Қолдану көрсеткіштері
Транексам қышқылы ересектер мен бір жастан асқан балаларда гиперфибринолиздің жүйелі және жергілікті бұзылыстарындағы қан кетулердің профилактикасы және оны емдеу үшін.
Қолдану көрсетілімдері мыналарды қамтиды:
жергілікті немесе жайылған гиперфибринолизбен байланысты қан кетулер, мысалы,
меноррагия және метроррагия,
асқазан-ішектен қан кету,
несеп шығару жолдарының ауруларында, простата безіне немесе несеп шығару жолдарына хирургиялық араласу кезінде қан кету;
құлақ, тамақ және мұрын аймағына жедел араласу (аденотомия, тонзиллэктомия, тістің экстракциясы);
гинекологиялық операциялар және акушерлік қан кетулер;
кеуде қуысы мен іш қуысы аумағындағы операциялар, сондай-ақ басқа да ірі операциялық араласулар, оның ішінде кардиологиялық операциялар және тамырлардағы операциялар;
фибринолитикалық ем жүргізу кезеңіндегі қан кету.