Қолдану көрсеткіштері
Рисполепт Конста® пероральді антипсихотиктермен тұрақтандырылған пациенттерде шизофренияны демеуші емдеу үшін көрсетілген.
Рисполепт Конста® пероральді антипсихотиктермен тұрақтандырылған пациенттерде шизофренияны демеуші емдеу үшін көрсетілген.
Рисперидонға немесе осы дәрілік препараттың құрамына кіретін заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ( «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген).
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Егер Рисполепт препаратының ешқандай түрі бұрын қолданылмаса, Рисполепт Конста® препаратымен емдеу басталғанға дейін пероральді қолдану үшін Рисполепт препаратымен емдеуді бастау керек.
Рисполепт Конста® препаратын қолдануды бастамас бұрын емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен мына жағдайларда кеңесіңіз:
жүрек функциясының бұзылуы болған кезде. Мысалдарға: жүректің тұрақсыз ырғағы, төмен қан қысымына бейімділік, артериялық қысымды төмендетуге арналған дәрілік затты қабылдау жатады. Рисполепт Конста ® препаратын қолдану төмен артериялық қысымға әкелуі мүмкін; дозаны түзету қажет болуы мүмкін
инсульттің дамуына бейім кез-келген факторлар болған кезде, мысалы, жоғары артериялық қысым, жүрек-қантамыр аурулары немесе ми қан айналымының бұзылуы
бұрын тілдің, ауыздың және беттің еріксіз қозғалысы жағдайлары байқалған
бұрын симптомдары қызба, бұлшықет сіресуі, тершеңдік немесе сана деңгейінің төмендеуі (қатерлі нейролептикалық синдром ретінде де белгілі) болатын жағдай байқалды
Паркинсон ауруы немесе деменция болған жағдайда
бұрын лейкоциттердің төмен деңгейі байқалды (оны басқа дәрілік заттар туындауы мүмкін немесе туындатпауы мүмкін)
диабет болғанда
эпилепсия болғанда
егер қашан да ер пациенттерде ұзақ немесе ауыратын эрекция болған болса
дене температурасын бақылау немесе қызып кету кезінде қиындықтар болған кезде
бүйрек функциясының бұзылуы болған кезде
бауыр функциясының бұзылуы болған кезде
қанда пролактин гормонының өте жоғары деңгейі болғанда немесе протактинге тәуелді ісік болғанда
тромбозға бейімділік, отбасылық анамнездегі тромбозға бейімділік; осы препарат сияқты топтағы дәрілік заттар қан ұйығыштарының пайда болуымен астасқан.
Жоғарыда көрсетілгендердің қолданылуына қатысты қандай да бір күмән туындаған кезде Рисполепт немесе Рисполепт Конста® препаратын қолдануды бастағанға дейін емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Рисполепт Конста® препаратын қабылдаған пациенттерде инфекциямен күресу үшін қажетті белгілі бір типтегі лейкоциттер санының өте төмен жағдайлары өте сирек кездесетіндігіне байланысты емдеуші дәрігер қандағы лейкоциттер санына талдау жүргізе алады.
Тіпті пероральді рисперидонның жақсы жағушылығы байқалса да, Рисполепт Конста® препаратын енгізгеннен кейін аллергиялық реакциялар жағдайлары сирек кездеседі. Бөртпе, тамақтың ісінуі, қышыну немесе тыныс алу проблемалары пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз, өйткені бұл күрделі аллергиялық реакцияның белгілері болуы мүмкін.
Рисполепт Конста® препараты салмақтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Салмақтың елеулі артуы денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін. Емдеуші дәрігер пациенттің салмағын үнемі өлшеп отыруы керек.
Рисполепт қабылдаған пациенттерде қант диабеті немесе бұрын диагностикаланған қант диабетінің өршуі байқалғандықтан, емдеуші дәрігер қандағы қант деңгейінің жоғарылау белгілерінің болуын тексеруі керек. Бұрын диагностикаланған қант диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылау қажет.
Рисполепт Конста® препараты, әдетте, "пролактин" деп аталатын гормон деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Бұл етеккір циклының бұзылуы немесе әйелдердегі фертильділік проблемалары, ерлердегі сүт бездерінің ісінуі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін ("Препаратты стандартты қолданған кезде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылданатын шаралар" бөлімін қараңыз). Мұндай жағымсыз әсерлер пайда болған кезде қандағы пролактин деңгейін бағалау ұсынылады.
Көз бұршағының (катаракта) бұлдырауына байланысты көзге операция жасау кезінде қарашық (көздің ортасындағы қара шеңбер) дұрыс мөлшерде өспеуі мүмкін. Сонымен қатар, торлы қабық (көздің түрлі-түсті бөлігі) операция кезінде босаңсып кетуі мүмкін, бұл көздің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Көз операциясын жоспарлау кезінде емдеуші офтальмологқа осы дәрілік препаратты қолдану туралы міндетті түрде хабарлаңыз.
Деменциясы бар егде жастағылар
Рисполепт Конста® препараты деменциясы бар егде жастағы пациенттерде қолдануға арналмаған. Егер психикалық жағдайдың кенеттен өзгеруі немесе кенеттен әлсіздік немесе бет, қол немесе аяқ, әсіресе бір жақты ұйып қалуы немесе тіпті қысқа уақыт ішінде түсініксіз сөйлеу пайда болса, Сіз дереу медициналық көмекке жүгінуіңіз керек. Бұл инсульт белгілері болуы мүмкін.
Рисполепт Конста® препаратын жеке немесе фуросемидпен қолдану деменциясы бар егде жастағы пациенттерде инсульт немесе өлім қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.
Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары
Бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттерде пероральді рисперидонды қолдану зерттелгенімен, Рисполепт Конста® препаратын қолдану пациенттердің осы тобында зерттелген жоқ. Рисполепт Конста® препаратын пациенттердің осы тобында сақтықпен қолдану керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке қазіргі сәтте, таяудағы өткенде немесе қандай да бір басқа дәрілік заттарды жоспарлы түрде қолдану туралы хабарлаңыз.
Келесі дәрілік заттардың кез-келгенін қолданған кезде дәрігерге немесе фармацевтке хабарлау маңызды:
миға тыныштандыратын әсер ететін дәрілік заттар (бензодиазепиндер) немесе кейбір ауырудан дәрілік препараттар (апиындар), аллергияға қарсы дәрілік препараттар (кейбір антигистаминдер), өйткені рисперидон барлық осы препараттардың тыныштандыратын әсерін күшейте алады
жүректің электрлік белсенділігін өзгерте алатын дәрілік заттар, мысалы, жүрек ырғағының бұзылуын емдеуге арналған безгекке қарсы дәрілік заттар, аллергия (антигистаминдер), кейбір антидепрессанттар немесе психикалық бұзылуларды емдеуге арналған басқа дәрілік заттар
жүрек соғуының баяулауына әкелетін дәрілік заттар
қандағы калийдің төмен деңгейіне әкелетін дәрілік заттар (мысалы, кейбір диуретиктер сияқты)
Паркинсон ауруын емдеуге арналған дәрілік заттар (мысалы, леводопа)
орталық жүйке жүйенің белсенділігін арттыратын дәрілік заттар (метилфенидат сияқты психостимуляторлар)
жоғары артериялық қысымды емдеуге арналған дәрілік заттар. Рисполепт Конста® препараты артериялық қысымды төмендетуі мүмкін
сұйықтықтың үлкен көлемінің жиналуына байланысты (мысалы, фуросемид немесе хлоротиазид) жүрек функциясының бұзылуында немесе дененің ісінуінде қолданылатын несеп айдайтын таблеткалар (диуретиктер). Рисполепт Конста® препаратын жеке немесе фуросемидпен қолдану деменциясы бар егде жастағы пациенттерде инсульт немесе өлім қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.
Келесі дәрілік заттар рисперидон әсерін төмендетуі мүмкін
рифампицин (кейбір инфекцияларды емдеуге арналған дәрілік заттар)
карбамазепин, фенитоин (эпилепсияны емдеуге арналған дәрілік заттар)
фенобарбитал.
Мұндай дәрілік заттарды қабылдау басталған немесе қабылдау тоқтатылған жағдайда рисперидон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Келесі дәрілік заттар рисперидон әсерін күшейтуі мүмкін
хинидин (кейбір жүрек ауруларында қолданылады)
пароксетин, флуоксетиндер, үшциклді антидепрессанттар сияқты антидепрессанттар
бета-блокаторлар ретінде белгілі дәрілік заттар (жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады)
фенотиазиндер (мысалы, психозды емдеу үшін немесе тыныштандыратын ретінде қолданылатын дәрілік заттар)
циметидин, ранитидин (асқазан қышқылдығының блокаторлары)
итраконазол және кетоконазол (зеңді инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттар)
ритонавир сияқты АИТВ/ЖИТС емдеу үшін қолданылатын кейбір дәрілік заттар
верапамил, жоғары артериялық қысымды және/немесе жүрек ырғағының бұзылуын емдеу үшін қолданылатын дәрілік зат
сертралин және флувоксамин, депрессияны және басқа психикалық бұзылыстарды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар.
Мұндай дәрілік заттарды қабылдау басталған немесе қабылдау тоқтатылған жағдайда рисперидон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілгендердің қолданылуына қатысты күмән туындаған кезде Рисполепт Конста® препаратын қолдануды бастағанға дейін емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Рисполепт Конста® препаратын тамақпен, сусындармен және алкогольмен қолдану
Рисполепт Конста® препаратын қолданғанда алкоголь қабылдаудан аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Балалар мен жасөспірімдерде қолданылуы
Рисполепт Конста® препараты 18 жасқа дейінгі пациенттерде қолдануға арналмаған.
Жүктілік немесе лактация кезінде.
Жүктілік кезінде немесе емшек емізу кезінде, жүктілікке күдік болғанда немесе жүктілікті жоспарлау кезінде осы дәрілік препаратты қолдануды бастамас бұрын емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Емдеуші дәрігер осы дәрілік препаратты қолдану мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Егер әйел соңғы триместрде (жүктіліктің соңғы үш айында) Рисполепт Конста® препаратын қабылдаса, оның жаңа туған нәрестесінде мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: дірілдеу, бұлшықеттердің сіресуі және/немесе әлсіздік, ұйқышылдық, қозу, тыныс алу проблемалары және емшек емудің қиындықтары. Егер балада осы симптомдардың кез-келгені пайда болса, емдеуші дәрігермен кеңесу қажет болуы мүмкін.
Рисполепт Конста® препараты фертильділікке әсер етуі мүмкін "пролактин" деп аталатын гормон деңгейін арттыруы мүмкін ("Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар" бөлімін қараңыз).
Рисполепт Конста® препаратының құрамында натрий бар
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір дозасында 1 ммоль натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде «натрийсіз».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Рисполепт Конста® препаратымен емдеу кезінде бас айналу, шаршау және көру проблемалары пайда болуы мүмкін. Дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай тұрып, көлік құралын басқармаңыз және ешқандай құрылғыларды немесе механизмдерді пайдаланбаңыз.

Бұл дәрілік препаратты әрдайым емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларына қатаң сәйкестікпен қабылдаңыз. Сұрақтарыңыз пайда болса, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Енгізу әдісі және жолы
Рисполепт Конста® препараты екі апта сайын иыққа немесе бөксеге бұлшықет ішіне инъекция түрінде енгізіледі, енгізуді медицина қызметкері жүзеге асырады. Инъекцияны оң және сол жаққа ауыстырған жөн; инъекцияны вена ішіне енгізбеу керек.
Дозалау режимі
Ересектер
Бастапқы доза
Егер пероральді рисперидонның тәуліктік дозасы (мысалы, таблеткалар) соңғы екі апта ішінде 4 мг немесе одан аз болса, Рисполепт Конста® препаратының бастапқы дозасы 25 мг құрауы тиіс.
Егер пероральді рисперидонның тәуліктік дозасы (мысалы, таблеткалар) соңғы екі апта ішінде 4 мг-ден астам болса, Рисполепт Конста® препаратының 37.5 мг құрайтын бастапқы дозасы тағайындалуы мүмкін.
Егер ағымдағы сәтте рисперидоннан өзгеше басқа пероральді нейролептиктермен емдеу жүргізілсе, Рисполепт Конста® препаратының бастапқы дозасы ағымдағы емдеуге байланысты болады. Емдеуші дәрігер Рисполепт Конста® препаратының, 25 мг немесе 37.5 мг қажетті дозасын анықтайды.
Емдеуші дәрігер дұрыс дозаға қатысты шешім қабылдайды.
Демеуші доза
Ұсынылған доза екі апта сайын бұлшықет ішіне 25 мг құрайды.
Анағұрлым жоғарғы 37.5 мг немесе 50 мг дозалар тиімді болуы мүмкін. Емдеуші дәрігер Рисполепт Конста® препаратының лайықты дозасын таңдайды.
Емдеуші дәрігер алғашқы инъекциядан кейінгі алғашқы үш апта ішінде пероральді Рисполепт тағайындай алады.
Қолдану тәсілі
Рисполепт Конста® препаратын әрбір екі апта сайын тиісті қауіпсіз инені пайдалана отырып, дельта тәрізді немесе бөксе бұлшықетіне терең бұлшықетішілік инъекция арқылы енгізу керек. Дельта тәрізді бұлшықетке енгізу үшін 1 дюймдік инені қолдану керек және инъекцияны кезек-кезек сол және оң қолға салу керек. Бөксе бұлшықетіне енгізу үшін 2 дюймдік инені қолдану керек және инъекцияны кезек-кезек сол және оң жақ бөкселерге жүргізу керек. Вена ішіне енгізуге болмайды.
Рисполепт Конста® препаратын қолдану препаратты сәтті енгізуді қамтамасыз ету мақсатында суспензияны дайындау жөніндегі төменде келтірілген қадамдық нұсқаулықты қатаң сақтауды талап етеді.
Қаптамада жеткізілетін компоненттер Рисполепт Конста® препаратымен бірге пайдалану үшін арнайы жасалған. Құтыдағы ұзақ әсер ететін Рисполепт Конста® микротүйіршіктерінен суспензия дайындау үшін алдын ала толтырылған шприцтегі еріткішті ғана пайдалануға болады.
Қаптамадағы компоненттерді қандай да бір басқа бұйымдарға алмастыруға болмайды.
Дайындалған суспензияны одан әрі қолдану үшін сақтамаңыз
Тұнуды болдырмау үшін препарат суспензияны қалпына келтіргеннен кейін бірден енгізілуі тиіс.
Рисполепт Конста® дозасының толық қолданылуын қамтамасыз ету үшін құтының ішіндегісінің барлығы да енгізілуі тиіс.
Қайта пайдаланбаңыз
Медициналық өнімдер тағайындалған функцияларды орындау үшін материалдың белгілі бір сипаттамаларын қажет етеді. Бұл сипаттамалар өнімдерді бір рет пайдалану үшін ғана расталды. Бұйымды қайта пайдаланудың кез-келген әрекеті оның тұтастығына теріс әсер етуі немесе оның функцияларын бұзуы мүмкін.
Дәрілік препараты бар қаптаманың ішіндегісі
Құрамында 25 мг немесе 37.5 мг рисперидон бар микротүйіршіктер хлорбутилден жасалған сұр тығындармен тығындалған және қызғылт түсті (25 мг) немесе жасыл түсті (37.5 мг) пластмасса қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 5 мл, гидролитикалық I типті түссіз шыны құтыларға салынған.
2 мл еріткіштен поршені және ұштықтарға арналған бромбутил қалпақшасы бар гидролитикалық I типті түссіз шыныдан жасалған шприцте. Препараты бар құты, еріткіші бар шприц, суспензия дайындауға арналған инесіз 1 құрылғы, 2 ине мөлдір полиэтилен үлбірмен жабылған, поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Пішінді бір қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.