Өзара әрекеттесуі
Кортикоидтық әсер рифампицин, фенитоин, примидон, барбитураттар, карбамазепин және аминоглютетимид сияқты CYP3A4 индукторларын қолданғанда әлсірейді.
Кортикоидтық әсер CYP3A4: (кетоконазол, ритонавир), эритромицин, тролеандромицин блоктайтын заттектерді қолданғанда күшейеді.
Асқазан-ішек жолдарының ағзалары және зат алмасу
Гипогликемиялық препараттар
Преднизолон ШТАДА қандағы қант деңгейін арттыру арқылы гипогликемиялық препараттардың әсеріне кедергі келтіреді. Жағымсыз әсер: гипергликемияның даму қаупі жоғары.
Жүрек-қантамыр дәрілері
Калий шығаратын диуретиктер (тиазидтер, фуросемид және т. б.)
Бүйректегі калийдің қосымша жоғалу әсері. Жағымсыз әсер: гипокалиемия және кейінгі жүрек аритмияларының даму қаупі жоғары .
Жүрек гликозидтері
Калий тапшылығының салдарынан гликозидтік әсер.
Ангиотензин ауыстырушы ферменттің ингибиторлары (ААФ)
Қан формуласының өзгеру қаупі жоғары.
Антигипертензияға қарсы
Төмен қан қысымының төмендеуі.
Жүйелік қолдануға арналған гормондар
Пероральдық контрацептивтер
Қан сарысуындағы преднизолон деңгейі оның төмен метаболизмі есебінен артуы мүмкін. Жағымсыз әсер: кортикостероидтардың жанама әсерлерінің даму қаупінің артуы. Глюкокортикоидтарды шамадан тыс пайдалану өсуді стимуляциялайтын соматотропин әсерін басуы мүмкін.
Микробқа қарсы дәрілер
Рифампицин
Преднизолон метаболизмінің күшеюі. Жағымсыз әсер: преднизолон тиімділігінің төмендеуі.
В Амфотерицині
Бүйректегі калийдің қосымша жоғалу әсері. Жағымсыз әсер: гипокалиемия және жүректің кейінгі аритмияларының жоғары қаупі.
Фторохинолондар
Жағымсыз әсер: сіңірлердің үзілу қаупі жоғары.
Кетоконазол
Жағымсыз әсер: преднизолонның әсерін күшейтуі мүмкін.
Бұлшықет, буын және сүйек жүйесіне арналған дәрілер
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ)
Ацетилсалицил қышқылы асқазанды тітіркендіреді, ал преднизолон бұл жанама әсерді жасыруы мүмкін. Механизмі белгісіз. Преднизолонның әсерінен ацетилсалицил қышқылының клиренсі артқаны туралы хабарланды. Асқазан-ішек жолынан қан кетулер мен ойықжаралардың даму қаупі жоғары, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылы тиімділігінің төмендеу қаупі бар. Осылайша, салицилаттардың жанама әсерлері преднизолонды тоқтатқанда пайда болады.
Қабынуға қарсы стероид емес дәрілер (ҚҚСД)
ҚҚСД асқазанды тітіркендіреді, ал преднизолон бұл жағымсыз әсерлерді жасыруы мүмкін. Жағымсыз әсер: асқазан-ішек жолынан қан кету және ойықжаралардың пайда болу қаупі жоғары.
Деполяризацияланбайтын миорелаксанттар
Жағымсыз әсер: бұлшықеттердің ұзақ релаксациясы.
Орталық нерв жүйесі
Барбитураттар
Барбитураттар бауыр ферменттерін стимуляциялайды және преднизолон метаболизмін күшейтеді. Жағымсыз әсер: преднизолон тиімділігінің төмендеуі.
Фенитоин және фосфенитоин
Бауырда преднизолон метаболизмінің күшеюі. Жағымсыз әсер: преднизолон тиімділігінің төмендеуі.
Кветиапин
Кортикостероидтар салдарынан туындаған кветиапиннің P450 жанамаласқан метаболизмінің индукциясы . Жағымсыз әсері: қан сарысуындағы кветиапин деңгейінің төмендеуі.
Шизофренияның симптомдарын бақылау үшін кветиапин дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Бупропион
Жүйелік глюкокортикоидтармен бірге бір мезгілде қолдану құрысудың даму қаупін арттыруы мүмкін.
Иммунодепрессанттар
Метотрексат
Механизмі белгісіз. Преднизолон әсерінің күшеюі.
Циклоспорин
Преднизолон қан плазмасындағы циклоспорин деңгейін арттыруы мүмкін.
Зертханалық сынақтарға және зерттеулерге әсері
Аллергиялық сынақтарға тері реакциялары тежелуі мүмкін. Тиреотроп гормонның (ТТГ) азаюы артады.
Басқа агенттер
Вакциналар
Төмен иммундық жауап тірі вакциналардан туындаған инфекциялардың пайда болуына мүмкіндік береді, сондай-ақ вакцинация тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Тірі вакциналармен вакциналағанда генерализацияланған, өмірге ықтимал қауіп төндіретін инфекциялардың даму қаупі жоғары.
Эфедрин
Глюкокортикоидтардың метаболизмі тездеуі мүмкін, сондықтан олардың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Іш жүргізетін және бета-симпатомиметиктер
Калий мөлшерінің жоғалуы арту.
Хлорохин, гидроксихлорохин, мефлохин
Миопатияның, кардиомиопатияның пайда болу қаупі жоғары.
Кумарин туындылары
Преднизолонның әсерінен олардың тиімділігін азайту.
Теофиллин
Жағымсыз әсер: преднизолонмен емдеу кезінде клиренсінің артуы.
Циклофосфамид
Преднизолонның бір реттік дозалары циклофосфамидтің белсендірілуін тежеуі мүмкін, бірақ активациялану деңгейі ұзақ қолданғаннан кейін жоғарылайды.
Талидомид
Преднизолонның әсерін күшейтуі мүмкін.
Празиквантел
Кортикостероидтарды қабылдау салдарынан қандағы празиквантел концентрациясының ықтимал төмендеуі.
Атропин
Жағымсыз әсер: преднизолонмен бір мезгілде қабылдағанда көзішілік қысымның жоғарылауы мүмкін.
Қызылмия
Кортикостероидтар метаболизмін қызылмия тежеуі. Жағымсыз әсер: кортикостероидтардың жанама әсерлерінің даму қаупі жоғары.