daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Жартылай Вастерол Таблеткалары 10 Мг №30 | Polpharma S.A.

Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «5» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (5 мг доза үшін).    Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «10» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг доза үшін).    Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «20» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (20 мг доза үшін).   

Халықаралық атауы:

Розувастатин

Өндіруші:

Polpharma S.A.

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты (1 тип), лактоза моногидраты (2 тип), микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, кроссовидон В типі, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты; қабық - Опадри II Ақ 33G28523: гипромеллоза 2910 (6 cP), лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин, титанның қостотығы (E171)    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «5» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (5 мг доза үшін).    Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «10» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг доза үшін).    Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «20» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (20 мг доза үшін).   

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 5.20 мг, 10.40 мг немесе 20.80 мг кальций розувастатині (5.00 мг, 10.00 мг немесе 20.00 мг розувастатинге баламалы)      

қосымша заттар: лактоза моногидраты (1 тип), лактоза моногидраты (2 тип), микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, кроссовидон В типі, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты;

қабық - Опадри II Ақ 33G28523: гипромеллоза 2910 (6 cP), лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин, титанның қостотығы (E171)   

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «5» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (5 мг доза үшін).   

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «10» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг доза үшін).   

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «20» өрнегі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (20 мг доза үшін).   

Қолдану көрсеткіштері

 гиперхолестеринемияны емдеу        

Алғашқы гиперхолестеринемия (IIa типі, гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемия (IIb типі) бар ересектер, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан үлкен балаларда диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жүктемесі, дене салмағын азайту) жеткіліксіз болғанда диетаны толықтыратын қосымша дәрі ретінде.

Ересектер, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан үлкен балаларда гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияда диетаны және липидтер деңгейін төмендетудің басқа әдістерін (мысалы, ТТЛП аферезі) толықтыратын қосымша дәрі ретінде немесе емдеудің осындай әдістері мақсатқа сай болмағанда.

атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулар профилактикасында қосымша ем ретінде.       

Қарсы көрсеткіштер

Розувастатин келесі жай-күйлерде қарсы көрсетілімді:

розувастатинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде

  сарысулық трансаминазалардың түсіндірілмейтін тұрақты жоғарылауын және қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе асып кететін сарысу трансаминазаларының кез келген жоғарылауын қоса, белсенді фазадағы бауыр ауруы бар пациенттерде

 бүйректің ауыр зақымдануы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)   бар

пациенттерде

миопатия бар пациенттерде

бір мезгілде софосбувир/велпатасвир/воксилапревир қабылдап жүрген пациенттерде

бір мезгілде циклоспорин қабылдайтын   пациенттерде

жүктілік кезінде және лактация кезеңінде және тиісті контрацепция

шараларын пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдерде

6 жасқа дейінгі балаларға

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің

тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорциясы   бар тұлғалар.

Миопатия/рабдомиолиз дамуына бейімдейтін факторлар бар пациенттерге 40 мг дозасы қарсы көрсетілімді. Осындай факторларға мыналар жатады:

бүйрек функциясының орташа бұзылуы (креатинин клиренсі < 60 мл/мин)

гипотиреоз

тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларын қамтитын жеке немесе отбасылық анамнез

анамнездегі ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қолдану кезіндегі бұлшықеттерге уытты әсері

шамадан тыс алкоголь тұтыну

қан плазмасында концентрация жоғарылауын туындатуы мүмкін

жағдайлар

азиялық пациенттер

фибраттарды қатарлас қолдану

балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Пациентте миастения немесе анамнезінде миастения жағдайлары (жалпы бұлшықет әлсіздігі бар аурулар, ал кейбір жағдайларда, тыныс алу бұлшықеттерін қоса) немесе көз миастениясы (көз бұлшықеттерінің әлсіздігі) болғанда статиндер қабылдау кейде жай-күйді нашарлатуы немесе миастения туындауына алып келуі мүмкін.

Бүйрекке қатысты әсерлері

Тест-жолақ көмегімен (негізінен тубулярлы) тест өткізу кезінде анықталған протеинурия розувастатиннің жоғары дозаларын, атап айтқанда, 40 мг дозасын қабылдаған пациенттерде байқалды және өткінші болды немесе көптеген жағдайларда мезгіл-мезгіл байқалды. Протеинурия жедел немесе үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі дамуының хабаршысы болмады. Тіркеуден кейінгі кезеңде бүйрек тарапынан болатын күрделі құбылыстар жиілігі 40 мг дозаны қолдану кезінде жоғары болды. Бүйрек функциясына бағалау жүргізу қажеттілігі 40 мг дозаны қабылдап жүрген пациенттерді дағдылы қадағалау барысында ескерілу керек.   

Қаңқа бұлшықеттеріне қатысты әсерлері

Пациенттерде розувастатинді қолдану кезінде дозаларының бүкіл деңгейлерін, атап айтқанда, > 20 мг дозасын қолданғанда миалгия, миопатия және сирек жағдайларда рабдомиолиз сияқты қаңқа бұлшықеттері тарапынан болатын әсерлері тіркелді.

Рабдомиолиздің өте сирек жағдайлары эзетимибті ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен біріктірілімде қолдану кезінде тіркелді. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерін жоққа шығаруға болмайды, ал препараттарды біріктірілімде абайлап қолдану керек.

ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегі сияқты, тіркеуден кейінгі кезеңде розувастатинмен байланысты рабдомиолиз жағдайларының жиілігі 40 мг дозаны қолданғанда жоғары болды. 

Креатинкиназа деңгейін анықтау

Креатинкиназа (КК) деңгейін ауыр физикалық жүктемеден кейін немесе КК арттыратын кез келген ықтималды баламалы себептер болғанда анықтауға болмайды, өйткені бұл нәтиженің түсіндірілуін қиындатуы мүмкін. Егер КК деңгейлері бастапқы деңгейінде едәуір жоғары болса (> 5 x ҚЖШ), 5-7 күн ішінде растау үшін тест өткізу керек. Егер қайта жасалған тест КК > 5 x ҚЖШ бастапқы деңгейін растаса, емдеуді бастауға болмайды.

Емдеуге дейін

Розувастатин, ГМГ-КоА-редуктазаның басқа да тежегіштері сияқты, миопатия/рабдомиолиз дамуына бейімдейтін факторлары бар пациенттерде сақтықпен тағайындалу керек. Осындай факторларға мыналар жатады:

бүйрек функциясының бұзылуы

гипотиреоз

тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларын қамтитын жеке немесе отбасылық анамнез

анамнездегі ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қолдану кезіндегі бұлшықеттерге уытты әсері

шамадан тыс алкоголь тұтыну

70 жастан асқандар

 плазмада препарат концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін

жағдайлар

фибраттарды қатарлас қолдану.

Осындай пациенттерде болжамды пайдасын ескерумен емдеу қаупін бағалау керек; бұдан бөлек, клиникалық мониторинг ұсынылады. Егер КК деңгейі бастапқы деңгейде (> 5 x ҚЖШ) едәуір жоғары болса, емдеуді бастауға болмайды.

Емдеу кезінде

Пациенттерден бұлшықеттерде түсініксіз ауырсыну, әлсіздік немесе құрысулардың пайда болуы туралы, әсіресе, егер олар дімкәстанумен немесе қызбамен біріккен болса, дереу мәлімдеуін өтіну керек. Осы пациенттерде КК деңгейлерін өлшеу керек. Егер КК деңгейі едәуір жоғарыласа (> 5 x ҚЖШ) немесе егер бұлшықет симптомдары ауыр болса және күнделікті жайсыздық тудырса (тіпті егер KK деңгейлері 5 x ҚЖШ болса да), емді тоқтату керек. Егер симптомдар басылса және КК деңгейлері қалыпты күйлеріне оралса, мұқият мониторинг аясында ең төмен дозада розувастатинмен немесе баламалы ГМГ-КоА-редуктаза тежегішімен емдеуді жаңғырту қарастырылу керек. Симптомдар байқалмайтын пациенттерде КК деңгейіне дағдылы мониторинг қажет емес. Статиндермен, оның ішінде розувастатинмен емделу кезінде немесе одан кейін иммунологиялық сипатта некроздаушы миопатия (ИСНM) жағдайлары жөнінде өте сирек хабарламалар болды. Клиникалық тұрғыда, ИСНM статиндермен емдеуді тоқтатуға қарамастан сақталатын проксимальді бұлшықеттердің әлсіздігімен және сарысудағы креатинкиназа деңгейінің артуымен сипатталады.

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін гемфиброзил, циклоспорин, никотин қышқылы, зеңге қарсы азол препараттары, протеазалар тежегіштері мен макролидтерді қоса, фиброй қышқылының туындыларымен бірге қабылдап жүрген пациенттерде миозит және миопатия жағдайларының саны жағынан көбеюі білінді. Гемфиброзил ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштерімен бір мезгілде қолданылғанда миопатияның даму қаупін арттырады. Сондықтан розувастатин мен гемфиброзил біріктірілімін қолдану ұсынылмайды. Розувастатинді фибраттармен немесе ниацинмен біріктіріп қолданғанда липидтер деңгейлерінің одан әрі өзгеруінен болатын пайдасын осындай біріктірілімдерді қолданудың ықтималды қауіптеріне қатысты мұқият бағалау керек. 40 мг розувастатин дозасын қолдану фибраттарды бір мезгілде қолданғанда қарсы көрсетілімді. 

Полвастерол препаратын фузид қышқылының жүйелі дәрілік түрлерімен бірге немесе фузид қышқылымен емдеуді тоқтатудан кейін 7 күн бойы тағайындауға болмайды. Фузид қышқылы жүйелі препаратын қолдану қажет болып танылған пациенттерде фузид қышқылымен емдеу кезеңінде статинмен емдеу тоқтатылуы тиіс. Фузид қышқылымен және статиндермен біріктірілген ем қабылдап жүрген пациенттерде рабдомиолиз дамуы (оның ішінде, өліммен аяқталған бірнеше жағдай) туралы хабарламалар бар. Пациентке кез келген бұлшықет әлсіреуі, ауыруы немесе ауырсынуы симптомдары туындағанда шұғыл дәрігерге қаралуға кеңес беру керек. Статинмен емді фузид қышқылының соңғы дозасынан кейін жеті күн өткен соң жаңғыртуға болады. Фузид қышқылын, мысалы - ауыр инфекцияларды емдеу үшін ұзақ уақыт жүйелі қолдану қажет болатын айрықша жағдайларда Полвастерол препараты мен фузид қышқылын бірге қолдану қажеттілігін тек әркімде жеке негізде және мұқият медициналық қадағалаумен бағалау қажет.

Розувастатинді миопатия болуын айғақтайтын немесе рабдомиолиз салдарынан бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына бейімдейтін жедел күрделі жай-күйі (мысалы, сепсис, гипотония, ауқымды хирургиялық араласу, жарақат, ауыр метаболизмдік, эндокриндік және электролиттік бұзылулар немесе бақыланбайтын құрысулар) бар кез келген пациентте қолдануға болмайды.

Бауыр тарапынан әсерлері

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегі сияқты, розувастатин шектен тыс мөлшерде алкоголь тұтынатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек.

Емдеуді бастар алдында және ем басталуынан кейін 3 ай өткен соң бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтау ұсынылады. Егер сарысулық трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен көп асып кеткен жағдайда розувастатинмен емдеу тоқтатылуы тиіс немесе дозасы азайтылуы тиіс. Тіркеуден кейінгі кезеңде бауыр тарапынан күрделі құбылыстар жағдайларының жиілігі (негізінен бауыр трансаминазалары деңгейінің артуы) 40 мг дозасын қолданғанда жоғары болды. 

Гипотиреоз немесе нефроздық синдроммен байланысты салдарлы гиперхолестеринемия бар пациенттерде негізгі ауруды емдеу розувастатинмен емнің басталуына дейін жүргізілу керек.

Тері тарапынан болатын жағымсыз реакциялар

Розувастатин қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромын қоса (SJS), терінің ауыр дәрежедегі жағымсыз реакциялары және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) болатын дәрілік реакциялар өмірге қауіпті болуы немесе өліммен аяқталуы мүмкін. Полвастерол препараты тағайындалғанда пациенттер терінің ауыр жағымсыз реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлануы, ал кейін осы пациенттер мұқият қадағаланауы тиіс.

Стивенс-Джонсон синдромы, әдетте, бүкіл денеде көбіне ортасында күлбіреуігі бар қызғылтым дөңгелек дақтардың шығуымен, терінің қабыршақтануымен, ауызда, тамақта, мұрын жолдарында, гениталий мен көзде ойық жаралар пайда болуымен сипатталады. Осы терідегі күрделі бөртудің алдында қызба мен тұмау тәрізді симптомдар болуы мүмкін.

DRESS синдромы немесе дәрілік препаратқа аса жоғары сезімталдық синдромы қаптаған бөртпенің пайда болуымен, жоғары дене температурасымен және лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталады.

Осындай жағымсыз реакцияларды көрсететін белгілері мен симптомдар туындағанда Полвастерол препаратын дереу тоқтату және баламалы емдеу тағайындау қажет.

Егер Полвастерол препаратын қолдану кезінде пациентте Стивенс-Джонсон синдромы сияқты күрделі жағымсыз реакция немесе эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен болатын дәрілік реакция дамыса, осы пациентте препаратпен тұрақты негізде емдеуді тоқтату керек.

Протеаза тежегіштері

Розувастатинді ритонавирмен біріктірілімде протеазаның әртүрлі тежегіштерімен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде розувастатиннің жүйелі экспозициясының ұлғаюы байқалды. Протеаза тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде розувастатинмен емдеу басталған уақытта және оның дозасын арттыру кезінде протеаза тежегіштерін алатын АИТВ жұқтырған пациенттерде розувастатиннің гиполипидемиялық әсерінің пайдасын және плазмадағы розувастатин концентрациясының жоғарылау мүмкіндігін бағалау керек. Егер розувастатин дозасын түзету жүргізілмесе, протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Өкпенің интерстициальді ауруы

Өкпенің интерстициальді ауруының жекелеген жағдайлары кейбір статиндерді, әсіресе, ұзаққа созылатын ем кезінде қолданғанда тіркелді. Симптомдар ентігу, өнімсіз жөтелу және жалпы хал-ахуал нашарлауын (қажып кету, салмақ жоғалту және қызба) қамтуы мүмкін. Егер өкпенің интерстициальді ауруының барына күмән туындаса, статиндермен емді тоқтату керек.

Қант диабеті

Кейбір деректер статиндер класы препараттарының қандағы глюкоза мөлшерін көбейтетінін айғақтайды, ал қант диабетінің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде келешекте бұл диабеттің бейресми жағдайы деп санауға болатын гипергликемия деңгейіне әкелуі мүмкін. Алайда, бұл қауіп статиндерді қолданғанда тамырлық қауіп төмендеуімен компенсацияланады, сондықтан да статиндермен емдеуді тоқтатуға себеп бола алмайды. Қауіп тобының пациенттеріне (аш қарындағы глюкозаның 5,6-дан 6,9 ммоль/л дейінгі деңгейі, ДСИ > 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейі, гипертензия) ұлттық стандарттарға сәйкес мұқият клиникалық және биохимиялық мониторинг өткізіледі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тасымалдаушы ақуыздарды тежеу

Розувастатин – бауырда заттарды қармауға қатысатын OATP1B1 тасымалдаушысын және BCRP эффлюксті тасымалдаушысын қоса, кейбір тасымалдаушы ақуыздардың субстраты. Розувастатинді осы тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану плазмада розувастатин концентрациясының жоғарылауына және миопатия қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Циклоспорин

Розувастатин бір мезгілде циклоспорин қабылдап жүрген пациенттерде қолдану үшін қарсы көрсетілімді. Бір мезгілде қолдану циклоспориннің плазмалық концентрациясына ықпал етпейді.

Протеаза тежегіштері

Розувастатин және протеаза тежегіштерінің кейбір біріктірілімдерін бір мезгілде қолдануды розувастатин экспозициясының күтілетін ұлғаюын ескере отырып, розувастатин дозасын түзетуді мұқият бағалаудан кейін қарастыруға болады.

Эзетимиб

Бір мезгілде 10 мг розувастатин мен 10 мг эзетимиб қолдану гиперхолестеринемия бар пациенттерде розувастатиннің AUC көрсеткішінің 1,2 есе артуына әкелді. Жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін розувастатин мен эзетимиб арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды.  

Гемфиброзил және басқа гиполипидемиялық препараттар

Розувастатин мен гемфиброзилді бір мезгілде қолдану розувастатин Cmax және AUC көрсеткіштерінің 2 есе артуына әкелді.

Арнайы өзара әрекеттесу зерттеулерінің деректері негізінде фенофибраттармен маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер күтілмейді, алайда фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар және ниацин (никотин қышқылы) гиполипидемиялық дозаларда (≥ 1 г/тәулік) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда миопатияның даму қаупін арттырады; ықтималды түрде, бұл олардың бөлек қолданылғанда миопатияны тудыруы мүмкін екенімен байланысты. Фибраттарды бір мезгілде қолдану кезінде розувастатиннің 40 мг дозасын қолдану қарсы көрсетілімді. Осы пациенттер де емдеуді 5 мг дозадан бастауы тиіс.   

Антацидтер

Розувастатинді құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацидті суспензиямен бір мезгілде қолдану қан плазмасында розувастатин концентрациясының шамамен 50% төмендеуіне әкеледі.

Осы әсері розувастатиннен кейін 2 сағат өткен соң антацид қабылдағанда азайды. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәні зерттелмеді.

Эритромицин

Розувастатин мен эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатин AUC 20% төмендеуіне және Cmax 30% төмендеуіне әкелді. Бұл өзара әрекеттесу эритромицин тудырған ішектің жиырылу қабілетінің артуымен байланысты болуы мүмкін.

Тикагрелор

Тикагрелор қабылдау розувастатиннің бүйректік экскрециясына ықпалын тигізуі және оның организмде жиналу қаупін арттыруы мүмкін. Нақты әсер ету механизмі белгісіз болса да, кейбір жағдайларда тикагрелор мен розувастатинді бірге қабылдау бүйрек функциясының төмендеуіне, КФК деңгейінің артуына және рабдомиолиз дамуына алып келді.

Р450 цитохромының ферменттері

Розувастатин P450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші немесе индукторы емес. Бұдан бөлек, розувастатин – осы изоферменттерге сай келмейтін субстрат. Осылайша, P450 цитохромы арқылы метаболизм нәтижесінде болатын дәрілік өзара әрекеттесулер күтілмейді. Розувастатин мен флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші) немесе кетоконазолдың (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіші) арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері байқалмайды.

Розувастатин дозасын түзетуді талап ететін өзара әрекеттесулер (1 кестені де қараңыз)

Розувастатин экспозициясын арттыратын басқа дәрілік заттармен розувастатинді бір мезгілде қолдану қажет болса, розувастатин дозасын түзету керек. Егер экспозицияның (AUC) шамамен 2 есе немесе одан көп ұлғаюы күтілсе, емдеуді тәулігіне бір рет розувастатинің 5 мг дозасынан бастау керек. Розувастатиннің ең жоғары тәуліктік дозасы розувастатиннің күтілетін экспозициясы өзара әрекеттеспейтін дәрілік препараттардың тәулігіне 40 мг дозасын, мысалы, 20 мг розувастатинді гемфиброзилмен (1,9 есе артуы) немесе 10 мг розувастатинді атазанавир/ритонавир біріктірілімімен (3,1 есе артуы) қолдану кезіндегісінен аспайтындай үлгіде түзетілуі тиіс.    

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар

Препарат құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын аурулары, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Препараттың қабықпен қапталған бір таблеткасында 1 ммоль мөлшерінен аз (23 мг) натрий бар, яғни оның «құрамында натрий жоқ» деп саналады.

Нәсілдік тегі

Фармакокинетикалық зерттеулер, еуропалық нәсіл өкілдерімен салыстырғанда, азиялық пациенттерде экспозиция ұлғаюын көрсетті.

Жүктілік және лактация кезеңі

Розувастатин жүктілік және лактация кезінде қолдануға қарсы көрсетілімді.

Бала туу жасындағы әйелдер тиісті контрацепция шараларын қолдануы тиіс.

Холестерин және басқа холестерин биосинтезі өнімдерінің шарана дамуы үшін маңызы зор екендіктен, ГМГ-КоА-редуктаза тежелісінің ықтималды қаупі жүктілік кезіндегі емдеу пайдасынан асып түседі. Жануарларда жүргізілген зерттеулер тұқым өрбіту қабілетіне уыттылығы туралы шектеулі деректер ұсынды. Егер пациент әйел осы препаратты қолдану кезінде жүкті болып қалса, емдеуді дереу тоқтату керек.

Розувастатин егеуқұйрықтарда емшек сүтімен бөлінеді. Адамда сүтпен экскрециялануы жөнінде деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде емделген уақытта бас айналу болуы мүмкін екенін ескеру керек. 

Қолдану бойынша ұсыныстар

Қолдану тәсілі

Емдеуді бастар алдында пациентке стандартты гипохолестеринемиялық диета тағайындалу керек, оны емделу кезінде де жалғастырған жөн. Доза емнің мақсатына және пациенттің емдеуге жауабына қарай қазіргізамандық жалпыға бірдей қабылданған нұсқауларға сәйкес әркімге жеке таңдалу керек.

Полвастеролды тәуліктің кез келген уақытында ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Дозалары

Гиперхолестеринемияны емдеу

Ұсынылған бастапқы доза бұрын статиндер алмаған пациенттер үшін де, ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегішінен ауысқан пациенттер үшін де тәулігіне бір рет пероральді 5 немесе 10 мг құрайды. Бастапқы доза холестерин деңгейін, келешекте жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін, сондай-ақ жағымсыз реакциялардың ықтималды даму қаупін ескере отырып, әр пациентке жеке таңдалу керек (төменнен қараңыз). Қажет болса, дозаны келесі деңгейге дейін түзетуді 4 апта өткен соң орындауға болады. Төменірек дозалармен салыстырғанда, 40 мг дозаны қабылдау аясында дамыған жағымсыз құбылыстар туралы жиілеп кеткен хабарламаларды назарға алып, 20 мг дозасын қолданғанда емдік мақсатына жетпеген және стандартты қадағалау жүргізілетін тек ауыр гиперхолестеринемияға шалдыққан және жүрек-қантамырлық қаупі жоғары пациенттерде (атап айтқанда, отбасылық гиперхолестеринемия бар тұлғаларда) ең жоғары 40 мг дозасына дейінгі соңғы титрлеу мүмкіндігін қарастыру керек. 40 мг дозадан басталатын старттық ем кезінде маман қадағалауы ұсынылады.     

Атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамыр асқынулары профилактикасында қосымша ем ретінде

Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг. 

Балалар қауымы

Балаларда емдеуді тиісті мамандар жүргізуі тиіс.

6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Таннер шкаласы бойынша II-V аз)

Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия

Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия бар балалар мен жасөспірімдерді емдеу, әдетте, күніне 5 мг дозадан басталады. 

Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия бар 6-дан 9 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза – күніне бір рет пероральді 5-10 мг. Осы қауымда 10 мг-ден асатын дозалар қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді.        

Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия бар 10-нан 17 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза – күніне бір рет пероральді 5-20 мг. Осы қауымда 20 мг-ден артық дозалар қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді.        

Балаларда қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда ұсынылғандай, дозаны титрлеу балалардағы жеке жауапқа және жағымдылығына сәйкес жүргізілуі тиіс. Розувастатинмен емдеуді бастар алдында балалар мен жасөспірімдер стандартты гипохолестеринемиялық диетаға ауысуы және розувастатинмен емдеудің бүкіл кезеңі бойына осы диетаны ұстануды жалғастыруы тиіс.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия бар 6-дан 17 жасқа дейінгі балаларда ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Бастапқы доза ретінде жасына, дене салмағына және статинді алдыңғы қолдануға қарай тәулігіне бір рет 5-тен 10 мг дейінгі дозасын пайдалану ұсынылады. Балаларды емдеу жөніндегі нұсқауларда көрсетілгендей, тәулігіне бір рет ең жоғары 20 мг дозаны титрлеу балалардағы жеке жауапқа және жағымдылығына сәйкес жүргізілу керек. Розувастатинмен емдеуді бастар алдында балалар мен жасөспірімдер стандартты гипохолестеринемиялық диетада болуы тиіс; розувастатинмен емдеу кезінде осындай диетаны ұстану жалғасу керек. Балалар мен жасөспірімдердің осы тобында басқа дозаларды (20 мг дозасынан басқа) пайдалану тәжірибесі шектеулі.    

40 мг таблеткасы балаларда пайдалануға сай келмейді. 

6 жасқа толмаған балалар

6 жасқа толмаған балаларда пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді. Сол себепті Полвастерол 6 жасқа толмаған балаларға қарсы көрсетілімді.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Бастапқы ұсынылатын доза > 70 жастағы пациенттерде 5 мг құрайды. Жасына байланысты дозаны өзгеше түзету қажет емес.  

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі дозалары

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар (креатинин клиренсі < 60 мл/мин) пациенттерде ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды. 40 мг доза бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімді. Розувастатиннің кез келген дозаларын қолдану бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде қарсы көрсетілімді.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозалау

Чайлд-Пью шкаласы бойынша индексі 7 балл және одан төмен пациенттерде розувастатиннің жүйелі экспозициясының ұлғаюы байқалмады. Алайда, Чайлд-Пью шкаласы бойынша индексі 8 және 9 пациенттерде розувастатиннің жүйелі экспозициясының ұлғаюы байқалды. Осындай пациенттерде бүйрек функциясын бағалау қажеттілігін ескеру керек. Чайлд-Пью шкаласы бойынша индексі 9-дан жоғары тұлғаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Розувастатин белсенді фазадағы бауыр ауруы бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімді.

Нәсілдік тегі

Азиялық пациенттерде жүйелі экспозиция ұлғаюы байқалды. Тегі азиялық пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды. Осындай пациенттерде 40 мг дозасы қолдануға қарсы көрсетілімді.  

Генетикалық полиморфизм

Генетикалық полиморфизмдердің спецификалық түрлері, белгілі болғандай, розувастатин экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Полиморфизмнің осындай спецификалық типтері бар пациенттерге розувастатиннің төменірек тәуліктік дозасын қолдану ұсынылады.

Миопатия дамуына бейімдейтін факторлар бар пациенттерде дозалау

Миопатия дамуына бейімдейтін факторлар бар пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды. 

Осы пациенттердің кейбірінде 40 мг доза қолдануға қарсы көрсетілімді. 

Қатарлас ем

Розувастатин – әртүрлі тасымалдаушы ақуыздар (мысалы, OATP1B1 және BCRP) субстраты. Розувастатиннің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін кейбір дәрілік препараттармен бір мезгілде розувастатинді қолдану кезінде, осы тасымалдаушы ақуыздармен өзара әрекеттесу салдарынан (мысалы, циклоспорин және протеазаның кейбір тежегіштері, ритонавирдің атазанавир, лопинавир және/немесе типранавирмен біріктірілімін қоса) миопатия қаупі (рабдомиолизді қоса) артады. Мүмкіндік болса, баламалы препараттарды қолдануды қарастыру, ал, қажет болған жағдайда розувастатинмен емді уақытша тоқтатуды қарастыру керек. Осы дәрілік препараттарды розувастатинмен бірге қолданбауға болмайтын жағдайларда, қатар жүргізілетін емнің пайдасы мен қауіптерін мұқият бағалау және розувастатин дозасын түзетуді қарастыру керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары – жағымсыз әсерлер симптомдарының айқындылығы.

Емдеу – симптоматикалық және демеуші шаралар. Бауыр функциясын және КФК деңгейін бақылау қажет. Гемодиализдің тиімді болу ықтималдығы аз.  

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Препараттың кезекті дозасын өткізіп алғанда оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер кезекті дозаны қабылдауға дейін көп уақыт қалмаса, оны жоспарланған уақытта қабылдау керек. Өткізіп алғанының орнын толтыру үшін препараттың екі есе дозасын қабылдауға болмайды.  

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қолдану жөнінде сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз. 

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Клиникалық зерттеулер деректеріне және тіркеуден кейін қолдану тәжірибесіне негізделген жағымсыз реакциялар:

Жиі (≥ 1/100, < 1/10)

қант диабеті (жиілігі қауіп факторларының болуына немесе болмауына байланысты болады: аш қарын қандағы глюкоза деңгейі ≥ 5,6 ммоль/л, ДСИ > 3 0 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, анамнезде гипертония болуы)     

бас ауыру, бас айналу     

іш қату, жүрек айну, іштің ауыруы     

миалгия     

астения     

Жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100)

қышыну, бөртпе, есекжем     

Сирек (≥ 1/10000, < 1/1000)

тромбоцитопения

 аса жоғары сезімталдық реакциялары,   ангионевроздық ісінуді қоса

панкреатит

    бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы     

миопатия (миозитті қоса), рабдомиолиз, бұлшықеттердің тарамдануы   

жегі тәрізді синдром     

Өте сирек (< 1/10000)

 полинейропатия, есте сақтай алмау   

сарғаю, гепатит     

артралгия     

гематурия     

гинекомастия     

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)

депрессия     

шеткері нейропатия, ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық пен түнгі

қорқынышты түстерді қоса)     

жөтел, ентігу     

диарея     

Стивенс-Джонсон синдромы     

иммунологиялық сипатта некроздаушы миопатия, сіңірлер тарапынан

кейбір жағдайларда олардың үзілуімен асқынып кететін   бұзылулар

ісіну     

миастения гравис (жалпы бұлшықет әлсіздігін, кейбір жағдайларда тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіреуін тудыратын ауру), миастенияның көздегі түрі (көз бұлшықеттерінің әлсіреуін тудыратын ауру). Егер пациент белсенділік кезеңінен кейін күшейіп кететін қол немесе аяқ әлсіздігін, көзге қос көрінуін немесе қабақтың түсіп кетуін, жұтыну кезіндегі қиналысты немесе ентігуді сезінсе, дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер қорына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

10 таблеткадан күңгірт жағы полиамидпен ламинацияланған, жылтыр жағы поливинилхлоридті үлбірмен және алюминий фольгамен (Ал/ОПА/Ал/ПВХ) ламинацияланған жұмсақ фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.    

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.   

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыжартылай Вастерол таблеткалары 10 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube