Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар - D-глюкозамин гидрохлориді 500 мг, натрий хондроитин сульфаты 400 мг;
қосымша заттар - желатин, стеарин қышқылы, магний стеараты, марганец сульфаты.
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар - D-глюкозамин гидрохлориді 500 мг, натрий хондроитин сульфаты 400 мг;
қосымша заттар - желатин, стеарин қышқылы, магний стеараты, марганец сульфаты.
- остеоартрит
- остеопороз
- иық-жауырын периартриті
- остеохондроз, омыртқа бағанының дегенеративті-дистрофиялық аурулары
- спондилез
- тізетобық хондромаляциясы
- сынуларда (сүйек шоры түзілуін жылдамдату үшін)
12 жастан асқан балаларға, ересектерге, егде жастағы пациенттерге, тірек-қимыл аппаратының ауруларын, жарақаттан кейінгі және буын шеміршегі тіндерінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерістермен қатар жүретін басқа жай-күйлері кешенді емі құрамында ұсынылады.
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық (аллергиялық реакциялар)
- фенилкетонурия
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Препарат тетрациклиндердің сіңуін жақсартады және пенициллиндер мен хлорамфениколдың әсерін азайтады.
Терафлекс® антиагреганттардың, фибринолитиктердің, сондай-ақ кумаринді антикоагулянттардың (мысалы, варфарин) әсерін күшейтеді, бұл осы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда коагулограмма (ХҚҚ) көрсеткіштерін өзгертіп, қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
Терафлексті® қабылдау аясында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге қажеттілік азаяды.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға алғашқы үш аптада 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тамақтан кейін тағайындайды; одан кейінгі күндері –1 капсуладан тәулігіне 2 рет.
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары сипатталмаған. Артық дозаланғанда жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.
Емі: асқазанды шаю және симптоматикалық ем жүргізу.
Қолда бар деректер әдетте қабылданатын дозалар диапазонында глюкозамин мен хондроитин сульфатын (тиісінше тәулігіне 1500 мг және тәулігіне 1200 мг) пациенттердің жақсы қабылдайтынын көрсетеді.
Аталған жағымсыз дәрілік реакциялар өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделген, сондықтан оларды СММНО III жиілік санаттарына сәйкес жіктеу қолданылмайды.
Жүрек айну, құсу, асқазанның ауыруы, ішектің кебуі, диарея немесе іш қату, аллергиялық реакциялар, бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық.
Әдебиеттегі басқа жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар
1200 мг хондроитин сульфатын қолданған кезде экстрасистолдар мен таздану туралы хабарламалар бар, бірақ олар өте сирек кездеседі.
30, 60, 120 капсуладан ақ полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтилен құтыда.
200 капсуладан компанияның логотипі бар термопластикалық эластомер жапсырмасы, полипропиленнен жасалған түрлі-түсті бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға салынған.
Құтының мойнын біріктірілген материалдан жасалған фирмалық жарғақшамен: полиэтиленмен ламинатталған алюминий фольга/қағаз, қақпақтың үстіне - мөлдір полиэтиленнен жасалған қорғаныш үлбірмен жабады.
Құтыны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден