Қолдану көрсеткіштері
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
2 жасқа толмаған балаларда препаратты дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолдану көрсетілген
жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі
Басқа препараттармен клиникалық мәнді жағымсыз өзара әрекеттесулері туралы хабарланбаған.
Амброксол және антибиотиктер (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин) қабылдау бронх-өкпе секретінде және қақырықта соңғылардың енуі мен концентрациясы артуына әкелуі мүмкін.
Амброксол-ТК препаратын және жөтелді басатын дәрілерді бір мезгілде қолдану жөтел рефлексінің бәсеңдеуіне байланысты шырыштың шамадан тыс жинақталуына әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай комбинацияны қолданудың күтілетін пайдасы мен қаупінің арақатынасына дәрігер мұқият баға бергеннен кейін ғана қолдануға болады.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күн 10 мл шәрбаттан тәулігіне 3 рет (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), әрі қарай 10 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қажет болған жағдайда емдік әсерін күшейту үшін 20 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: 5 мл тәулігіне 2-3 рет (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл тәулігіне 3 рет (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл тәулігіне 2 рет (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
Қабылдау ұзақтығы шектеусіз, дегенмен препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдамаған жөн.
Препаратты тамақтануға байланыссыз, қоса берілген өлшегіш стақанның немесе қасықтың көмегімен қабылдауға болады.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: мәлім болған жағымсыз әсерлерімен белгілері салыстырмалы: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия.
Емі: симптоматикалық ем.
Жағымсыз құбылыстар жүйелік-ағзалық класы мен жиілігі бойынша төмендегідей жіктемеде берілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10,000 <1/1000 дейін),өте сирек (<1/10,000), жиілігі белгісіз (жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі:
дисгевзия (дәм сезінудің бұзылуы)
жүрек айнуы, ауыз қуысы сезімталдығының төмендеуі (оральді гипестезия)
жұтқыншақта сезімталдықтың төмендеуі (фарингеальді гипестезия)
Жиі емес:
құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы
қызба, шырышты қабықтың жергілікті реакциялары
Сирек:
тамақтың құрғауы
аса жоғары сезімталдық реакциялары
бөртпе, есекжем
Өте сирек:
сілекей бөлінудің артуы
Жиілігі белгісіз:
анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және қышынуды қоса, анафилаксиялық реакциялар
терінің ауыр реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса)
ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциялары симптомы сияқты)
Препарат 100 мл-ден бірінші ашылу бақылауы бар ақ түсті пластикалық бұрандалы қақпақпен немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен жабылған шыны құтыда. Құтыға пластмассадан жасалған өлшегіш стақан немесе қасық қоса беріледі.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл. Ашқаннан кейін 6 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Амброксол-ТК сиропы 15 мг / 5 мл 100 мл” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 33₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Астане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
818₸
785₸
33₸