Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі остеоартритпен байланысты жеңіл немесе орташа ауырсыну симптомдарын жеңілдету.
Ересектердегі остеоартритпен байланысты жеңіл немесе орташа ауырсыну симптомдарын жеңілдету.
Әсер етуші заттарға немесе 6.1 бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Бұрын ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх демікпесі, аллергиялық ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем) байқалған пациенттер.
Анамнезінде пептидтік ойық жараның өршуі немесе қайталанатын ағымы/қан кету (ойық жара немесе қан кетуді растайтын екі немесе одан да көп эпизодтар).
Алдыңғы қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) емге байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе АІЖ ойық жарасының перфорациясы.
Жүрек жеткіліксіздігінің, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігінің айқын ауырлық дәрежелері.
Жүктіліктің соңғы триместрі және бала емізу.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Жағымсыз реакциялар қаупінің ықтимал артуына байланысты ибупрофен мен ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп қолдану кезінде ибупрофен ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының тромбоциттер агрегациясына әсерін бәсекелі түрде бәсеңдетуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр қаупі жоғары пациенттерде ибупрофенді ұзақ уақыт қолдану ацетилсалицил қышқылының кардиопротекторлық (антиагрегантты) әсерін төмен дозаларда төмендетуі мүмкін. Ибупрофенді эпизодтық қолдану кезінде маңызды клиникалық әсерлер байқалмайды.
Екі немесе одан да көп ҚҚСП бір мезгілде қолдану жағымсыз құбылыстардың даму қаупін арттыруы мүмкін.
Осы препарат антикоагулянттардың, мысалы варфариннің әсерін күшейте алады.
ҚҚСП гипертензияға қарсы препараттар мен диуретиктердің әсерін әлсіретуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе бүйрек функциясы бәсеңдеген егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларын циклооксигеназа тежегіштері класынан алынған препараттармен бір мезгілде қолдану, әдетте қайтымды сипатқа ие жедел бүйрек жеткіліксіздігінің ықтимал дамуын қоса, бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін. Өзара әрекеттесудің көрсетілген түрлерін АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен бір мезгілде коксибтер тобындағы препаратты қабылдайтын пациенттерде ескерген жөн. Мұндай біріктірілімді, әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер тиісті гидратацияны қамтамасыз етуі және біріктірілген емнің бастапқы кезеңінде, сондай-ақ кейіннен белгілі бір кезеңділікпен бүйрек функциясын бақылау туралы мәселені қарауы қажет. Диуретиктер ҚҚСП нефроуытты әсер ету қаупін арттыруы мүмкін.
Калий жинақтаушы диуретиктер - гиперкалиемия дамуының жоғары қаупі.
Глюкокортикостероидтар, тромбозға қарсы препараттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) - асқазан-ішектен қан кетудің немесе ойық жараның пайда болуының жоғары қаупі.
Жүрек гликозидтері - ҚҚСП жүрек жеткіліксіздігінің симптомдарын өршітуі, шумақтық сүзіліс жылдамдығын төмендетуі және қан плазмасындағы гликозидтер концентрациясын арттыруы мүмкін.
Литий - қан плазмасындағы литий концентрациясының ықтимал жоғарылауы.
Метотрексат - қан плазмасындағы метотрексат деңгейінің жоғарылауы мүмкін.
Циклоспорин - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.
ҚҚСП мифепристонды қолданғаннан кейін 8-12 күн бұрын қолданбаған жөн, өйткені олар оның тиімділігін төмендетуі мүмкін.
ҚҚСП мен такролимусты біріктіріп қолданған кезде нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы мүмкін.
ҚҚСП мен зидовудинді біріктіріп қолданған кезде гематологиялық уыттылық қаупінің жоғарылауы. Гемофилиядан зардап шегетін және зидовудинмен және ибупрофенмен қатар ем алатын АИТВ жұқтырған пациенттерде гемартроз мен гематоманың даму қаупінің артуын растайтын деректер бар.
ҚҚСП және хинолондарды қабылдайтын пациенттерде құрысулардың туындау қаупі жоғары болуы мүмкін.
Ибупрофенді алкогольмен қабылдаған кезде асқазан-ішек жолының шырышты қабығының зақымдану және асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.
Дозалау режимі
Ересектер тәулігіне 3 рет 2 капсуладан, капсулаларды жеткілікті мөлшерде сумен ішіп, тұтастай жұту керек.
Қабылдау ұзақтығы 10 күн. Ең жоғары күнделікті доза - 6 капсула. Егер симптомдар сақталса, күшейсе дәрігерге қаралу қажет немесе препаратты қабылдау қажет болса, 10 күннен астам уақыт ұсынылады.
Терафлекс Адванс препаратымен емдеу курсынан кейін пациенттер Терафлекс капсуласымен емдеуді жалғастыра алады.
Терафлекс Адванс симптомдар жеңілдегенге дейін қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозада қолданылуы тиіс. Егер сізде инфекция болса және Терафлекс Адванс қабылдау кезінде қызба, ауырсыну сияқты симптомдар сақталса немесе жоғарыласа, дереу дәрігермен кеңесу керек (Арнайы ескертулер бөлімін қараңыз).
Енгізу жолы және тәсілі
Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 3 рет 2 капсуладан.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 10 күн.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары. Пациенттердің көпшілігінде жүрек айну, құсу, эпигастрий ауыруы, сирек жағдайларда диарея дамиды. Сондай-ақ, құлақтың шуылдауы немесе шыңылдауы, бас ауыруы, асқазан-ішек қан кетуінің дамуы мүмкін. Анағұрлым ауыр улану кезінде орталық жүйке жүйесінің уытты зақымдануы байқалады, ол ұйқышылдық, сылбырлық, апноэ (әсіресе жас балаларда), кейде қозу және дезориентация немесе кома түрінде көрініс табады. Бронх демікпесінен зардап шегетін пациенттерде ауру симптомдары өршуі мүмкін. Кейде пациенттерде құрысулар дамытады. Ауыр улану кезінде метаболизмдік ацидоз (бүйрек өзекшелерінің ацидозын қоса) және гипокалиемия дамуы мүмкін, протромбиндік уақыттың/ХҚҚ ұлғаюы да байқалуы мүмкін, айналымдағы ұю факторларымен айқаспалы өзара әрекеттесу салдарынан болуы мүмкін. Артериялық гипотензия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бауыр паренхимасының зақымдануы, рабдомиолиз және гипотермия сияқты жағдайлар дамуы мүмкін.
Көрсетілген симптомдар пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну керек.
Емі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету және жүрек қызметі мен жағдайды тұрақтандыруға дейінгі негізгі физиологиялық көрсеткіштерді бақылау кіретін симптоматикалық және демеуші ем. Егер пациент препараттың ықтимал уытты мөлшерін қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде жеткізілсе, белсендірілген көмірді қолдануды қарастыру ұсынылады. Жиі немесе ұзақ құрысу ұстамаларын диазепамды вена ішіне енгізумен басу керек. Бронх демікпесінің өршуі кезінде бронходилитикалық препараттарды қолдану керек.
60 капсуладан бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға салынады. Құтының мойнын біріктірілген материалдан жасалған қорғағыш жарғақшамен мөрлейді – полиэтиленмен ламинатталған алюминий фольга/ қағаз. Құтының қақпағы қорғағыш үлбірмен мөрленеді. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңбаға жапсырады.
Құтыны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептсіз.
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептсіз.
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептсіз.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.