daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Супрафен Таблеткалары 400 Мг №30 | Атабай Илач Фабрика А.С.

Актобе қаласындағы Супрафен Таблеткалары 400 Мг №30 | Атабай Илач Фабрика А.С.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, күңгірт қызғылт түсті таблеткалар

Международное наименование:

Ибупрофен

Производитель:

Атабай Илач Фабрика А.С.

Страна производитель:

Турция

Действующее вещество:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200) Шеффкоат Бриллиантты - қызғылт үлбірлі жабыны: гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), глицерин триацетині/триацетаты, эритрозин алюминий лагы (Е127)

Дозировка активного вещества:

400 мг

Количество в упаковке:

30 шт

Аналоги

Инструкция

Состав

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 400 мг ибупрофен

қосымша заттар: жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200)

Шеффкоат Бриллиантты - қызғылт үлбірлі жабыны: гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), глицерин триацетині/триацетаты, эритрозин алюминий лагы (Е127)

Показания к применению

Супрафен остеоартрит, ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы, жедел подагралық артрит симптомдарын емдеуге, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының қатты ауырсынуын, операциядан кейінгі ауырсынуды және дисменореяны басуға арналған.

Противопоказания

- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты бронх демікпесі, ринит және есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы

-анамнезінде алдыңғы ҚҚСП еміне байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы. Бұл пациенттерде ҚҚСП ауыр және сирек жағдайларда өлімге әкелетін анафилактоидты реакциялар туғызуы мүмкін. Ибупрофенді белсенді ойық жаралы колит, Крон ауруы, қайталанатын пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жекелеген эпизодтары) болған пациенттерде қолдануға болмайды

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)

-коронарлық артерияларды шунттау бойынша операция жүргізу кезінде операция кезіндегі немесе операциядан кейінгі ауыруды басу

- жүктіліктің үшінші триместрінде

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Взаимодействие

Келесі препараттардың кез келгенін қабылдайтын пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек, өйткені кейбір пациенттерде өзара әрекеттесу жағдайлары тіркелген:

АӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері: АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен емдеу циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, ҚҚСП қабылдаумен бір мезгілде жүргізілгенде, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (мысалы, сусызданған және/немесе егде пациенттерде) әдетте қайтымды болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары. Сондықтан бұл біріктірілімді бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге, әсіресе егде пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Пациенттер жеткілікті мөлшерде су алуы тиіс, ал біріктірілген ем басталғаннан кейін және емдеу кезінде тұрақты уақыт аралығынан кейін бүйрек функциясын бақылау қажет.

Аминогликозидтер: ҚҚСП аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін. Ибупрофенді балаларда аминогликозидтермен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Гипотензивті препараттар (мысалы, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ): Гипотензивті әсердің төмендеуі.

Антикоагулянттар: Варфарин мен ҚҚСП-ның асқазан-ішек қан кетулеріне әсері синергиялық болып табылады, мысалы, антикоагулянттық әсердің күшеюі. ҚҚСП және дикумарол тобы бірдей CYP2C9 ферментімен метаболизденеді.

Антитромбоциттік препараттар: ҚҚСП тромбоциттер функциясының аддитивті тежелуіне байланысты тиклопидин сияқты антитромбоциттік препараттармен бірге қолдануға болмайды. Асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы байқалуы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы: СУПРАФЕН мен ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қолданған кезде оның ақуыздармен байланысы азаяды, алайда бос СУПРАФЕН клиренсі өзгермейді. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәні белгісіз; алайда, басқа ҚҚСП жағдайындағыдай, жағымсыз әсерлердің ықтималдығы күшеюіне байланысты супрафен мен ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Бета-блокаторлар: ҚҚСП бета-адренорецепторларды бөгейтін препараттардың гипотензиялық әсеріне қарсы тұрады.

Өсімдік текті препараттар: Гинкго билоба ҚҚСП қабылдаған кезде қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Диуретиктер (тиазидтер, тиазид тәрізді диуретиктер және ілмектік диуретиктер): Клиникалық зерттеулер, сондай-ақ постмаркетингтік бақылаулар СУПРАФЕН кейбір пациенттерде фуросемидтің, буметанидтің және тиазидтердің натрийуретиктік әсерін төмендетуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл реакция бүйрек простагландиндерінің синтезін тежеу арқылы түсіндірілді. ҚҚСП сондай-ақ тиазидтердің гипотензиялық тиімділігіне қарсы әсер етеді. ҚҚСП қатар емдеу кезінде бүйрек жеткіліксіздігі белгілеріне қатысты пациенттерді мұқият бақылап, диуретиктік әсердің сақталуына көз жеткізу керек.

Специальные указания

Педиатрияда қолданылуы

СУПРАФЕН препараты, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік препараттардың құрамында қолдануға тыйым салынған эритрозин алюминий лагы (Е127) бояғышының болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Бала туу қабілеті бар әйелдер / Контрацепция

Бала тууға ұмтылатын әйелдерде немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде ибупрофенді қолданған кезде доза ең аз болуы және емдеу ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс.

Жүктілік

Простагландин синтезін тежеу жүктілікке және/немесе эмбрион/ұрықтың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте кезеңінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолданғаннан кейін түсік тастау және жүрек ақауы, гастрошизис қаупінің жоғарылағанын көрсетеді. Жүрек-қан тамырлары ақауларының абсолютті қаупі 1% - дан шамамен 1,5% - ға дейін өсті. Қауіп дозаға және ем ұзақтығына пропорционалды түрде артады деп есептеледі

Жануарларда простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолдану имплантацияға дейінгі және имплантациядан кейінгі шығындар мен эмбрионның/ұрықтың өліміне әкелді. Сонымен қатар, органогенез кезеңінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қабылдаған жануарларда әртүрлі ақаулардың, соның ішінде жүрек-тамыр ауруларының жиілігі жоғарылағаны туралы хабарланды. Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде аса қажет жағдайларды қоспағанда, СУПРАФЕН қолдануға болмайды. Ибупрофенді жүкті болуға ұмтылатын әйелдерде немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде қолданған кезде доза ең аз және емдеу ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс.

Үшінші триместрде простагландин синтезінің барлық тежегіштері ұрыққа былай әсер етуі мүмкін:

- жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясымен),

- бүйрек функциясының бұзылуы, ол олигогидрамниозбен бүйрек жеткіліксіздігіне ұласуы мүмкін.

Ана мен нәресте, жүктіліктің соңында:

- қан кету уақытының артуы,

- жатырдың жиырылуының тежелуі, бұл босанудың кешеуілдеуіне немесе ұзаруына әкеледі.

Демек, жүктіліктің соңғы триместрінде СУПРАФЕН қолдану қарсы көрсетілімде.

Бала емізу

Шектеулі зерттеулерге сәйкес, ҚҚСП емшек сүтіне өте төмен концентрацияда енуі мүмкін. Сондықтан, емшек сүтімен емізу кезінде, мүмкін болса, СУПРАФЕН қабылдаудан аулақ болу керек.

Фертильділік

Ибупрофенді қолдану фертильділікті бұзуы мүмкін және жүкті болуға тырысатын әйелдерге препаратты қабылдау ұсынылмайды. Ұрықтануда қиындықтар туындаған немесе бедеулікке байланысты тексеруден өткен әйелдерде ибупрофенді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Қосымша заттар

Супрафен құрамында эритрозин алюминий лагы бояғышы (Е 127) бар, ол 18 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған. Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

Препаратты құрамында эритрозин алюминий лагы бояғышы (Е 127) болуына байланысты қалқанша безі аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

СУПРАФЕН бас айналу, ұйқышылдық, шаршау және көру қабілетінің бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Көрсетілген реакциялар туындаған кезде пациенттер автомобиль жүргізуден немесе механизмдермен жұмыс істеуден аулақ болу керек.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер

Ұсынылатын дозасы тәулігіне бірнеше қабылдауға бөлінген 1200-1800 мг құрайды. Кейбір жағдайларда тәулігіне 600-1200 мг доза қолданылады. Ауыр немесе жедел жағдайларда жедел фаза кезеңінде дозаны ұлғайтуды қарастыру керек. Жалпы тәуліктік доза бірнеше қабылдауға бөлінген 2400 мг аспауы тиіс. Алайда, қажет болған жағдайда дозаны 3200 мг-ға дейін арттыруға болады. Бұл жағдайда пациент мұқият бақылауда болуы керек.

Жағымсыз әсерлер симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз ұзақтық ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану жолымен барынша азайтылуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

СУПРАФЕН препараты құрамында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған эритрозин алюминий лагы бояғышы (Е 127) болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану қарсы көрсетілімде.

Передозировка

80-100 мг/кг жоғары дозаларды енгізген кезде артық дозалану симптомдарының пайда болу қаупі бар. Дозасын > 200 мг / кг енгізген кезде ауыр симптомдардың даму қаупі бар, дегенмен ауырлық дәрежесі адамдарда әр түрлі ауытқуы мүмкін. 15 айлық балада 560 мг / кг доза ауыр уыттануды, 6 жастағы балада 3,2 г-жеңіл немесе орташа уыттануды, бір жарым жастағы балада 2,8 - 4 г және 6 жастағы балада 6 г-асқазанды шайғаннан кейін де ауыр уыттануды, ересек адамда 8 г-орташа уыттануды және ересек адамда > 20 г-өте ауыр уыттануды тудырды. 16 жастағы жасөспірімге енгізілген 8 г бүйректің зақымдануына әкелді, ал жасөспірімге енгізілген 12 г ибупрофен алкогольмен бірге жедел тубулярлы некрозға әкелді.

Симптомдары

Артық дозаланудың басым симптомдары - бұл асқазан-ішек жолдарының тарапынан, мысалы, жүрек айну, іштің ауыруы және құсу (қан аралас болуы мүмкін) болып табылады. Орталық жүйке жүйесі тарапынан әсеріне бас ауруы, құлақтың шуылы, сананың шатасуы және нистагм жатады. Жоғары дозаларда есінен тану және құрысулар болуы мүмкін (негізінен балаларда). Брадикардия, тахикардия және гипотензияны қоса, жүрек-қантамыр жүйесіне уытты әсері туралы хабарланды.

Метаболизмдік ацидоз, гипернатриемия, бүйрек тарапынан бұзылулар және гематурия дамуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бауырдың зақымдануы мүмкін. Кейде ересектерде гипотермия және респираторлық дистресс синдром туралы хабарланды. Ауыр уыттану кезінде метаболизмдік ацидоз пайда болуы мүмкін.

Емі

Қажет болса, асқазанды шаю және белсендірілген көмір қолданылады. Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайында антацидтер тағайындалады. Гипотония жағдайында-вена ішіне сұйықтық енгізу және қажет болған жағдайда инотропты демеу шаралары. Талапқа сай диурезді қамтамасыз ету және қышқыл-сілтілік жай-күй мен электролиттік теңгерімнің бұзылуын түзету маңызды. Көрсетілімдер бойынша симптоматикалық емдеудің басқа да түрлерін қолдану керек.

Форма выпуска

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2, 3 және 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамада, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаСупрафен таблеткалары 400 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube