daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Тиммалол-оптикалық Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | Медоптик

Актобе қаласындағы Тиммалол-оптикалық Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | Медоптик

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

Международное наименование:

Тимолол

Производитель:

Медоптик

Страна производитель:

Республика Казахстан

Действующее вещество:

- бронх демікпесі, бронхтар гиперреактивтілігі, өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары - синустық брадикардия (жүректің жиырылу жиілігінің азаюы), синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоаурикулярлық блокада - кардиостимулятормен бақыланбайтын II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада - айқын жүрек жеткіліксіздігі - кардиогендік шок - ауыр атрофиялық ринит - мөлдір қабық дистрофиясы - лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дозировка активного вещества:

0,5%

Количество в упаковке:

1 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- көзішілік қысымның жоғарылауы

- созылмалы ашық бұрышты глаукома

- глаукома, катарактаны алып тастау операциясынан кейін

- салдарлы глаукома

- туа біткен глаукома (басқа терапиялық шаралар тиімсіз болған кезде)

Жабық бұрышты глаукома кезінде біріктірілген терапия құрамында (миотиктермен біріктірілімде) қосымша дәрі ретінде қолдануға болады.

Противопоказания

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі, бронхтар гиперреактивтілігі, өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары

- синустық брадикардия (жүректің жиырылу жиілігінің азаюы), синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоаурикулярлық блокада

- кардиостимулятормен бақыланбайтын II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

- айқын жүрек жеткіліксіздігі

- кардиогендік шок

- ауыр атрофиялық ринит

- мөлдір қабық дистрофиясы

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектерге күніне 2 рет 0,25% ерітіндінің 1 тамшысын тамызады, тиімділігі жеткіліксіз болғанда – күніне 2 рет 0,5% ерітіндінің 1 тамшысын тамызады. Көзішілік қысым қалыпқа келген кезінде демеуші доза-күніне 1 рет 0,25% ерітіндінің 1 тамшысы.

Екі жергілікті бета-блокаторларды қолдану ұсынылмайды!

Жабық бұрышты глаукомада қолдану миотикалық дәрілермен бірге ғана мүмкін болады. Тимололды қолданғанға дейін кем дегенде 10 минут бұрын басқа препараттарды енгізу ұсынылады.

Басқа препараттардан тимололға ауыстыру

Басқа жергілікті бета-блокаторлар қолданылып жүрген кезде оның қолданылуын тоқтатып, терапиясыз толық күн өткеннен кейін әр зақымданған көзге күніне 2 рет 0,25% ерітіндінің 1 тамшысын, тиімділігі жеткіліксіз болса – күніне 2 рет 0,5% ерітіндінің 1 тамшысын тамызу арқылы тимолол көзге тамызатын дәрісімен емді бастау керек.

Пациентті глаукомаға қарсы препараттан ауыстырған кезде (жергілікті қолдануға арналған бета-блокаторлардан басқа) препаратты қабылдауды жалғастырып, әрбір зақымданған көзге тәулігіне 2 рет 0,25% тимололдың бір тамшысын қосу керек. Келесі күні алдыңғы препаратты толығымен тоқтатып, тимололды қолдануды жалғастыру керек. Тиімділік жеткіліксіз болған жағдайда дозаны күніне 2 рет 0,5% ерітіндінің 1 тамшысын енгізу арқылы өзгерту керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде тимолол малеатын қолданудың үлкен тәжірибесі бар. Дозаны түзету қажет емес.

Басқа пациенттер

Препарат өкпе эмфиземасы, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиясы, компенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензиясы, аллергиялық емес созылмалы бронхиті, бронхоспазмы, вазомоторлы риниті, Рейно ауруы, феохромоцитомасы, метаболизмдік ацидозы, ауыр цереброваскулярлық жеткіліксіздігі, қант диабеті (әсіресе тұрақсыз ағым), гипогликемиясы, гипертиреозы, миастениясы, мезгіз-мезгіл ақсақтығы бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде аса сақтықпен қолданылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған.

Зақымданған көзге тамшыларды инстилляциялау

Ықтимал жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығын азайту үшін бір уақытта тек бір тамшыны ғана тамызу керек. Жергілікті бета-адреноблокаторлардың жүйелік сіңуін мұрын-көз жасы өзегін қысу және енгізгеннен кейін мүмкіндігінше ұзақ (шамамен 3-5 минут) көзді жұму арқылы азайтуға болады.

Пациенттерге тамшылатқыш-құтының ұшын көзге тигізуге болмайтындығы туралы нұсқаулық берілуі тиіс.

Сондай-ақ пациенттерге көзге арналған ерітінділер дұрыс пайдаланылмаған жағдайда көз инфекциясын тудыратын кәдімгі бактерияларды жұқтыруы мүмкін екендігі туралы нұсқаулық берілуі керек. Ластанған ерітінділерді пайдалану көздің қатты зақымдалуына әкеле отырып, көру қабілетін жоғалтуға ұшыратуы мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу, әдетте, ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Көзішілік қысымды бағалау ем басталғаннан кейін 1 айдан кейін жүргізілуі керек. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және ол дәрігермен анықталады. Препаратты қолданудағы үзіліс немесе дозаны өзгерту емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: β-адренорецепторлар блокаторларына тән жалпы резорбтивтік әсерлердің дамуы: бас айналу, бас ауруы, ентігу, брадикардия, бронхоспазм, жүректің тоқтауы, жедел жүрек-қантамырлары жеткіліксіздігі, гипотония.

Емдеу: көзді сумен немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен дереу жуу, қажет болған жағдайда симптоматикалық терапияны жүргізу қажет:

1. Егер препарат пероральді қабылданған болса, белсендірілген көмірді тағайындау. Зерттеулер тимолол малеатын гемодиализ арқылы шығару мүмкін емес екенін көрсетті.

2. Симптоматикалық брадикардия: вагустық блокаданы индукциялау үшін вена ішіне 0,25-тен 2 мг-ға дейін атропин сульфатын қолдану керек. Егер брадикардия сақталатын болса, изопреналин гидрохлоридін вена ішіне абайлап енгізу керек. Рефрактерлік жағдайларда кардиостимуляторды қолдану қарастырылуы мүмкін.

3. Гипотония: дофамин, добутамин немесе норадреналин сияқты симпатомиметикалық вазопрессорды қолдану керек. Сезімталдық болмаған жағдайында глюкагонды қолдану пайдалы болуы мүмкін екендігі тіркелді.

4. Бронхоспазм: изопреналин гидрохлоридін қабылдау керек. Аминофиллинмен қатар жүретін терапия қарастырылуы мүмкін.

5. Жүректің жедел жеткіліксіздігі: дигиталиспен, диуретиктермен және оттегімен дәстүрлі терапияны дереу бастау керек. Рефрактерлік жағдайларда аминофиллинді вена ішіне қолдану ұсынылады. Бұл қажет болған жағдайда глюкагонмен емдеумен бірге жүруі мүмкін.

6. Жүрек блокадасы (екінші немесе үшінші дәрежелі): изопреналин гидрохлориді немесе кардиостимулятор қолданылуы керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар

Препаратты қолдануда үзіліс жасау немесе дозаны өзгерту емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну ұсынылады.

Форма выпуска

5 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, қақпақпен тығыз жабылған, полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

10, 20 немесе 100 қорапша картоннан жасалған қорапқа салынған.

20, 100 немесе 1000 құтыдан (қорапшаға салмай) қораптық картоннан жасалған қорапқа құты санына қарай медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 4 аптадан аспауы керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 4 аптадан аспауы керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Объем

5 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкатиммалол-оптикалық көз тамшылары 0,5% 5 мл онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube