Қолдану көрсеткіштері
Амлесса® препараты жоғарылаған артериялық қысымды (гипертензия) және/немесе жүректің тұрақты ишемиялық ауруын (жүректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайтын немесе бөгелетін ауру) емдеу үшін қолданылады. Периндоприл және амлодипин монопрепараттарын бір мезгілде қабылдайтын пациенттер құрамында екі компонент бар Амлесса® препаратын қабылдай алады.
Амлесса® - бұл екі белсенді компоненттердің, периндоприл мен амлодипиннің біріктірілімі. Периндоприл АӨФ (ангиотензин-өзгертуші ферменттің) тежегіші болып табылады. Амлодипин кальций иондарының антагонисті (дигидропиридиндер деп аталатын препараттар класына жатады). Олар қан тамырларын кеңейте және босаңсыта отырып біріктірілген әсер көрсетеді, бұл қан айналымын жақсартуға ықпал етеді.