Қолдану көрсеткіштері
Бронх демікпесі
Симбикорт® Турбухалер® біріктірілген емді (ингаляциялық кортикостероид пен ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонисі) мақсатқа сай қолданған жағдайда бронх демікпесін демеуші емдеу үшін ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған:
- қажет болған жағдайда қолданылатын ингаляциялық кортикостероидтардың және қысқа әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерінің көмегімен жай-күйі жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге
- жағдайы ингаляциялық кортикостероидтармен және ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерімен тиісті түрде бақыланатын пациенттерге
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА)
Симбикорт® Турбухалер® 18 жастан асқан ересектерде өкпенің созылмалы обструктивті ауруын симптоматикалық емдеу үшін болжамды қалыптан 1 секунд (ҮДК1) <70% (бронходилататорды қолданғаннан кейін) үдемелі дем шығару көлемі бар пациенттерде қолдануға және бронходилататорлармен тұрақты емге қарамастан анамнезінде қайталанған асқынулардың болуына арналған