daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Жолжелкен Шырыны Бөтелке 100 Мл | Лубныфарм ОАО

Қоймада жоқ
Актобе қаласындағы Жолжелкен Шырыны Бөтелке 100 Мл | Лубныфарм ОАО
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар қоңыр-қошқыл түсті сұйықтық. Сақтау кезінде шөгіндінің тұнуына жол беріледі. Қолданар алдында шайқау керек.

Өндіруші:

Лубныфарм ОАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

үлкен жолжелкен жапырақтары шырыны 50 мл; қосымша заттар: этанол 96%, натрий метабисульфиті (Е 223).

Дәрілік түрі:

Ішке қабылдауға арналған сұйықтық, 100 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- гастриттерде

- асқазан сөлінің бөлінуінің төмендеуі аясында болатын функционалды диспепсияда

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

гиперацидті гастрит

жоғары қышқылдылығы бар асқазанның ойық жара ауруы

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

- бассүйек-ми жарақаты, ми ауруы

- жүктілік және лактация кезеңі

- маскүнемдік

- эпилепсия

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын препараттардың, транквилизаторлардың, нейролептиктердің, алкогольдің әсерін көтермелеуі мүмкін.

Антацидтер және Н2-блокаторлар препарат тиімділігін азайтады.

Өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын препараттардың, транквилизаторлардың, нейролептиктердің, алкогольдің әсерін көтермелеуі мүмкін.

Антацидтер және Н2-блокаторлар препарат тиімділігін азайтады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Қолданар алдында шайқау керек.

Жолжелкен шырынын тамақтанғанға дейін 15-30 минут бұрын ішуге тағайындайды.

Күніне 1 ас қасықтан 3 рет қабылдайды.

Енгізу әдісі және жолы

Жолжелкен шырынын тамақтанғанға дейін 15-30 минут бұрын ішуге тағайындайды.

Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі

Күніне 1 ас қасықтан 3 рет қабылдайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы - 30 күн.

Пациенттердің ерекше тобы

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Артық дозалану жағдайы сипатталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Әрқашан осы препаратты дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Егер күмән туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Белгісіз

- аллергиялық реакциялар, оның ішінде гиперемия, бөртпе, қышыну, терінің ісінуі

- қыжыл

- препарат құрамына кіретін метабисульфит аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларын, бронх түйілуін туындатуы мүмкін.

Шығарылу түрі

Ниппельді тығынмен және бұралып жабылатын қақпақпен тығындалған құтыларда 100 мл-ден.

Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Қорапшалар хром-эрзац макулатуралық немесе қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Сақтау кезінде шөгіндінің тұнуына жол беріледі

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «жолжелкен шырыны бөтелке 100 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

03006009001200150012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыжолжелкен шырыны бөтелке 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube