daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Ортофлекс Жақпа 30 Г | Таллинский фарм.завод

Актобе қаласындағы Ортофлекс Жақпа 30 Г | Таллинский фарм.завод
Сипаттама:

Түсі ақ немесе ақ дерлік жақпамай.

Халықаралық атауы:

Диклофенак

Өндіруші:

Таллинский фарм.завод

Өндіруші ел:

Эстонская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензилбензоат, карбомер, полисорбат-80, натрий гидроксиді, имидазолидинилмочевина, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Түсі ақ немесе ақ дерлік жақпамай.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг/г

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектерде және 14 жастан асқан балаларда қолданылады:

сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттің және буындардың тері жабындары тұтастығының бұзылуынсыз жарақатты зақымданулары (шығып кету, соғып алу, созылу)

ревматоидты артритте кешенді ем құрамында

Қарсы көрсеткіштер

Белсенді затқа немесе қандай бір қосымша затына жоғары сезімталдық

Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолдану кезінде бронх демікпесі («аспириндік» демікпе), есекжем немесе жедел ринит ұстамаларының туындауына бейімділік.

Жүктілік және лактация кезеңі.

Құрамында натрий диклофенагы бар басқа да препараттарды бір уақытта қолдану.

Пероральді ҚҚСД бір уақытта қолдану.

Тері жабындары тұтастығының бұзылуы (ашық жаралар, тері қабынуы немесе тері инфекциялары); жақпамайды экземаға немесе шырышты қабыққа жағуға болмайды.

14 жасқа дейінгі балалар.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Жақпамайды қабынған аумақтарға және ашық жараларға тигізбей зақымданбаған сау теріге ғана жағу керек.

Жақпамайдың көзге және шырышты қабыққа түсуіне жол бермеңіз.

Ішке қолдануға болмайды. Окклюзиялық (герметикалық) таңғышқа қолдануға болмайды.

Сақтықпен: бауыр порфириясы (асқыну), асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылыстары, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қан ұю бұзылыстары (оның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділік).

Жақпамай ультракүлгін сәулеленуіне (табиғи және жасанды күн жарығы) сезімталдықты арттыруы мүмкін; сондықтан дененің жақпамай жағылған бөлігіне тікелей күн сәулесін түсірмеу ұсынылады.

Демікпесі, поллинозы, мұрынның шырышты қабығы ісінулері (мұрын қуысы полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары немесе тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары (әсіресе поллинозға ұқсас сипмтомдарымен) бар, сондай-ақ ауыруды басатын және ревматизмге қарсы препараттар тобына жататын ҚҚСД жоғары сезімталдығы бар пациенттерде демікпелік күй (анальгетикалық интолеранттылық/«аспириндік» демікпе), тері мен шырышты қабық (Квинке ісігі) ісінулері немесе есекжем туындау қатері жоғарылайды. Бұл пациенттер натрий диклофенагын тек белгілі алдын ала сақтануларды ескере отырып және дәрігердің тікелей бақылауымен қолдануы мүмкін. Бұл тері реакциялары, қышыну және есекжем түрінде білінген басқа препараттарға жоғары сезімталдығы бар пациенттерге де қатысты.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті қолдану кезінде натрий диклофенагының жүйелік абсорбциясы өте төмен болғандықтан өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

14 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті қолдану кезінде натрий диклофенагының жүйелік абсорбциясы өте төмен болғандықтан өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

14 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға: ауыратын аумақтың көлеміне байланысты, диаметрі шамамен 2-2,5 см шағын шар пішіндес түрдегі жақпамайды күніне 3-4 рет, теріні ақырын ысқылап жағады. Бір реттік доза – 2-4 г. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 16 г. Ең жоғарғы апталық доза – 112 г.

Препаратты жаққаннан кейін егер тек бұл өңделмеген аймақ болмаса қолды жуу ұсынылады.

Балалар мен жасөспірімдер

Жақпамайды 14 жастан асқан жасөспірімдерде қолдану ықтимал. Арнайы дозалау режимі қажет емес.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы адамдар үшін дозаны таңдау міндетті емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы емнің көрсеткіштері мен тиімділігіне байланысты.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Кездейсоқ ішке қабылдап қойған жағдайда гипотония, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, асқазан-ішек жолының тітіркенуі және тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты асқынулар байқалуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігермен, фармацевтика қызметкерімен немесе медбикемен кеңесіңіз.

Препаратты дәрігердің ұсынысынсыз 14 күннен артық қолдануға болмайды. Егер екіден артық ірі буынға ем жүргізіліп жатса дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Препаратты тағайындаусыз қолданған жағдайда егер 7 күн қолданған кейін пациенттің жағдайы өзгермесе дәрігерге қаралу қажет.

Шығарылу түрі

30 г немесе 50 г препараттан ішкі беті лакпен жабылған, мойнында қорғаныш алюминий жарғақшасы және пластмассадан жасалған бұралатын бушонда жарғақшаны тесуге арналған конус сияқты құрылғысы бар сықпаларға салынады.

Сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

30 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыОртофлекс жақпа 30 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube