Құрамы
босану қызметі басталғанға дейін фетальді дистресстің дамуы;
жатырдың жиырылуы гипертониялық сипатта болса;
Егер табиғи жолмен босану қарсы көрсетілімді болса, окситоцинді босану қызметін индукциялау немесе күшейту үшін қолданбау керек. Ондай жағдайларға басқаларынан бөлек, келесілер кіреді:
клиникалық тұрғыдан тар жамбас,
шарананың дұрыс қалыпта жатпауы,
плацентаның толықтай алда жатуы немесе кіндік қантамырларының алда жатуы,
плацентаның ажырауы,
кіндікбаудың алда жатуы немесе шығып кетуі,
көп ұрықты жүктілік кезіндегідей, жатырдың созылып кетуі немесе жыртылуға қарсылығының бұзылуы,
қағанақ суының көптігі,
көп ұрықты жүктілік,
кесарь тілігін немесе жатырдағы басқа да операцияларды бастан өткергеннен кейін тыртықтардың болуы
Окситоцинді жатырдың жиырылуы баяу жүретін, окситоцинге резистентті, ауыр преэклампсиялық токсемиясы немесе жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары бар пациент әйелдерде ұзақ уақыт бойы қолданбау керек.
Окситоцинді қынаптық простагландиндерді қолданғаннан кейінгі 6 сағат ішінде енгізуге болмайды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).