daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Преднизолон Таблеткалары 5 Мг №60 | ПАО Биосинтез

Актобе қаласындағы Преднизолон Таблеткалары 5 Мг №60 | ПАО Биосинтез
Сипаттама:

Ақ түсті, ойығы және сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Преднизолон

Өндіруші:

ПАО Биосинтез

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты (сүтті қант), желатин, кальций стеараттың моногидраты, картоп крахмалы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті, ойығы және сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ересектерге мен 3 жастан бастап балаларда қолдануға көрсетілген.

дәнекер тінінің жүйелік ауруларында (жүйелік қызыл жегі, склеродермия, түйінді периартериит, дерматомиозит, ревматоидты артрит)

буындардың жедел және созылмалы қабыну ауруларында – подагралық және псориаздық артрит, остеоартрит (соның ішінде жарақаттан кейінгі), полиартрит, иық-жауырын периартриті, шорбуынданған спондилоартрит (Бехтерев ауруы), ювенильді артрит, ересектерде Стилл синдромы, бурсит, спецификалық емес тендосиновит, синовит және эпикондилит

ревматикалық қызбада, жедел ревмокардитте

бронх демікпесінде, демікпелік статуста

жедел және созылмалы аллергиялық ауруларда – соның ішінде дәрілік заттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялар, сарысу құю ауруы, есекжем, аллергиялық ринит, Квинке ісінуі, дәрілік экзантема, поллиноз және т.б.

тері ауруларында – сулы бөртпе, псориаз, экзема, атопиялық дерматит (таралған нейродермит), жанаспалы дерматит (терінің үлкен беті зақымданған), токсидермия, себореялы дерматит, эксфолиативті дерматит, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), буллезді ұшық түріндегі дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы

алдын ала парентеральді қолданудан кейінгі мидың ісінуінде (соның ішінде мидың ісінуі аясында немесе хирургиялық араласыммен, сәулемен емдеумен немесе бастың жарақаттануымен байланысты)

көздің аллергиялық ауруларында – конъюнктивиттің аллергиялық түрлері

көздің қабыну ауруларында – симпатикалық офтальмия, ауыр солғын ағымды алдыңғы және артқы увеиттер, көру жүйкесінің невриті

бүйрекүсті безі функциясының алғашқы немесе салдарлық жеткіліксіздігінде (соның ішінде бүйрекүсті бездерін алып тастағаннан кейін)

бүйрекүсті бездерінің туа біткен гиперплазиясында

генезі аутоиммундық бүйрек ауруларында (соның ішінде жедел гломерулонефрит); нефротикалық синдромда (соның ішінде липоидты нефроз аясында)

жедел тиреоидитте

қан және қан түзу жүйесінің ауруларында – агранулоцитоз, панмиелопатия, аутоиммундық гемолитикалық анемия, лимфо- және миелоидты лейкоздар, лимфогранулематоз, тромбоцитопениялық пурпура, ересектерде салдарлық тромбоцитопения, эритробластопения (эритроцитарлы анемия), туа біткен (эритроидты) гипопластикалық анемия

өкпенің интерстициальді ауруларында – жедел альвеолит, өкпе фиброзы, ІІ-ІІІ сатыдағы саркоидоз

туберкулез менингитінде, өкпе туберкулезінде, аспирациялық пневмонияда (спецификалық химиялық емдеумен біріккен)

бериллиозда, Леффлер синдромында (басқа емге көнбейтін); өкпе обырында (цитостатиктермен біріктіріп)

шашыранды склерозда

асқазан-ішек ауруларында – ойық жаралы колит, Крон ауруы, жергілікті энтерит

гепатитте

ағзаларды ауыстырып салғанда трансплантаттың ажырау реакциясының алдын алуда

онкологиялық аурулар аясындағы гиперкальциемияда

миелома ауруында

Қарсы көрсеткіштер

Преднизолонға немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

лактаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, сахароза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

3 жасқа дейінгі балаларға

жүктіліктің III триместрі немесе лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Мынандай аурулар мен жағдайларда сақтықпен тағайындалуы керек:

асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурында, эзофагитте, гастритте, жедел немесе латентті пептидтік ойық жарада, жақында ғана жасалған ішек анастомозында, тесілу немесе абсцесске айналу қаупі бар спецификалық емес ойық жаралы колитте, дивертикулитте

паразитарлық және табиғаты вирустық, зеңдік немесе бактериялық (қазіргі кезде немесе жақын арада орын алған, бұған жақын арада аурулармен қарым-қатынаста болуын қоса) жұқпалы ауруларда - қарапайым ұшық, белдемелі герпес (виремиялық фаза), желшешек, қызылша; амебиаз, стронгилоидоз; жүйелік микоз; белсенді және латентті туберкулез. Ауыр жағдайдағы жұқпалы аурулар кезінде қолдануға тек спецификалық ем аясында ғана жол беріледі

вакцинациялау алдындағы немесе одан кейінгі кезең (вакцинациядан 8 апта бұрын және одан 2 апта кейін) БЦЖ екпесінен кейінгі лимфаденит. Иммунитет тапшылығы жағдайы (соның ішінде ЖИТС немесе АИВ жұқтырғандар)

жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, соның ішінде жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, гиперлипидемия

қант диабеті (соның ішінде көмірсуларға деген төзімділіктің бұзылуы), тиреотоксикоз, гипотиреоз, Иценко-Кушинг ауруы, семіру (ІІІ-ІV сатысы)

бүйрек және/немесе бауыр функциясының созылмалы ауыр жеткіліксіздігі, нефроуролитиаз

гипоальбуминемия және оның дамуына бейім жағдай (бауыр циррозы, нефротикалық синдром)

жүйелік остеопороз, миастения gravis, жедел психоз, полиомиелит (бульбарлы энцефалит түрінен басқасы), ашық және жабық бұрышты глаукома

жүктілік

балаларда өсу кезінде глюкокортикостероидтар тек абсолютті көрсетілімдері бойынша және емдеуші дәрігердің тиянақты бақылауымен қолданылуы тиіс

Өзара әрекеттесуі

Преднизолонды мыналармен бір мезгілде тағайындағанда:

"бауырдың" микросомалъды ферменттерінің индукторларымен (фенобарбитал, рифампицин, фенитоин, теофиллин, эфедрин) оның концентрациясының төмендеуіне әкеледі;

диуретиктермен (әсіресе, "тиазидтік" және карбоангидраза тежегіштерімен) және В амфотерицинмен бірге тағайындағанда организмнен К+ иондарының шығарылуын арттыруы мүмкін;

құрамында натрий бар препараттармен – ісінулер және артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі;

В амфотерицинменжүрек функциясы жеткіліксіздігінің орын алу қаупі арта түседі;

жүрек гликозидтеріменоның жағымдылығы нашарлайды, және қарыншалық экстрасистолияның (гипокалиемияның салдарынан) даму қаупі арта түседі;

әсері тікелей емес антикоагулянттармен - олардың әсерін (сирек-күшейтеді) төмендетеді (дозасын түзетуді қажет етеді);

антикоагулянттармен және тромболитиктерменасқазан-ішек жолдары ойық жарасынан қан кету қаупі жоғарылайды;

этанолмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) - бірге қолданғанда асқазан-ішек жолдарында эрозивті-ойық жараның пайда болу қаупі күшейіп, қан кетулер пайда болуы мүмкін (артриттерді ҚҚСП-пен біріктіріп емдегенде емдік әсерлердің қосылуына байланысты глюкокортикостероидтардың дозасы төмендеуі мүмкін);

парацетамолмен – гепатоуыттылықтың (бауыр ферментерінің индукциясы және парацетамолдың уытты метаболитінің пайда болуы) даму қаупі арта түседі;

ацетилсалицил қышқылыменоның шығарылуын жылдамдатып, қандағы концентрациясын төмендетеді (преднизолонды қабылдауды тоқтатқанда қандағы салицилаттардың деңгейі жоғарылайды және жағымсыз құбылыстардың пайда болу қаупі артады);

инсулинмен және пероральді гипогликемиялық препараттармен, гипотензивті дәрілермен - олардың тиімділігі азаяды;

D витаминімен – ішекте кальций иондарының (Са2+) сіңуіне ықпалы төмендейді;

соматотропты гормонмен соңғысының тиімділігі төмендейді, ал празиквантелмен біргеоның концентрациясын төмендетеді;

М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттарды және үшциклді антидепрессантарды М-холиноблоктау белсенділігімен қосқанда) және нитраттармен бірге – көзішілік қысымның жоғарылауына мүмкіндік береді;

изониазид пен мекселетин олардың метаболизмін арттырады (әсіресе "баяу" ацетилаторлардың), бұл олардың плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкеп соғады.

Карбоангидразаның тежегіштері және "ілмектік" диуретиктер остеопороздың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Индометацин, преднизолонды альбуминдермен байланысынан ығыстыра отырып, оның жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады.

Адренокортикотропты гормон (АКТГ) преднизолонның әсерін күшейтеді.

Эргокальциферол және паратгормон преднизолонның әсерінен туындайтын остеопатияның дамуына кедергі жасайды.

Циклоспорин мен кетоконазол преднизолонның метаболизмін баяулата отырып, бірқатар жағдайларда оның уыттылығын арттыруы мүмкін.

Андрогендер мен стероидты анаболиялық препараттарды преднизолонмен бір мезгілде тағайындау шеткергі ісінулердің және гирсутизмнің дамуына, безеулердің пайда болуына жағдай жасайды.

Эстрогендер мен құрамында эстрогендер бар пероральді контрацептивтер преднизолонның клиренсін төмендетеді, бұл оның әсерінің күшеюімен қатар жүруі мүмкін.

Митотан және бүйрекүсті безі қыртысы функциясының басқа да тежегіштері преднизолон дозасын жоғарылатуды қажет етуі мүмкін.

Вирустарға қарсы тірі вакциналармен бір мезгілде және басқа түрдегі иммунизациялау аясында қолданғанда – вирустардың белсенділігі артып, жұқпаның даму мүмкіндігі арта түседі.

Антипсихотикалық дәрілер (нейролептиктер) және азатиоприн преднизолонды қолданған кезде катарактаның даму қаупін арттырады.

Иммунодепрессанттар жұқпалардың және лимфоманың немесе Эпштейн-Барр вирусынан туындаған басқа да лимфопролиферативтік бұзылулардың даму қаупін арттырады.

Антацидтермен бір мезгілде қолдану преднизолонның сіңуін төмендетеді.

Антитиреоидты препараттармен бір мезгілде қолданғанда преднизолонның клиренсі төмендейді, ал тиреоидты гормондармен қолданғанда – жоғарылайды.

Шығарылу түрі

БП полимерлі типті банкілерге 60 таблеткадан салынған.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Әрбір банкі немесе 6 пішінді ұяшықты қаптама қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПреднизолон таблеткалары 5 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube