Қолдану көрсеткіштері
Тыныс жолдарының жедел және созылмалы аурулары кезінде кешенді ем құрамында: ларингит, трахеит, бронхит, бронх демікпесі.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жөтелге қарсы дәрілермен (мысалы, кодеинмен) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Дәрілік затты қолдану ережелерін бұзуға болмайды.
Сақтау үдерісінде шөгінді түсуіне жол беріледі. Қолданар алдында шайқау керек.
Егер емдеу кезінде ентігу, дене температурасының жоғарылауы дамитын болса немесе препарат қолданумен байланысты емес іріңді қақырық пайда болса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Бір мезгілде қолданылатын препараттардың сіңірілуі төмендеуі мүмкін. Препаратты басқа препараттарды қолданудан 1 сағат бұрын немесе 1 сағаттан кейін қолдану қажет.
Қант диабеті кезінде сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану тәжірибесі туралы ақпарат жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Препаратты тамақтануға дейін тағайындайды: ересектерге және 14 жастан асқан балаларға – 1 ас қасық (15 мл) шәрбаттан тәулігіне 4-6 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға 2 шай қасықтан (10 мл) тәулігіне 4-6 рет тағайындайды; 2-ден 6 жасқа дейін – 1 шай қасық (5 мл) шәрбаттан тәулігіне 4-6 рет.
Емдеу курсының ұзақтығы емдеу тиімділігіне байланысты жекелей анықталады, және әдетте 7-14 күнді құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану керек. Қолданар алдында шайқау керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.