Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг глимепирид
қосымша заттар:
1 мг таблеткалар – лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, Понсо 4R (Е124)
2 мг таблеткалар – лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, темірдің сары тотығы (Е172), индигокармин (E132)
3 мг таблеткалар – лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, темірдің сары тотығы (Е172)
4 мг таблеткалар – лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, индигокармин (Е132)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт түсті сопақша диплоид пішініндегі, екі жағында да сызығы бар және бір жағында «Н» және «S» бедерлі жазуы бар таблеткалар (1 мг дозалануы).
Жасылдау түсті сопақша диплоид пішініндегі, екі жағында да сызығы бар және бір жағында «Н» және «S» бедерлі жазуы бар таблеткалар (2 мг дозалануы).
Ақшыл сары түсті сопақша диплоид пішініндегі, екі жағында да сызығы бар және бір жағында «Н» және «S» бедерлі жазуы бар таблеткалар (3 мг дозалануы).
Көгілдір түсті сопақша диплоид пішініндегі, екі жағында да сызығы бар және бір жағында «Н» және «S» бедерлі жазуы бар таблеткалар (4 мг дозалануы).
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!