daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Аминазин Ампуласы 25 Мг/мл 2 Мл №10 | "Харьковское фармацевтическое предприятие "Здоровье народу"

Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш-жасыл түсті сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Хлорпромазин

Өндіруші:

"Харьковское фармацевтическое предприятие "Здоровье народу"

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз натрий сульфиті (Е 221), натрий метабисульфиті (Е 223), аскорбин қышқылы, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

25 мг/мл 2 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы психоздық жағдайлардағы қозу мен озбырлық жағдайын (шизофрения, созылмалы шизофрениялық емес сандырақтау: параноидтық сандырақтау, созылмалы елестеу психоздары) қысқа мерзімді емдеу.

Наркозға, оның ішінде потенциалдауға дайындық.

Қарсы көрсеткіштер

Хлорпромазинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық;

Жабық бұрышты глаукоманың даму қаупі;

Уретра және қуықасты безі тарапынан бұзылуларға байланысты несеп шығару іркілісінің даму қаупі;

Анамнезінде агранулоцитоздың болуы;

Бірге қолдану:

Паркинсон ауруын қоспағанда, дофаминергиялық препараттармен (каберголин, хинаголид);

циталопраммен;

эсциталопраммен.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Барлық пациенттер қызба, тамақтың ауыруы немесе басқа инфекцияның пайда болуы туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлау керек екендігін және қан талдауын дереу бақылауды қажет болатынынан хабардар болуы тиіс. Соңғысы айқын өзгерген жағдайда (гиперлейкоцитоз, гранулопения) хлорпромазин қолдануды тоқтату керек.

Қатерлі нейролептикалық синдром.

Түсініксіз гипертермия кезінде хлорпромазин қабылдауды тоқтату керек, өйткені мұндай белгісі нейролептиктертермен сипатталған қатерлі нейролептикалық синдром элементтерінің бірі (бозару, гипертермия, вегетативті бұзылыстар, сананың бұзылуы, бұлшықеттің сіресуі) болуы мүмкін. Вегетативті дисфункцияның белгілері, мысалы, терлеудің күшеюі және артериялық тұрақсыздық гипертермия туындауының алдында болуы мүмкін, демек оның ерте басталуының белгілері болып табылады. Нейролептиктердің бұл әсерінің шығу тегі идиосинкразиялық болуы мүмкін, бірақ белгілі бір қауіп факторлары оған сусыздану немесе мидың органикалық зақымдануы сияқты әсер етеді.

QT аралығының ұзаруы.

Хлорпромазин дозаға тәуелді QT аралығын ұзартады. Бұл әсер, белгілі болғандай, күрделі қарыншалық аритмиялардың, атап айтқанда, өлімге әкелетін «пируэт» типті тахикардия пайда болу қаупін арттырады, брадикардия, гипокалиемия, туа біткен және жүре пайда болған QT аралығы ұзаруы (QT аралығын арттыратын дәрілік заттармен бірге қолданғанда) болуымен күшейеді. Сондықтан, клиникалық жағдай мүмкіндік берген кезде, кез келген енгізуден бұрын ырғақтың бұзылуына ықпал ететін факторлардың жоқтығына көз жеткізу ұсынылады:

брадикардия минутына 55 соғудан аз,

гипокалиемия,

QT аралығының туа біткен ұзаруы,

Айқын брадикардияны (минутына<55 соғу), гипокалиемияны, жүрекішілік өткізгіштіктің баяулауын, QT аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін препаратпен тұрақты емдеу.

Шұғыл жағдайларды қоспағанда, нейролептик тағайындалған пациенттерді бастапқы тексеру кезінде ЭКГ жүргізу ұсынылады.

Инсульт.

Кейбір атипті нейролептиктер қабылдаған деменциясы бар егде пациенттердің қатысуымен рандомизацияланған плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде плацебомен салыстырғанда инсульт қаупінің үш есе артуы байқалды. Мұндай жоғары қауіптің механизмі белгісіз. Басқа нейролептиктерді немесе пациенттердің басқа топтарында қолданғанда жоғары қаупін жоққа шығаруға болмайды. Бұл дәрі инсульттің қауіп факторлары бар науқастарда сақтықпен қолданылуы керек.

Деменциясы бар егде жастағы пациенттер.

Деменциямен байланысты және психозға қарсы препараттарды қабылдайтын психозы бар егде жастағы пациенттерде өлім қаупі артады.

Негізінен атипті нейролептиктерді қабылдаған пациенттердің қатысуымен жүргізілген 17 плацебо-бақыланатын зерттеулерді (орташа ұзақтығы 10 апта) талдау плацебоға қарағанда осы препараттарды қабылдаған пациенттерде өлім қаупі 1,6–1,7 есе жоғары екенін көрсеткен. Орта есеппен 10 аптаға созылған емнің соңында плацебо тобындағы 2,6% - бен салыстырғанда ем қабылдаған пациенттер тобында өлім қаупі 4,5%-ды құрады. Атипті нейролептиктердің клиникалық сынақтарындағы өлімнің себептері әртүрлі болғанымен, бұл өлімнің көпшілігі кардиоваскулярлық бұзылуларға (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, кенеттен болатын өлім) немесе инфекциялық ауруға (мысалы, пневмония) байланысты болды.

Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, атипті нейролептиктер жағдайындағы сияқты, әдеттегі нейролептиктермен емдеу өлімді арттыруы мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулерде өлім-жітімнің артуындағы антипсихотиктің немесе пациенттердің сипаттамаларының тиісті рөлі айқын емес.

Емдеуді дереу тоқтатып және келесі жағдайларда баламалы нейролептикпен емдеу мүмкіндігін қарастыру керек:

Бауырдың ауыр уыттылығы.

Хлорпромазинді қолданған кезде бауыр үшін ауыр, ықтимал өлімге әкелетін уыттылық туралы хабарланды. Пациенттерге немесе күтім жасайтын адамға мынадай белгілері немесе симптомдары туралы дәрігеріне дереу хабарлауға нұсқаулар берілуі тиіс: астения, анорексия, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе сарғаю. Бауыр функциясын бағалау үшін клиникалық және зертханалық зерттеулер шұғыл жасалуы тиіс.

Веналық тромбоэмболия.

Нейролептиктерді қабылдау кезінде кейде өліммен аяқталатын веналық тромбоэмболия (ВТЭ) жағдайлары туралы хабарланды. Психозға қарсы препараттарды қабылдаған пациенттер көбінесе ВТЭ қауіп факторларын иеленеді, сондықтан ВТЭ қаупінің кез келген ықтимал факторларын хлорпромазинмен емдеуге дейін және емдеу кезінде анықтап, алдын алу керек.

Эозинофилия.

Хлорпромазинге аллергиялық реакция эозинофилияның болуымен көрінуі мүмкін. Эозинофилияның болуын растау үшін мұқият клиникалық тексеру жүргізу, сондай-ақ дифференциалды есептеумен жалпы қан талдауын (ЖҚТ) жүргізу қажет.

Эозинофилиямен және жүйелік симптомдары бар дәрілік реакция.

Хлорпромазинмен емдеуге байланысты өмірге қауіпті немесе өлімге әкелетін эозинофилия және жүйелік симптомдары бар (DRESS) дәрілік реакция туралы хабарланды. Хлорпромазинді тағайындау кезінде пациенттерге мүмкін болатын тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау керек, содан кейін олардың пайда болуын мұқият бақылау керек. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған кезде хлорпромазин қабылдауды дереу тоқтату керек және қайта бастауға болмайды.

Бұл препарат Паркинсон ауруы үшін ерекше жағдайларда ғана қолданылуы керек.

Іштің кебуі және іштің ауыруы білінуі мүмкін салданған ішек бітелісінің пайда болуы жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Бұл дәріні алкогольмен, леводопамен, литиймен, «пируэт» типті аритмияны тудыруы мүмкін дофаминергиялық паркинсонға қарсы препараттармен, паразитке қарсы дәрілермен, метадон, басқа нейролептиктермен және «пируэт» типті аритмияны тудыруы мүмкін дәрілермен бірге қолдануға болмайды.

Когнитивтік әсерге байланысты балаларда оқу қабілетін бағалау үшін жыл сайынғы клиникалық тексеру жүргізу ұсынылады. Дозасы баланың клиникалық жағдайына байланысты үнемі түзетіледі.

Бұл дәрілік заттың құрамында 1 ммольден аз 23 мг/мл натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.

Бұл препарат құрамында сусыз натрий сульфиті (E 221) және натрий метабисульфиті (E 223) бар және ауыр аллергиялық реакциялар мен бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Хлорпромазинмен емдеу кезінде мұқият бақылауды қамтамасыз ету керек:

Эпилепсиямен ауыратын науқастарда құрысу шегін төмендету мүмкіндігі бар. Құрысу ұстамаларының пайда болуы емдеуді тоқтатуды талап етеді.

Егде жастағы пациенттерде:

- постуральді гипотензияға, седацияға және экстрапирамидалық бұзылуларға жоғары бейімділік болған кезде,

- созылмалы іш қату кезінде (салданған ішек бітелісі қаупі),

- болуы мүмкін простата гипертрофиясы кезінде.

Осы препараттар класының мүмкін болатын кардиоваскулярлық әсеріне байланысты кейбір жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар пациенттерде.

Кумуляция қаупіне байланысты бауыр және / немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайында.

Инъекциядан кейін гипотония қаупіне байланысты кем дегенде жарты сағат жата тұру ұсынылады.

Ұзақ мерзімді емдеу кезінде тұрақты офтальмологиялық және гематологиялық мониторинг ұсынылады.

Гипергликемия немесе глюкозаға жақпаушылығы, сондай-ақ фенотиазиндер қабылдаған пациенттерде қант диабетінің басталуы немесе өршуі туралы хабарланды.

Хлорпромазинді қоса, психозға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттер ағымдағы ұсынымдарға сәйкес мұқият бақылауда болуы тиіс. Қант диабеті бар немесе қант диабеті қаупі факторлары бар пациенттерге ерекше назар аудару ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрысу шегін төмендететін дәрілер.

Проконвульсанттарды (құрысу шегін төмендететін препараттарды) бірге қолдануды осыған байланысты қатердің ауырлығын ескере отырып, мұқият өлшеу керек. Бұл препараттар, атап айтқанда, көптеген антидепрессанттардың (имипрамин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер), нейролептиктермен (фенотиазиндер мен бутирофенондар), мефлохинмен, хлорохинмен, бупропионмен, трамадолмен ұсынылған.

Атропин тәрізді дәрілік заттар.

Хлорпромазинмен бірге қолданғанда атропин тәрізді дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері күшеюі және несеп іркілісі, глаукоманың жедел ұстамасы, іш қату, ауыздың құрғауы және т. б. түрінде білінуі мүмкін екенін ескеру қажет. Бұл препараттар имипраминді антидепрессанттармен, көптеген антигистаминдермен (H1-гистаминді рецепторлардың блокаторлары), антихолинергиялық паркинсон ауруына қарсы препараттармен, атропин тәрізді спазмолитиктермен, дизопирамидпен, фенотиазинді нейролептиктермен және клозапинмен ұсынылған.

Тыныштандыратын препараттар.

Көптеген дәрілер немесе заттар орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін күшейтіп, назардың төмендеуіне ықпал етуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Бұл морфиннің туындылары (анальгетиктер, жөтелге қарсы препараттар және орын басушы емге арналған дәрілер), нейролептиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиннің туындылары емес анксиолитиктер (мысалы, мепробамат), ұйықтатын таблеткалар, тыныштандыратын антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамапин), антигистаминдік препараттар-тыныштандыратын әсері бар H1 гистаминді рецепторлардың блокаторлары, орталық әсері бар гипотензивті препараттар, баклофен және талидомид.

«Пируэт» типті тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілер.

Бұл жүрек ырғағының күрделі бұзылуы аритмияға қарсы және онсыз бірқатар дәрілерден туындауы мүмкін. Ықпал етуші факторы гипокалиемия болып табылады (Гипокалиемиялық препараттарды қараңыз), сондай-ақ брадикардия (Жүректің жиырылу жиілігін төмендететін дәрілерді қараңыз) немесе бұрын болған QT аралығының ұзаруы, туа біткен немесе жүре пайда болған. Бұл атап айтқанда, Ia және III класты аритмияға қарсы дәрілер, кейбір нейролептиктер жайында.

Сондай-ақ, бұл бұзылуларды бұл кластарға жатпайтын басқа препараттар да тудыруы мүмкін.

Доласетрон, эритромицин, спирамицин және винкамин үшін бұл өзара әрекеттесу тек вена ішіне енгізілетін түрлеріне әсер етеді.

«Пируэт» типті тахикардияны басқа препаратпен тудыруға қабілетті, сондай-ақ осындай әсер беруге қабілетті препаратты қолдану, әдетте, қарсы көрсетілім болып табылады.

Алайда, метадон, сондай-ақ кейбір қосалқы кластары бұл ережеден тыс болып табылады:

Паразиттерге қарсы дәрілер (галофантрин, люмефантрин, пентамидин) «пируэт» типті тахикардияны туындатуы мүмкін басқа препараттармен ғана ұсынылмайды;

«Пируэт» типті тахикардияны тудыруы мүмкін нейролептиктер, сондай-ақ мұндай әсер етуге қабілетті басқа дәрілік заттармен бірге ұсынылмайды және қарсы көрсетілімі жоқ.

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер

Циталопрам және эсциталопрам.

Қарыншалық ырғақ бұзылу қаупінің жоғарылауы, оның ішінде «пируэт» типті тахикардия.

Паркинсон ауруынан басқа дофаминергиялық препараттар (каберголин, хинаголид).

Дофаминергиялық агонистер мен нейролептиктердің өзара антагонизмі.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер.

«Пируэт» типті тахикардия тудыруы мүмкін басқа препараттар: Ia класындағы (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид) және III класындағы (амиодарон, дронедарон, соталол, дофетилид, ибутилид) аритмияға қарсы препараттар және құрамында мышьяк, бепридил, цизаприд, дифеманил, доласетрон (вена ішіне қолдануға арналған), домперидон, эритромицин (вена ішіне қолдануға арналған), левофлоксацин, мекитазин, мизоластин, прукалоприд, винкамин (вена ішіне қолдануға арналған), моксифлоксацин, спирамицин (вена ішіне қолдануға арналған), торемифен, вандетаниб.

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия.

«Пируэт» типті тахикардия тудыруы мүмкін басқа нейролептиктер (амисульприд, циамемазин, дроперидол, флупентиксол, флуфеназин, проперициазин, галоперидол, левомепромазин, пимозид, пипамперон, пипотиазин, сертиндол, сульпирид, сультоприд, тиаприд, зуклопентиксол).

«Пируэт» типті тахикардияны туындататын паразиттерге қарсы дәрілер (галофантрин, люмефантрин, пентамидин).

Мүмкін болса, екі препараттың біреуін қолдануды тоқтатыңыз. Егер бірге қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, алдымен QT аралығын тексеріп, ЭКГ мониторингін жүргізу керек.

Дофаминергиялық паркинсонға қарсы препараттар (амантадин, апоморфин, бромокриптин, энтакапон, лизурид, перголид, пирибедил, прамипексол, разагилин, ропинирол, ротиготин, селегилин).

Дофаминергиялық және нейролептикалық дәрілердің өзара антагонизмі. Дофаминергиялық дәрі психоздық бұзылыстарды тудыруы немесе ушықтыруы мүмкін. Егер дофаминергиялық дәрілерді қабылдайтын Паркинсон ауруы бар пациентке нейролептиктермен ем қажет болса, олардың дозасын біртіндеп толық тоқтатқанға дейін азайту керек (оларды кенеттен тоқтату «қатерлі нейролептикалық синдромның» пайда болу қаупін тудырады).

Алкоголь (сусын немесе қосымша зат).

Алкогольді қолдану нейролептикалық дәрілердің тыныштандыратын әсерін күшейтеді. Қырағылықтың бұзылуы машина жүргізу мен пайдалануды қауіпті етуі мүмкін.

Алкоголь ішімдіктерді ішуден және құрамында алкоголь бар дәрілерді қолданудан аулақ болыңыз.

Литий.

Сананың шатасу синдромы, гипертония, кейде литиемияның тез үлғаюымен гиперрефлексия.

Леводопа.

Леводопа мен нейролептиктердің өзара антагонизмі.

Паркинсон ауруы бар пациенттерде екі препараттың әрқайсысының минималды тиімді дозаларын қолданыңыз.

Метадон.

Қолданылуы сақтық шараларын сақтауды талап ететін біріктірілімдер.

Инсулин.

Хлорпромазинді жоғары дозаларда (тәулігіне 100 мг) қолданғанда қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (инсулин босатылуының төмендеуі) байқалады. Пациентке ескерту жасап, қандағы қант деңгейін бақылауды күшейту керек. Қажет болған жағдайда инсулиннің дозасын нейролептиктермен емдеу кезінде және оларды тоқтатқаннан кейін түзету керек.

Гипогликемиялық препараттар — сульфонилмочевина туындылары.

Жүрек соғу жиілігін төмендететін препараттар (Ia класындағы аритмияға қарсы препараттар, бета-блокаторлар, III класындағы аритмияға қарсы кейбір препараттар, кейбір кальций антагонистері, кризотиниб, оймақгүл препараттары, пасиреотид, пилокарпин, антихолинэстераза дәрілері).

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Пациентті бақылау және ЭКГ мониторингі ұсынылады.

Гипокалиемиялық препараттар (калий сақтамайтын диуретиктер, жеке немесе біріктірілімде, стимуляциялайтын іш жүргізгіштер, глюкокортикоидтар, тетракозактид және амфотерицин B (вена ішіне қолдануға арналған).

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Дәрілік затты енгізер алдында гипокалиемияны жою және ЭКГ, қандағы электролиттердің құрамына, сондай-ақ пациенттің клиникалық жағдайына мониторинг жүргізу керек.

Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі бета-адреноблокаторлар (бисопролол, карведилол, метопролол, небиволол).

Қарыншалық ырғақ бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Көрсетілген препараттармен бірге қолданғанда клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг жүргізген жөн.

Азитромицин, кларитромицин, рокситромицин.

Ескерілуі керек біріктірілімдер.

Құрысу шегін төмендететін басқа препараттар.

Құрысулардың жоғары қаупі.

Басқа атропин тәрізді дәрілік заттар.

Несеп іркілісі, іш қату, ауыздың құрғауы және т.б. жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Басқа тыныштандыратын препараттар.

Орталық жүйке жүйесі депрессиясының күшеюі.

Қырағылықтың бұзылуы машина жүргізу мен пайдалануды қауіпті етуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы препараттар.

Гипотензия қаупінің жоғарылауы, әсіресе ортостаздық.

Дапоксетин.

Жағымсыз әсерлердің күшею қаупі, әсіресе бас айналу немесе естен тану.

Артериялық қысымды төмендететін дәрілер.

Гипотензияның, әсіресе ортостаздық түрінің күшею қаупі.

Бета-адреноблокаторлар (эсмолол мен соталолдан басқа) және жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын бета-адреноблокаторлар.

Қантамырларын кеңейтетін әсері мен гипотония қаупі, атап айтқанда ортостаздық (аддитивті әсер).

Нитраттар және олардың туындылары.

Гипотонияның, әсіресе ортостаздық түрі қаупінің жоғарылауы.

Ортостаздық гипотензияны тудыратын дәрілер.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Декомпенсацияны болдырмау үшін жүктілік кезінде ананың жақсы психикалық тепе-теңдігін сақтаған жөн. Егер осы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін дәрімен емдеу қажет болса, ол жүктілік кезінде тиімді дозада белгіленуі немесе жалғасуы керек.

Аналары жүктіліктің үшінші триместрінде нейролептиктер (хлорпромазинді қоса) қабылдаған жаңа туған нәрестелерде экстрапирамидалық симптомдар және/немесе туғаннан кейін ауырлық дәрежесі мен ұзақтығы бойынша ерекшеленуі ықтимал тоқтату симптомдарын қоса, жағымсыз әсерлер қаупі бар. Келесі реакциялар туралы хабарланды: қозу, гипертония, гипотония, тремор, ұйқышылдық, респираторлық стресс, тамақтанудың бұзылуы.

Хлорпромазиннің клиникалық деректері үміттендіреді, бірақ әлі де шектеулі және жануарларды зерттеу репродуктивті уыттылықты көрсеткен.

Осы деректерді ескере отырып, сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде хлорпромазин қолданудан аулақ болған жөн және жүктіліктің соңында емделген жағдайда жаңа туған нәрестелерді мұқият бақылап отыру керек. Шұғыл жағдайларда қолданылатын инъекциялық нейролептиктер анада гипотензия тудыруы мүмкін.

Бала емізу

Хлорпромазин емшек сүтіне енетіндіктен, емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Фертильділік

Фертильділіктің төмендеуі хлорпромазин алған аналық жануарларда байқалды. Еркек жануарларда хлорпромазиннің фертильділікке әсерін бағалау үшін мәліметтер жеткіліксіз. Адамдарда хлорпромазин дофамин рецепторларымен өзара әрекеттесетіндіктен, ол гиперпролактинемияны тудыруы мүмкін, бұл әйел және/немесе ер адамның фертильділігінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Хлорпромазинді қолданумен байланысты ұйқышылдық қаупіне, әсіресе көлік құралдарының жүргізушілері мен машиналарды пайдаланушылар арасында, әсіресе емдеудің басында назар аударылады.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

2 мл препараттан шыны ампулаларға құйылған.

10 ампула медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге картон қорапқа салынған.

Препаратты қаптағанда оған сындыратын сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар ампула салынады, ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыАминазин ампуласы 25 мг/мл 2 мл №10дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube