Қолдану көрсеткіштері
Бөлінуі қиын қақырықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары:
- жедел және созылмалы бронхит
- ларингит, синусит, трахеит
- тұмау
- бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде).
Бөлінуі қиын қақырықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары:
- жедел және созылмалы бронхит
- ларингит, синусит, трахеит
- тұмау
- бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде).
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- белсенді пептидтік ойық жарасы
- 12 жасқа дейінгі балалар, муковисцидозы бар 6 жасқа дейінгі балалар
- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы (сорбитолдың құрамына байланысты)
- фенилкетонурия (аспартамның құрамына байланысты)
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Муколитикалық әсер
Ацетилцистеин цистеин аминқышқылының туындысы болып табылады.
Ацетилцистеин шырышты және шырышты-іріңді секретке (қақырыққа) қарқынды муколитикалық-сұйылтқыш әсер етеді, ол қақырық пен басқа да секреттердің шыны тәрізді және іріңді компонентінің құрамына тұтқырлық беретін мукопротеиндік кешендерді және нуклеин қышқылдарын деполимеризациялайды.
Осы механизмдер арқылы қақырық тұтқырлығын азайтады, оның бөлінісін жақсартады және жөтелді жеңілдетеді.
Ацетилцистеин, оның реактивті сульфгидрил тобының (SH-тобы) химиялық радикалдарды байланыстыру қабілеті арқасында және оларды осыған байланысты бейтараптандыратындықтан антиоксидантты әсерге иеленген.
Қорғаныс әсері
Ацетилцистеинді профилактикалық мақсатта қолданғанда созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және муковисцидозге шалдыққан пациенттерге қорғаныс әсерін тигізеді, бактериялардың өршу жиілігін және ауырлығын төмендетеді.
Антиоксидантты әсер
Ацетилцистеиннің антиоксидантты қасиеттері оның реактивті SH-топтарына негізделген, ол солармен химиялық радикалдар түзеді және залалсыздандырады, осылайша уытсыздандырғыш әсер етеді.
Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, ацетилцистеин мен оның метаболиттері бос радикалдардан қорғауға екі тәсілмен қолайлы әсер етеді:
- Бірінші – бұл радикалдарды тікелей қармау мүмкіндігі, яғни бос радикалдармен NAC-тың ферментативті емес реакциясы.
- Екінші - глутатион ізашарының рөлімен байланысты тікелей емес антиоксидантты әсері (GSH (глутатион) синтезіне қажетті цистеин көзі).
Ацетилцистеин глутатионның күшейтілген синтезіне ықпал етеді, бұл әртүрлі зиянды заттардың уытсыздандырылуына байланысты маңызды болып табылады. Бұл оның антидот ретіндегі әрекетін, мысалы, парацетамолмен уланғанда қолданылуын түсіндіреді.
Қабынуға қарсы әсері/әр түрлі вирустық инфекциялар кезінде қабыну көріністерін басу
GSH (глутатион) қорының сарқылуы көбінесе тотығу стрессі мен қабынуды тудырады. Ацетилцистеин жасушалардың бұзылған тотығу-тотықсыздану статусын қалыпқа келтіруге қабілетті, демек жасушалардың тотығу-тотықсыздану өзгерістеріне сезімтал дабыл беру жолдары мен транскрипциясына әсер етуі мүмкін.
Бактериялық биоүлбіріне әсері
Іn vitro зерттеулер көрсеткендей, N-ацетилцистеин бактериялық биоүлбірлердің түзілуін тежеуге және қазіргі уақытта қалыптасқан биоүлбірлерді жоюға қабілетті.
Асқыну жиілігіне әсері
Ацетилцистеинді ұзақ уақыт қолдану (3 айдан астам) созылмалы бронхитпен ауыратын пациенттерде асқыну жиілігін азайтуы мүмкін.
Ацетилцистеин қолданған кезде өте сирек жағдайларда терінің ауыр аллергиялық реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы) туындауы байқалған. Терінің аллергиялық реакциялары туындаған жағдайда пациент ацетилцистеин қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Анамнезінде асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе асқазанның белгілі жағымсыз әсерлері бар препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ацетилцистеинді қолданған кезде сақтық таныту керек.
Ацетилцистеинді қолдану кезінде бронх демікпесі бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет. Бронх түйілуі пайда болған кезде ацетилцистеин қабылдауды тоқтату қажет.
Гистамин жақпаушылығы бар пациенттер ацетилцистеинді қысқа курстармен қабылдауы керек, өйткені гистаминнің өзінің метаболизміне ықпал етумен жақпаушылық симптомдары (мысалы, бас ауыру, мұрынның бітелуі, қышыну) пайд болуы мүмкін.
Ацетилцистеин қолдану, әсіресе емдеудің басында бронхта қақырықтың сұйылуына және бір мезгілде оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты шығара алмайтын болса, қақырық іркілуін болдырмас үшін: постуральді дренаж немесе аспирация қолданылады.
АЦЦ® Актив препаратының құрамында сорбитол бар, сондықтан орташа босаңсытатын әсер етуі мүмкін. Фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге құрамында сорбитол бар болғандықтан, AЦЦ® Актив препаратын қолдануға болмайды.
АЦЦ® Актив препаратының құрамында фенилкетонурияға шалдыққан пациенттерге зиян келтіруі мүмкін, фенилаланин көзі аспартам бар.
Педиатрияда қолдану
Муколитикалық дәрілер 2 жасқа дейінгі балаларда тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Осы жас тобындағы балаларда тыныс алу жүйесінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты тыныс алу жолдарының секрециясын тазарту мүмкіндігі шектеулі, сондықтан муколитикалық препараттарды 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу туралы зерттеулер тек ересектерде жүргізілді.
Ацетилцистеин мен жөтелге қарсы дәрілерді бір мезгілде қабылдау жөтел рефлексінің басылуына байланысты бронх түйілуінің және тыныс алу жолдарының инфекциясының даму қаупімен қақырықтың жиналуын арттыруы мүмкін. Сондықтан осы нұсқасын біріктірілген емде қабылдамаған жөн.
Антибиотиктер
Ацетилцистеиннің әсерінен антибиотиктердің инактивациясы туралы есептер тек in vitro зертханалық жағдайындағы сынақтарға ғана қатысты, онда қарастырылатын заттар тікелей араластырылған. Әйтсе де, қауіпсіздік тарапынан антибиотиктерді пероральді қабылдау жеке және қабылдау арасы 2 сағатқа тең ең төмен аралықпен іске асырылуы тиіс.
Белсендірілген көмір
Уыттануды емдеу кезінде ацетилцистеинді және белсендірілген көмірді бір мезгілде қабылдау пероральді қабылданған ацетилцистеиннің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Нитроглицерин
Ацетилцистеин мен нитроглицеринді бірге қолдану глицерилтринитраттың (нитроглицериннің) вазодилататорлық және агрегантқа қарсы әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Егер нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қолдану қажет деп саналса, онда пациентте ауыр болып әрі бас ауыру түрінде көрініс табуы мүмкін, гипотензияны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін қадағалау керек.
Басқа препараттарды АЦЦ® Актив препаратымен бірге еріту ұсынылмайды.
Ацетилцистеин салицилаттарды анықтаудың колориметриялық сандық талдауына әсер етуі мүмкін.
Ацетилцистеин несеп талдауында кетон денелерін талдау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Препаратты қабылдаған жүкті әйелдердің шектеулі санына қатысты қолда бар деректер жүктілікке, шаранаға немесе баланың денсаулығына қандай да бір жағымсыз әсерді анықтамайды. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке және шаранаға, сондай-ақ эмбрионды және туғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін анықтамады.
Кез келген жағдайда препаратты жүктілік кезінде қолданған кезде тиісті сақтық шараларын сақтау керек.
Бала емізу
Емшек сүтіне ену туралы ақпарат жоқ.
Бала емізу кезінде ацетилцистеинді пайдалануға пайда/қауіп арақатынасын қатаң бағалаудан кейін ғана рұқсат етіледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.

Дозалау режимі
АЦЦ ® Актив препараты ішке қабылдауға арналған ұнтақ болып табылады.
12 жастан асқан балалар мен ересектерге:
Тәулігіне 1 рет 1 пакет ұнтақтан (600 мг) (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді).
Муковисцидоз: 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 1 пакеттен.
Қолдану тәсілі:
1 пакет ұнтақты (600 мг) дәл тілге орналастыру керек. Ұнтақ сілекей бөлінуін стимуляциялайды, сондықтан оны жұту оңай болады. Ұнтақты жұтпас бұрын шайнауға болмайды. Ұнтақты сусыз қабылдауға болады.
Егде жастағы және әлсіреген пациенттер
Жөтел рефлексі төмендеген пациенттерге ұнтақты таңертең қабылдау ұсынылады.
Емдеу курсының ұзақтығы:
Емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін құрайды.
АЦЦ® Актив препаратын дәрігердің кеңесінсіз 14 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар 4-5 күн ішінде жақсармаса немесе нашарласа, онда пациент дәрігермен кеңесуі қажет.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, балаларда гиперсекрецияның туындау қаупі бар.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылады
1.6 г ұнтақтан алюминийден, қағаздан және фольгадан жасалған термодәнекерленген үш қабатты пакеттерде.
10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “АЦЦ Актив ұнтағы 600 мг №10” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 760₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Астане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4810₸
4050₸
760₸