Астане қаласындағы Аквадетрим Плюс 10 Мл Тамшылар | Медана Фарма АО

Астане қаласындағы Аквадетрим Плюс 10 Мл Тамшылар | Медана Фарма АО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Анис иісі бар, мөлдір, сары тұтқыр сұйықтық.

Международное наименование:

Жоқ

Производитель:

Медана Фарма АО

Страна производитель:

Республика Казахстан

Действующее вещество:

колекальциферол 10 000 ХБ, қосымша заттар: полисорбат 80, бензил спирті, глицерин, пропиленгликоль, лимон қышқылы моногидраты, динатрий фосфат додекагидраты, анис хош иістендіргіші, тазартылған су.

Дозировка активного вещества:

20 000 МЕ/10 000 МЕ

Количество в упаковке:

1 шт

Инструкция

Показания к применению

емшек еметін балалардағы рахитте

емшек және одан үлкен жастағы балалардағы А және Д дәрумендерінің гиповитаминозы және авитаминозы

балалар мен ересектердегі  тері және шырышты қабықтар ауруларында кешенді ем құрамында (псориаз, ихтиоз, дерматоздар)

Противопоказания

әсер етуші затқа немесе қандай да бір қосымша затқа жоғары сезімталдық

А және/немесе Д гипервитаминозы

бүйрек жеткіліксіздігі

гиперкальциемия

сіңіруі  әлсіреген жағдайлар (мальабсорбция синдромы)

туғанына 4 апта толмаған кезең

Взаимодействие

A дәруменінің сіңірілуі төмендегілерді: холестираминді, холестиполды, орлистатты бір уақытта қабылдаған жағдайда, неомицинді, минералды майды ішке қабылдаған кезде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда А дәруменінің дозасын ұлғайту қажет болуы мүмкін.

Пероральді  контрацептивтер  плазмадағы А дәруменінің концентрациясын жоғарылатады.

А дәруменін басқа ретиноидтармен бірге қолдану оның артық дозалануының туындауына  әкелуі мүмкін.

Тетрациклинмен біріктірілген 50 000 ХБ-дан жоғары  A дәруменінің жоғары дозалары бассүйекішілік гипертензияның дамуына себеп болуы мүмкін.

А дәруменін алкогольмен қолдану гепатоуытты әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

А дәруменін ұзақ қолдану немесе оның жоғары дозалары антикоагулянттарды (әсіресе варфарин) қабылдайтын емделушілерде қан кету қаупін арттырады.

Құрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілерді Д3 дәруменімен біріктіріп ұзақ уақыт қолдану қандағы алюминий концентрациясының жоғарылауына және соның салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде алюминийдің сүйек тініне уытты әсер етуі мен гипермагниемияға ықпал етуі мүмкін.

Эпилепсияға қарсы дәрілер (әсіресе, фенитоин және фенобарбитал), рифампицин  Д3 дәруменінің қайта сіңірілуін төмендетеді.

Д3 дәрумені мен құрамында  фосфор бар препараттарды бір мезгілде қолдану  гиперфосфатемияның пайда болу қаупін арттырады.

Тиазидтер мен басқа да диуретиктерді, сондай-ақ жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Өзара әрекеттесуі  гиперкальциемияның қаупімен  байланысты (тиазидтер гиперкальциемияға әкелуі мүмкін және Д3 дәруменінен туындаған гиперкальциемия жүрек гликозидтерінің уыттылығын арттыруы мүмкін).

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ескерту: 1 тамшының құрамында шамамен 580 ХБ А дәрумені және 290 ХБ Д3 дәрумені бар.

Препараттың дозаларын емдеуші дәрігер жекелей таңдайды.

Профилактикалық:

4 аптадан бастап нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 2 тамшыдан

12 жастан асқан балалар мен ересектер – тәулігіне 2 тамшыдан

жүкті және бала емізетін әйелдер тәулігіне 2 тамшыдан

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат бір қасық сұйықтыпен ішке қабылдайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Белгілері: А дәруменімен жедел уланған кезде, әсіресе балаларда бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және құсу басталады. А дәруменімен созылмалы уланған кезде: тәбеттің төмендеуі, көзге қосарланып көріну, өзін нашар сезіну, бас ауыруы, алопеция, еріннің жарылуы, қатты қозу, сүйек қабығы және сүйектің ауыруы есебінен сүйектердің қалыңдауы, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, гипопластикалық анемия, лейкопения, кейде бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және  гидроцефалия байқалады. Балаларда түтік тәрізді сүйектер өсуінің эпифизарлық аумағының ерте жабылуы байқалады.

Д дәруменінің уытты әсерінің симптомдарына гиперкальцемия, гиперкальциурия, нефролитиаз және сүйектердің зақымдалуы кіреді. Д дәруменімен артық дозалануының клиникалық симптомдары мыналар болуы мүмкін: бас ауыруы, бұлшықет пен буындардың ауыруы, летаргия, тәбеттің жоғалуы, қатты шөлдеу, полиурия, жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы, бұлшықет әлсіздігі, дене салмағының төмендеуі, конъюнктивит, фотофобия, панкреатит, мұрыннан су тәрізді экссудат ағуы, қышыну, гипертермия, либидоның төмендеуі, гиперхолестеринемия, полиурия,  аминотрансферазалар белсенділігінің жоғарылауы, артериялық гипертензия, тахиаритмия және уремия, депрессия, психоздық бұзылыстар. Сонымен қатар: анемия, ашушаңдық, бас айналуы, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, ауыздық, теріасты тінінің ісінуі, шаштың түсуі, бауыр функциясының бұзылуы, терінің құрғауы, остеоартикулярлық ауырулар байқалуы мүмкін.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. Сұйықтықтың көп мөлшерін қабылдау. Дәрігерге қаралу. Стационарлық емдеу қажет болуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны пациент ол туралы есіне түсірген бойда қабылдау керек. Өткізіп алған заттың орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдауға болмайды.

Форма выпуска

10 мл препараттан тамшылатқыш дозаторы және «алғашқы ашылуына» кепілді сақинасы бар бұралып жабылатын қақпақпен қаусырылған күңгірт шыныдан жасалған құтыда. Құтыға заттаңба жапсырылған. 1 құтыдан қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Условия хранения

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Тоңазытқышта сақтауға, мұздатып қатыруға болмайды.

Жарықтан қорғау мақсатында түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Ашылған құтыны 4 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Объем

10 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиАквадетрим Плюс 10 мл тамшыларв аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube

Контакты

[email protected]