Құрамы
Бір қораптың ішінде
белсенді зат - үлкен жолжелкен жапырақтары 30 г
Бір қораптың ішінде
белсенді зат - үлкен жолжелкен жапырақтары 30 г
Кешенді ем кезінде:
- бронхиттерде
- қышқылы төмен гастриттерде, энтериттер мен колиттерде, ойық жара ауруында
Сыртқа дәкені сулап басу және шаю үшін:
- соғып алуларда, жаңадан кесіп алғанда және жараланғанда, созылмалы ойық жараларда, жыланкөзде, іріңді жараларда және сыздауықта.
- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық
- гиперацидтік гастрит
- қышқылдығы жоғары асқазанның ойық жара ауруы
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- бас сүйек –ми жарақаты, ми аурулары
- жүктілік және лактация кезеңі
- алкоголизм
- 12 жасқа дейінгі балалар жасы
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
12 жастан бастап дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қолданылмайды
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың көлік құралын басқару қабілетіне әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дозалау режимі
Шамамен 10 г (2 ас қасық) препаратты эмальді ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады, 30 минут бойы қайнаған суда (су моншасында) қыздырады, бөлме температурасында 10 минут бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек. 1/2-1/3 стақаннан күніне 3-4 рет тамақтанар алдында 10-15 минут бұрын қабылдайды. Қолданар алдында шайқау керек.
Емдеу курсын әр науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.
Қолдану тәсілі
Ішке, сыртқа
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек.
30 г препараттан полипропилен немесе полимер үлбірмен және біріктірілген материалдан жасалған пакеттерде, картон қорапшаға салынған, онда медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған.
Қорапша полипропилен үлбірмен жабылады, сосын медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті мөлшерімен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдық ыдысқа салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 34₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Актобе:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
334₸
300₸
34₸