daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Римантадин Таблеткалары 50 Мг №20 | ПАО Биосинтез

Актобе қаласындағы Римантадин Таблеткалары 50 Мг №20 | ПАО Биосинтез
Сипаттама:

Жалпақ цилиндр пішінді дөңгелек, ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Римантадин

Өндіруші:

ПАО Биосинтез

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

1 уп
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ересектер мен 10 жастан асқан балаларда аурудың ерте сатысында А типті тұмауды емдеу үшін

- ересектерде және 10 жастан асқан балаларда эпидемия кезінде А типті тұмаудың профилактикасы үшін

Римантадин тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды.

А тұмауы вирусының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін. Тұмауды емдеуге және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде анықталуы тиіс. Римантадинді емдеу және профилактика үшін пайдалануға қатысты шешім қабылдайтын дәрігер айналымдағы тұмау вирустары туралы ақпаратты, сондай-ақ әрбір жыл мезгілі және аймақ үшін вирустардың дәрілік затқа сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс.

Қарсы көрсеткіштер

- адамантан тобының туындыларына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр аурулары

- бүйректің ауыр және созылмалы аурулары

- тиреотоксикоз

- 10 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Римантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелегіш дәрілер Римантадиннің сіңуін азайтады.

Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы Римантадиннің қан плазмасындағы концентрациясын және тиімділігін төмендетеді.

Циметидин организмнен әсер етуші заттың шығарылуын төмендетеді.

Алкогольді тұтынуды тоқтату керек, өйткені орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Асқазан-ішек жолдарының аурулары, ауырлығы жеңіл не орташа дәрежедегі бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары, жүректің ауыр сипатты аурулары және  жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға сақ болу керек. Мұндай жағдайларда препарат дозасын төмендету керек.

Анамнезінде эпилепсияға және Римантадинді қолдану аясында жүргізілетін құрысуға қарсы терапияға нұсқау болған кезде эпилепсиялық ұстаманың даму қаупі артады. Мұндай жағдайларда Римантадиннің дозасын  күніне 100 мг дейін төмендетеді. Егер ұстама дамыса, Римантадин қабылдауды тоқтатады.

Қосымша заттар.

Препараттың құрамына сахароза (ақ қант) және лактоза моногидраты (сүт қанты) кіреді, бұл қант диабеті бар пациенттерге ескеру керек. Бір таблеткада 0,0383 г сахароза (ақ қант) және лактоза моногидраты (сүт қанты) бар, бұл 0,004 НБ сәйкес келеді; препараттың ең жоғары тәуліктік дозасында 0,231 г сахароза (ақ қант) және лактоза моногидраты (сүт қанты) бар, бұл 0,023 НБ сәйкес келеді.

Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза  мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Римантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ бас айналуы, бас ауыруы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз әсерлер пайда болатын адамдар сақ болуы керек.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

20 таблеткадан полимерлі банкаға салынады.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Әрбір банкі немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыРимантадин таблеткалары 50 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube