Қолдану көрсеткіштері
Прогестеронның абсолютті немесе салыстырмалы жергілікті тапшылығымен байланысты сүт бездерінің қатерсіз ауруларын емдеу:
- мастодиния;
- диффузды фиброзды-кистозды мастопатия.
Прогестеронның абсолютті немесе салыстырмалы жергілікті тапшылығымен байланысты сүт бездерінің қатерсіз ауруларын емдеу:
- мастодиния;
- диффузды фиброзды-кистозды мастопатия.
- препараттың кез келген компонентіне жеке аса жоғары сезімталдық
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- фиброзды-кистозды мастопатияның түйінді түрлері
- сүт безінің обыры
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Тек сыртқа қолдануға арналған. Гельді жаққаннан кейін қолды жуу керек.
Прожестожельдің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілген жоқ. Бүгінгі күнге дейін дәрілік өзара әрекеттесулері туралы белгісіз.
Арнайы ескертулер
Ер адамдарда қолдануға арналмаған. Тек сыртқа қолдану үшін, сондықтан ішке қабылдауға болмайды.
Препаратты қолданған кезде қолдың және сүт бездерінің тазалығын қадағалап отыру қажет. Прожестожельді сүт бездеріне аппликатор-дозатордың көмегімен жағу керек, екі омырау тері беткейіне толық сіңгенше біркелкі таратып жағады. Сүт бездерін ысқылап сылауға және уқалауға болмайды.
Тері жабынының бүтіндігі бұзылған жағдайда прогестеронның резорбциясы (жүйелі әсер ету) қаупі бар. Бұл жағдайда Прожестожель қолдану ұсынылмайды.
Бұл дәрінің құрамында 2,5 г гель үшін 1,2 г спирт (этанол) болады. Бұл зақымдалған теріде ашыту сезімін тудыруы ықтимал. Бұл дәрі құрғағанша, жеңіл тұтанатын болуы мүмкін.
Гельді қолданғаннан кейін тікелей түсетін күн сәулесінен аулақ болу керек.
Прожестожель пероральді контрацептивтерді қабылдаумен, пубертатты кезеңмен, пременопаузамен, етеккір алды синдроммен байланысты мастодиния кезінде тағайындалуы мүмкін.
Тұрақты емес етеккір циклінде микрондалған прогестеронмен немесе пероральді прогестинмен қосымша ем ұсынуға болады.
Контрацептив емес.
Бұл препарат құрамында тері реакциясын тудыруы мүмкін майсана майы болады.
Педиатрияда қолдану
Балаларға қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүкті әйелдерде Прожестожельді қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ, сондықтан жүктілік кезінде препаратты қолдану ұсынылмайды. Алайда, прогестеронның шаранаға қандай да бір теріс әсері туралы клиникалық деректер жоқ.
Бала емізу
Прожестожельді бала емізу кезінде қолдануға болмайды, себебі препарат анасының сүтіне ішінара енуі мүмкін. Алайда, прогестеронның шаранаға қандай да бір теріс әсері туралы клиникалық деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді немесе жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне препараттың ықтимал әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Прожестожельді аппликатор-дозатордың көмегімен құрғақ таза теріге жағу керек. Әр омырауға өлшенген гель жолағын (әрбір омырауға 2,5 г) аппликатор-дозатор көмегімен және ареол аймағына тигізбей, сүт бездерінің беткейіне біркелкі таратып жағу керек. Жуғаннан кейін гельді екі омыраудың барлық беткейіне өнім сіңгенше таратып жағыңыз. Жаққаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
Ең жоғары күндізгі доза 5 г құрайды.
Прожестожельді үздіксіз режимде – етеккір күндерін қоса алғанда, цикл бойы күн сайын қолданған жөн.
Емнің орташа ұзақтығы-3-6 айды құрайды.
Қайталанатын емдеу курсы дәрігермен кеңескеннен кейін ғана тағайындалуы мүмкін.
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдаудың қажеті жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған (трансдермальді) препарат .
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күн сайын, күніне бір рет.
Емдеу ұзақтығы
Емнің орташа ұзақтығы-3-6 айды құрайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Прожестожельді қолдану кезінде артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Трансдермальді енгізу жолына байланысты және сіңірілу жүйесінің төмендігі нәтижесінде прогестеронмен артық дозалану ықтималдығы аз.
Етеккір мерзімінен 1-2 күн бұрын басталғанда препаратты етеккір циклінің 10-нан 25 күніне дейін қолдану ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдаудың қажеті жоқ.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Қатысты емес.
80 г препараттан бұралатын ақ түсті қақпағы бар алюминий сықпаға салынады.
1 сықпадан шпатель-дозатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Комментарий: Беру второй раз, врач прописали курс лечения на 3 месяца, одного тюбика хватает мне на 1 месяц. Спасибо аптеке и курьеру, очень очень вежливый!
Комментарий: Рахмет, привезли в течение часа, АРС аптека, курьер вежливый.
Комментарий: Заказ получен вовремя. Все в наличии, как заказывала. Raus Pharm отдельное спасибо за сбор заказа.
Достоинства: Прописал данный гель маммолог. Гель просто спас меня от болей и дискомфорта. Пользуюсь 2 раза в день утром и вечером уже на протяжении 4 месяцев.
Комментарий: Через 3 месяца напишу результат. Спасибо, и аптеке. Быстро получила. Это и радует.
Комментарий: Пользуюсь, надеюсь, поможет 100%.
Комментарий: Очень лёгкая текстура. Хорошо впитывается.
Комментарий: Помогает.
Достоинства: Срок хороший.
Достоинства: Хороший гель. Помог при кисте.
Достоинства: Отличный гель.
Достоинства: Отлично впитывается. Перестало колоть в груди, вроде работает)
Достоинства: Жақсы гель.
Комментарий: Пользуюсь периодически давно.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 80₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Актобе:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4320₸
4240₸
80₸