daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Амоксиклав QT Дисперсті Таблеткалар 875 Мг/125 Мг №14 | Lek Pharmaceuticals d d

Астане қаласындағы Амоксиклав QT Дисперсті Таблеткалар 875 Мг/125 Мг №14 | Lek Pharmaceuticals d d
Сипаттама:

Сопақша пішінді, беткейі сарғыш-қоңыр теңбіл түсті, өлшемі шамамен 22 × 11 мм таблеткалар (500 мг/125 мг доза үшін). Сопақша пішінді, беткейі сарғыш-қоңыр теңбіл түсті, өлшемі шамамен 25 × 13 мм таблеткалар (875 мг/125 мг доза үшін).

Өндіруші:

Lek Pharmaceuticals d d

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

Амоксициллин/клавулан қышқылын емшек емізу кезінде емдеуші дәрігер тек пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана тағайындауға болады. Ұрық қабығы мерзімінен бұрын ажыраған әйелдерде немесе уақытынан бұрын болған босануларда амоксициллин мен клавулан қышқылының біріктірілімімен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколит даму қаупінің артуымен астасқаны анықталды. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Амоксиклав® QT бас айналуы, құрысулар, аллергиялық реакциялар сияқты жағымсыз реакцияларды сирек жағдайларда туындатуы мүмкін. Қандай да бір қолайсыз реакциялар туындағанда көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Белсенді заттың дозасы:

875 мг/125 мг

Дәрілік түрі:

Ұсақталатын таблеткалар, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР-мүшелерінің инфекциялары (жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит)

төменгі тыныс жолдарының (созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония) инфекциялары

несеп шығару жолдарының (цистит, пиелонефрит) инфекциялары

сүйек және буындардың (оның ішінде остеомиелит) инфекциялары

тері және жұмсақ тіндердің (ішінара флегмона, жануарлардың шағып-тістеуі, флегмона таралуы бар пародонт абсцесінің ауыр түрі, инфекцияланған жарақат) инфекциялары

Қарсы көрсеткіштер

амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

пенициллиндер және цефалоспориндер сияқты басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық

анамнезінде амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауда сарғаю немесе бауыр дисфункциясы болуы

12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 40 кг төмен)

фенилкетонурия (фенилаланиннің көзі ретінде препараттың құрамында аспартамның болуына байланысты

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Амоксициллин/клавулан қышқылын қолданумен ем бастар алдында пациенттердің пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамды заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары барын мұқият зерттеу керек. Өйткені анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін. Амоксициллин/клавулан қышқылына аллергиялық реакциялар туындағанда бұл препараттармен емді тоқтату және басқа альтернативті емге ауысу керек.

Егер инфекция амоксициллинге-сезімтал микроорганизмдерге төзімді болса, онда нұсқаулыққа сәйкес амоксициллин/клавулан қышқылын амоксициллинмен бірге пайдалану мүмкіндігі қарастырылу керек.

Патогендердің бета-лактамды заттарға төзімділігінің жоғары қаупінде Амоксиклавты QT қолдануға болмайды. Препаратты пенициллинге төзімді S. pneumonia емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған және препараттың жоғары дозаларын қабылдаушы пациенттерде құрысулар туындауы мүмкін.

Инфекциялық мононуклеозде амоксициллин/клавулан қышқылын тағайындауға болмайды, өйткені амоксициллин қолдануға байланысты қызылшаға ұқсас бөртпелер пайда болуы мүмкін.

Амоксициллинмен ем уақытында бір мезгілде аллопуринол қолдану терінің аллергиялық реакциялары даму ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес организмдердің шамадан тыс өсіп-өнуін туындатуы мүмкін.

Емнің басында пустуласы бар қызбалы жайылған эритема туындауы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) даму симптомы болуы мүмкін. Бұл реакцияның туындауы Амоксиклавты QT қолдануды тоқтатуды талап етеді.

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Бауыр ауруының жағдайлары негізінен еркектерде және егде жастағы пациенттерде тіркелген, препаратты ұзақ уақыт қолдануға байланысты туындауы мүмкін, балаларда айтарлықтай сирек кездесті. Әдетте белгілері мен симптомдары емді бастау кезінде немесе емнен кейін бірден туындайды, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатқан соң бірнеше аптадан кейін білінуі мүмкін. Бұл симптомдар әдетте қайтымды. Бауыр аурулары асқынулары ауыр түрде болуы мүмкін, өте сирек жағдайларда өліммен аяқталады. Олар әркез дерлік бауырдың күрделі негізгі аурулары бар пациенттерде немесе бауырға әсер ететін басқа да препараттар қабылдаушы пациенттерде туындайды. Ауыр немесе жеңіл симптомдар туындататын амоксициллинді қоса, бактерияға қарсы препараттарды қолдануға байланысты колит дамуы мүмкін.

Сондықтан, препаратты антибиотиктердің кез келгенін қолдану уақытында немесе одан кейін диареядан зардап шегуші пациенттерге тағайындағанда бұл диагнозды ескерудің маңызы зор. Антибиотиктер қолдануға байланысты колит туындаған жағдайда Амоксиклав QT пайдалануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы керек. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарын тобын қолдануға болмайды.
Ұзақ уақыт емдеуде ағзалар жүйесінің функциясын, оның ішінде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын ұдайы бағалау ұсынылады. Қажетті антикоагуляция деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың

дозасын түзету керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге ауырлық дәрежесіне қарай доза түзету талап етіледі.

Диурезі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек, көбіне парентеральді ем уақытында анықталды. Ем уақытында туындауы мүмкін кристаллуриядан аулақ болу үшін пациентке мол сұйық ішу ұсынылады.

Қуықтың катетеризациясы бар пациенттерде катетерді ұдайы тексеру керек.

Амоксициллин қолданумен емдеу уақытында ферментативті емес әдістерді пайдалануда жалғаноң нәтиже болуы мүмкіндігінен, несепте глюкоза барлығына талдау жүргізуде глюкозооксидазаның ферментативтік әдістерін пайдалану керек.

Препаратта клавулан қышқылының болуы иммуноглобулин G және эритроциттер жарғақшасы бар альбумин және Кумбс жалғаноң талдауымен спецификалық емес байланысуына алып келуі мүмкін. Кейіннен Aspergillus инфекциясынан саулығы айғақталған, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA талдауының оң нәтижесі туралы деректер алынған. Алайда Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA талдауы нәтижесінде non-Aspergillus полисахаридтері мен полифураноздарды қолдануда айқаспалы реакциялар туралы деректер болмаған. Демек, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттердегі талдаудың оң нәтижесін сақтықпен интерпретациялау және диагностиканың басқа әдістерімен нақтылау керек.

Амоксиклав® QT препаратының құрамында гидрогенделген майсана майының қосымша заты бар, ол асқазан-ішек жолының бұзылуын және диареяны тудыруы мүмкін.

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесуі туралы хабарламасыз іс жүзінде кеңінен пайдаланылады. Алайда әдебиеттердің дереккөздерінде аценокумарол немесе варфарин қабылдаған пациенттерде немесе амоксициллин курсы тағайындалған пациенттерде халықаралық қалыптасқан арақатынастың ұлғайғаны туралы анықталды. Егер препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллинді тағайындауда және тоқтатуда протромбиндік уақытты немесе халықаралық қалыптасқан арақатынасты мұқият бақылау керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттардың дозалануы өзгертілуі қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндік топтың препараттары метотрексат шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл уыттылықтың потенциалды артуын туындатады.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын азайтады. Амоксиклавпен QT бірге пайдалану қандағы клавулан қышқылының емес, амоксициллин деңгейінің артуына алып келуі мүмкін.

Микофенолат мофетил

Микофенолат мофетил қабылдайтын пациенттер Амоксиклав QT препаратын біріктіріп қабылдағанда микофенол қышқылының белсенді метаболиттінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50% төмендейді. Бастапқы дозаның концентрация деңгейінің өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық концентрациясының өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.

Аллопуринол

Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Амоксиклав® QT дәрігер пікірі бойынша қажет деген жағдайларда болмаса, жүктілік уақытында қолдану ұсынылмайды.

Екі белсенді зат та емшек сүтіне бөлініп шығады (клавулан қышқылының емшекпен емізуге әсер етуінің деректері жоқ). Демек, емшекпен қоректендіру кезінде іш өту және шырышты қабықтың зең инфекциялары сияқты симптомдар туындауы мүмкін, бұл жағдайларда емшек емізуді тоқтату керек.

Амоксициллин/клавулан қышқылын емшек емізу кезінде емдеуші дәрігер тек пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана тағайындауға болады.

Ұрық қабығы мерзімінен бұрын ажыраған әйелдерде немесе уақытынан бұрын болған босануларда амоксициллин мен клавулан қышқылының біріктірілімімен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколит даму қаупінің артуымен астасқаны анықталды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Амоксиклав® QT бас айналуы, құрысулар, аллергиялық реакциялар сияқты жағымсыз реакцияларды сирек жағдайларда туындатуы мүмкін. Қандай да бір қолайсыз реакциялар туындағанда көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Дозалар амоксициллин/ клавулан қышқылының мөлшерін ескере отырып есептеледі. Жекелеген инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав QT препаратының дозасын таңдағанда мыналарды ескеру керек:

қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын

инфекцияның ауырлық дәрежесін және орналасуын

төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын.

Сондай-ақ амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозаларын қолдану және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылын әр түрлі арақатынаста тағайындау сияқты Амоксиклав QT препаратын қолданудың басқа тәсілдерін ескеру қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Ересектер және 12 жастан үлкен балалар (немесе дене салмағы ≥ 40 кг):

Амоксиклав® QT 500 мг/125 мг тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан қолданылады.

Дене салмағы 40 кг төмен балалар: 20мг/5мг/кг/күн – 60мг/15мг/кг/күн,

үш бөлінген доза түрінде.

Амоксиклав® QT 875 мг/125 мг тәулігіне екі рет қолдану ұсынылады.

Ауыр инфекцияларда (әсіресе ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы және несеп жолдарының инфекциясы сияқты инфекциялар үшін) тәулігіне үш рет қолданылады.

12 жасқа дейінгі балаларға – ішке қабылдауға арналған педиатриялық формада (суспензиялар, таблеткалар).

Дене салмағы 40 кг аз балаларға 25мг/3,6мг/кг/күн – 45мг/6,4мг/кг/күн, екі бөліп қабылдауға тағайындау ұсынылады. Дозалары 70мг/10мг/кг/күн аспауы тиіс, ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы сияқты инфекцияларда екі бөліп қабылдауға тағайындалады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар пациенттерде Амоксициллин/клавулан қышқылын сақтықпен қолдану керек. Сақтықпен дозалаңыз және бауырдың жұмысын үнемі бақылаңыз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Амоксиклав QT 875 мг/125 мг:

Креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттерде ұсынылмайды.

Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин артық пациенттерге препаратты тағайындағанда дозаны түзету талап етілмейді. Дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылған деңгейін ескере отырып орындалады.

Креатинин деңгейінің көрсеткіші 30мл/мин кем пациенттерде амоксициллин мен клавулан қышқылын 875 мг/125 мг дозада қолдану ұсынылмайды, өйткені дозалауды түзету бойынша қандай да бір нұсқаулар жоқ.

Креатинин клиренсі 30 мл/мин астам пациенттерге доза түзету талап етілмейді.

Ересектер және дене салмағы ≥ 40 кг балалар

Дене салмағы < 40 кг балалар

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету керек емес.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы науқастың реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) анағұрлым ұзақ емдеу кезеңін талап етеді. Ең ұзақ емдеу уақыты 14 күннен аспауы тиіс.

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды жарты стақан суда (кем дегенде 50 мл су) еріту және мұқият араластыру керек, содан соң ішеді немесе таблеткаларды ауызда толық ерігенше ұстайды және содан кейін жұтады. АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлер даму қаупін төмендету мақсатында препаратты тамақ ішудің басында қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар

Симптомдары

Асқазан-ішек симптомдары және су/электролитті теңгерім бұзылуы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда амоксициллин кристаллуриясы бүйрек жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе препараттың жоғары дозаларын қабылдаушы пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.

Алынған деректерге сәйкес, амоксициллин көбіне вена ішіне үлкен дозаларды енгізуде қуықтың катетерінде шөгіп қалады. Бұл жағдайда катетер өткізгіштігін ұдайы бақылау керек.

Емі

Симптоматикалық, су/электролитті теңгерімді ескере отырып. Амоксициллин/клавулан қышқылы организмнен гемодиализ көмегімен шығарылуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан ішкі жағында поливинилхлоридті жабыны бар қалыптастырушы алюминий фольгадан және сыртқы жағында лакталған баспалы алюминий фольгадан тұратын алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыАмоксиклав QT дисперсті таблеткалар 875 мг/125 мг №14дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube