналасындағы жерлерге және басқа беткейлерге тигізбеу керек. Ластанған ерітінділерді қолдану көздің инфекцияларына әкелуі мүмкін және кейіннен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Бета-адреноблокаторларды жүйелі қолданғанда ұқсас жүйелі реакциялардың дамуымен тимололдың байқаусызда артық дозалануы туралы хабарламалар бар: бас айналуы, бас ауыруы, ентігу, брадикардия, бронх түйілуі, жүректің тоқтауы, жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия

Артық дозаланғанда келесі шараларды жүргізу қажет:

1. Кездейсоқ жұтып қойғанда – асқазанды шаю. Тимолол диализ кезінде нашар шығарылатыны көрсетілген.

2. Брадикардия дамыған кезде кезбе жүйкенің блокадасын индукциялау үшін 0,25 мг-ден 2 мг-ға дейінгі дозада атропин сульфатын вена ішіне енгізу ұсынылады. Тұрақты брадикардияда сақтық таныта отырып, изопреналин енгізу көрсетілген. Рефрактерлі брадикардия кезінде жасанды ырғақ жүргізушісін орнату мәселесін қарастыру керек.

3. Артериялық гипотензияда допамин, добутамин, норепинефрин сияқты симпатомиметиктерді енгізу, әсері болмаған кезде – глюкагон енгізу ұсынылады.

4. Бронх түйілуінде: изопреналин гидрохлориді, аминофиллинді қолдануға болады.

5. Жедел жүрек жеткіліксіздігі дамығанда тырнақгүл препараттарын және диуретиктерді дереу енгізу, сондай-ақ оттегі терапиясы, тиімсіз болса – аминофиллинді вена ішіне енгізу ұсынылады. Сосын, қажет болса, глюкагонды енгізуге болады (оның тиімділігі көрсетілген).

6. Екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада дамыған кезде изопреналин гидрохлоридін енгізу немесе жасанды ырғақ жүргізушісін орнату көрсетіледі.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің және емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

5 мл препараттан тамшылатқыш тығыны және сақтандырғыш сақинамен жабдықталған бұралатын қорғағыш қалпақшасы бар пластик құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 күн ішінде.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «Норматин көз тамшылары 0,5% 5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

019038057076095012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-09
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНорматин көз тамшылары 0,5% 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube