daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Урофурагин Таблеткалары 50 Мг №30 | Adamed Pharma S.A.

Актобе қаласындағы Урофурагин Таблеткалары 50 Мг №30 | Adamed Pharma S.A.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жағы жалпақ беткейлі, бір бетінде сызығы бар, диаметрі 6.65-тен 7.35 мм-ге дейін болатын, сарғыш-қызғылт сары түсті таблеткалар.

Өндіруші:

Adamed Pharma S.A.

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, сахароза, коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі жағы жалпақ беткейлі, бір бетінде сызығы бар, диаметрі 6.65-тен 7.35 мм-ге дейін болатын, сарғыш-қызғылт сары түсті таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

1 уп

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - фурагин 50 мг,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, сахароза, коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы жалпақ беткейлі, бір бетінде сызығы бар, диаметрі 6.65-тен 7.35 мм-ге дейін болатын, сарғыш-қызғылт сары түсті таблеткалар.

Қолдану көрсеткіштері

Несеп шығару жолдарының инфекцияларын (цистит, уретрит, пиелонефрит), простатит және еритін фурагинге-сезімтал микроорганизмдерден туындаған гинекологиялық инфекцияларды емдеуде.

Урологиялық операциялардың, цистоскопияның, катетеризацияның профилактикасы, сондай-ақ несеп шығару жолдарының инфекцияларының қайталануының профилактикасында.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затына немесе кез келген қосымша затқа немесе нитрофуран туындыларына жоғары сезімталдық.

бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 60 мл / мин кем немесе креатинин деңгейінің жоғарылауы)

полиневропатия (оның ішінде диабеттік);

глюкоза-6-фосфат тапшылығы

жүктілік және лактация кезеңі

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

порфирия

Сақтық шаралары

Анемиясы, В тобының дәрумендерінің және фолий қышқылының тапшылығы, өкпе аурулары, гемолиз дамуының ықтимал қаупіне байланысты глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде қолданған кезде ерекше сақ болу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданған кезде ерекше сақ болу керек. Бүйректің паренхиматозды инфекцияларында ұсынылмайды.

Қант диабеті бар пациенттер сақтық таныту керек, өйткені фурагин полинейропатияның дамуын тудыруы мүмкін. Нейропатия белгілері болған жағдайда препаратты тоқтату керек.

Урофурагинді анамнезінде жоғары сезімталдығы бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Бүйрек пен бауыр функциясын, сондай-ақ өкпе функциясын ұзақ уақыт емдеу кезінде, әсіресе 65 жастан асқан пациенттерде (өкпе фиброзының қаупі) бақылау керек.

Препаратты ұзақ пайдалану шеткері невропатияны тудыруы мүмкін.

Урофурагиннің ұзақ профилактикалық дозалары кезінде микробқа қарсы препараттарға клиникалық маңызды тұрақтылық байқалмайды.

Жалған жарғақшалы колит препаратпен емдеу кезінде тіркелмеген, бірақ нитрофуранның туындыларын қоса алғанда, барлық дерлік бактерияға қарсы дәрілер жалған жарғақшалы колит кезінде тіркелген. Бұл жағымсыз әсердің тік ішектің табиғи микрофлорасының бәсеңдеуіне байланысты бактерияға қарсы дәрілерді қабылдаған кезде диарея дамыған пациенттерде ескеру керек. Антибиотиктерден айырмашылығы, Урофурагин® ішек микрофлорасын айтарлықтай өзгертпейді. Жеңіл жалған жарғақшалы колит жағдайында бактерияға қарсы дәріні қолдануды тоқтату жеткілікті.

Урофурагинді қабылдайтын пациенттер глюкоза деңгейін өлшеу үшін мыстың мөлшерін төмендету әдісін пайдаланған кезде несептегі глюкоза талдауының жалған оң нәтижелері болуы мүмкін. Егер несептегі глюкоза деңгейін өлшеу үшін ферменттік әдістер пайдаланылса, препаратты қолдану талдау нәтижелеріне әсер етпейді.

Балалар мен жасөспірімдер

Таблеткаға қақалып қалу мүмкіндігіне байланысты кішкентай балаларда ерекше сақ болу керек.

Урофурагин® құрамында сахароза бар.

Оны фруктоза көтере алмаушылығына, глюкоза-галактоза мальабсорбциясына немесе сахараза-изомальтаза тапшылығына байланысты сирек тұқым қуалаушылық проблемалары бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

Өзара әрекеттесуі

Сульфонамидтерді пайдалану ұсынылмайды және біріктірілімі қан түзу үдерістеріне теріс әсер етуі мүмкін. Пенициллин мен цефалоспоринді антибиотиктермен бірге қолдану бактерияға қарсы белсенділігін айтарлықтай күшейтеді. Тетрациклин мен эритромицинмен жақсы үйлеседі.

Несепті сілтілендіруші агенттер нитрофурандардың әсерін төмендетеді.

Несепті қышқылдандыратын агенттер (аскорбин қышқылын, сондай-ақ кальций хлоридін қоса алғанда) нитрофурандардың әсерін күшейтеді, бірақ уытты әсерлердің қаупін арттыруы мүмкін.

In vitro нитрофурандар хинолондармен (налидикс қышқылы, норфлоксацин, оксолин қышқылы) антагонистік әсері бар. Алайда, бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәні in vivo зерттелген жоқ, сондықтан осы препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Фурагинді урикозуриялық дәрілермен (пробенецид, сульфинпиразонмен) бірге енгізу фурагиннің несеппен экскрециясын төмендетеді және жоғары уыттылыққа әкелуі мүмкін.

Алкогольді емдеу кезінде қолдануға болмайды, өйткені еритін фурагин мен алкогольді бір мезгілде қабылдау жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін (жүрек соғуының жиілеуі, кеуденің ауыруы, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, құрысу, қан қысымының төмендеуі, ысыну және қорқыныш сезімі).

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүкті әйелдерде ешбір бақыланатын клиникалық сынақтар жоқ. Нитрофурандар плацентарлық тосқауыл арқылы өтеді, бірақ олардың шарана қандағы концентрациясы аналық қанға қарағанда көп есе төмен.

Бала емізу

Нитрофурандар емшек сүтімен шығарылады. Бала емізу кезінде нитрофурандарды қолдану балаларда гемолиздік анемия дамуының ықтимал қаупіне байланысты қарсы көрсетілімде.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фуразидиннің автокөлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істеу мүмкіндігіне әсері туралы деректер жоқ. Дегенмен, кейбір пациенттер автокөлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлерді сезінуі мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересек адамдар

Ересектерде доза күніне 3 рет 50-ден 100 мг-ға дейін құрайды.

Балалар популяциясы

Салмағы 30 кг астам балалар үшін - күніне 3 рет 50 мг.

Емдеу курсы-7-10 күн. Қажет болған жағдайда емдеу курсы 10-15 күннен кейін қайталанады.

Профилактикасы

Ересектер мен балалар салмағы 30 кг астам - 50 мг ұйқы алдында. Емдеу курсы-7-10 күн. Қажет болған жағдайда емдеу курсы 10-15 күннен кейін қайталанады.

Қолдану тәсілі

Урофурагин® таблеткаларын тамақтан кейін ішке қабылдау керек. Таблетканы сұйықтықтың көп мөлшерімен тұтас күйінде жұтып қою керек.

Жанама әсерлері

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-органдық жіктеуге және олардың пайда болу жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-ден < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес))

Клиникалық сынақтар барысында байқалатын және препаратты қолданумен байланыстылығының ықтималдығы басым жағымсыз әсерлердің арасында ең көп тарағаны мыналар: жүрек айнуы (8%), бас ауруы (6%) және метеоризм (1,5%). Басқа, төмендегі симптомдар пациенттердің 1% - нан аспайтынында пайда болды. Олар бұзылу жүйелері бойынша тізімделген.

Қан және лимфа жүйесінің бұзылыстары:

Өте сирек – гематологиялық бұзылулар (агранулоцитоз, тромбоцитопения, апластикалық анемия).

Жүйке жүйесінің бұзылыстары:

Жиі – бас ауруы

Сирек – бас айналу, ұйқышылдық

Өте сирек– шеткері невропатия.

Тыныс алу жүйесінің, кеуде қуысының және көкірек ортасының бұзылыстары:

Өте сирек – жедел және созылмалы өкпе реакциялары. Өкпенің жедел реакциясы жылдам дамиды. Ол қатты ентігумен, қызбамен, кеуде қуысының ауыруымен, қақырықпен немесе онсыз жөтелмен, эозинофилиямен көрініс береді. Өкпенің жедел реакциясымен бір мезгілде терідегі бөрту, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну және миалгия тіркелген. Өкпенің жедел реакциясының негізінде аса жоғары сезімталдық реакциясы жатыр, ол бірнеше сағат ішінде туындайды, сирек – бірнеше минутта дамуы мүмкін. Өкпенің жедел реакциясы қайтымды сипатта болады және препарат қолдануды тоқтатқаннан кейін басылады. Өкпенің созылмалы реакциясы нитрофурандармен емдеуді тоқтатқаннан кейін ұзақ уақыт аралығынан соң дамуы мүмкін. Оған ентігудің біртіндеп артуы, тыныс алудың жиілеуі, тұрақсыз қызба, эозинофилия, үдемелі жөтел және интерстициальді пневмонит және/немесе өкпе фиброзы тән.

Асқазан-ішек бұзылыстары:

Сирек –жүрек айнуы, метеоризм. Іш қатуы, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, құсу, сілекей бездерінің қабынуы.

Өте сирек – панкреатит. Жағымсыз әсерлері дәріні тамақпен іше отырып, азайтылуы мүмкін.

Тері және тері асты тінінің бұзылыстары:

Сирек-папулезді бөртпе, қышыну

Өте сирек – ангионевроздық ісіну, есекжем, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, өтпелі алопеция.

Тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер тінінің бұзылыстары:

Өте сирек – артралгия

Тамырлық бұзылулар

Өте сирек жеңіл бассүйекішілік гипертензия

Жалпы бұзылыстар және жергілікті реакциялар:

Өте сирек – қызба, қалтырау, дімкәстік

Бауыр мен өт жолдарының бұзылыстары:

Өте сирек – гепатит, холестаздық сарғаю

Жағымсыз құбылыстарды азайту үшін, В тобы дәрумендерін, антигистаминдік препараттарды қабылдау және көп мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады. Күрделі жағымсыз әсерлері жағдайында дәрінің дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату керек.

Урофурагинде күңгірт-сары немесе қоңыр түсті несеп дақтары болады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

ДП «пайда-қауіп» арақатынасын үздіксіз мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркеуден кейін күмән тудыратын жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарландыру жүйесі арқылы ДП кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы мәлімдеуге кеңес беріледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «Урофурагин таблеткалары 50 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

040080012001600200012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыУрофурагин таблеткалары 50 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
10 бағалау
1
star
0
2
star
2
3
star
1
4
star
2
5
star
5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
30 Апреля 2024
Комментарий: Эти таблетки оказались бесполезными.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
27 Апреля 2024
Комментарий: Мне лично это не помогло. К тому же, меня от него тошнит.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Ноября 2023
Комментарий: Молодцы сотрудники. Всегда очень оперативная работа. Спасибо огромное!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Сентября 2023
Комментарий: Врач назначил при пиелонефрите, помогло через неделю применения.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Сентября 2023
Комментарий: Помогло.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
12 Сентября 2023
Комментарий: Мне толком не помогло
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
8 Сентября 2023
Комментарий: К большому сожалению, этот препарат мне не подошёл. Пропила один день, и тошнота была невыносимая, перестала пить. Хотя отзывы о нем были положительные.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
14 Июля 2023
Достоинства: Работает, помог от уретрита.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
24 Декабря 2022
Комментарий: Покупала не для себя. Но слышала, что помогает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Декабря 2022
Достоинства: Хорошее лекарство, помогает.
2080

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 7

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Актобе:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2087

2080

7

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАктобе қаласындағы «Урофурагин таблеткалары 50 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасыБағалаулар және пікірлер

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube