Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - ацетилсалицил қышқылы 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы, лимон қышқылы моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - ацетилсалицил қышқылы 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы, лимон қышқылы моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
- ересектердегі шығу тегі әртүрлі ауырсыну синдромы (бас ауыруы, тіс ауыруы, тамақтың ауыруы, бас сақинасы, бұлшықет және буын ауыруы, арқаның ауыруы, етеккір кезіндегі ауыру)
- ересектер мен 16 жастан асқан балаларда суық тию және басқа инфекциялық-қабыну аурулары кезінде дене температурасының көтерілуі.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- ацетилсалицил және салицил қышқылына жоғары сезімталдық
- өршу фазасындағы АІЖ эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары
- асқазан-ішектен қан кетулер
- «аспирин» демікпесі және «аспирин» үштігі
- геморрагиялық диатездер (Виллебранд ауруында, тромбоцитопениялық пурпурада, телеангиоэктазияда), гипопротромбинемия, гемофилия
- қолқаның қатпарланған аневризмасы
- портальді гипертензия
- К дәруменінің тапшылығы
- метотрексатты аптасына 15 мг және одан көп дозада қабылдау
- бүйрек пен бауыр жеткіліксіздігі
- ауыр бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- подагра және подагралық артрит
- 16 жастан асқан балалар
- қан ұюының бұзылуы.
Сақтықпен: антикоагулянттармен, гиперурикемиямен, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруымен (анамнезінде) қатар жүргізілген ем кезінде, ойық жара ауруының созылмалы немесе қайталанатын ағымын, бронх демікпесін, мұрын полипозын, бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы кезіндегі созылмалы бронх-өкпе ауруларын қоса алғанда.
Бронх-өкпе жүйесінің патологиясы бар адамдарда қолдану. Бронх демікпесі, мұрын полипозы және пішен қызбасы бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылын қолдану аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану. Ацетилсалицил қышқылын гипертермиясы (қызба) бар 16 жасқа дейінгі балаларда вирустық инфекциямен немесе ЖРА-мен бірге қолданған кезде Рейе синдромының (ми мен бауырдың зақымдануы) даму қаупі жоғары. Сондықтан пациенттердің осы тобында ацетилсалицил қышқылын қолдануға болмайды.
Жүктілік кезінде қолдану
Простагландин синтезін тежеу жүктілікке және эмбрионның немесе шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте кезеңдерінде простагландиндер синтезі тежегіштерін қолдану кезінде ақаулар мен мальформациялардың даму қаупінің жоғарылағанын көрсетеді. Сонымен қатар, дозаның жоғарылауымен және емдеу ұзақтығымен қауіп артады деп саналады. Қолжетімді деректер ацетилсалицил қышқылын қолдану мен жүктіліктің мерзімінен бұрын тоқтау қаупінің жоғарылауы арасындағы байланысты растамайды. Даму ақауларына қатысты қолжетімді эпидемиологиялық мәліметтер қайшылықты, алайда құрсақтың алдыңғы қабырғасының бітелмеу қаупін жоққа шығаруға болмайды. Жүктіліктің ерте кезеңінде (1-4 ай) 14800 әйел/балада ацетилсалицил қышқылын проспективті қолдану даму ақауларының пайда болу жиілігінің артқанын анықтаған жоқ. Препаратты жүктіліктің үшінші триместрінде қолданғанда простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері шаранада туындатуы мүмкін:
Жүрек-өкпе уыттылығы (боталлов түтігінің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясымен)
Жүктіліктің соңында ана мен шаранада қағанақ суының аздығы болған кезде бүйрек жеткіліксіздігіне дейін ұласуы мүмкін бүйрек функциясының бұзылуы: қан кету уақытының ұлғаюы, тіпті аз дозаларда да пайда болатын антиагрегантты әсер, жатырдың жиырылу белсенділігінің бәсеңдеуі, бұл жүктілік мерзімінің асуына немесе ұзақ босануға әкелуі мүмкін.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты көрсетті, осыған байланысты жүктілік кезінде ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды тағайындау көрсетілмеген.
Лактация кезеңінде қолдану
Салицилаттар емшек сүтіне аз мөлшерде енетіндіктен, оларды лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда баланы емшектен шығару керек.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мүмкін болатын жанама әсерлерді ескере отырып, көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Ересектерге күніне 3 рет 1-2 таблеткадан тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза - 2 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза - 6 таблетка.
16 жастан асқан балаларға бір реттік дозада 250 мг (1/2 таблетка) тәулігіне 2 рет, ең жоғары тәуліктік доза 750 мг.
Дене температурасы 38,5 °С-ден жоғары болған кезде (анамнезінде фебрильді құрысулары бар пациенттерде - 37,5 °С-ден жоғары температурада) 500-1000 мг дозада ыстықты түсіретін дәрі ретінде тағайындайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке, дұрысы тамақтану арасында, көп мөлшерде сумен іше отырып қабылдайды. Жұтынуда қиындықтары бар пациенттерге таблеткаларды қасықпен суда ерітуге болады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы (дәрігермен кеңесусіз) ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда 5 күннен және ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: құлақтың шыңылдауы, есту қабілетінің төмендеуін сезіну, бас ауыруы, вертиго. Кейінірек қызба, гипервентиляция, кетоз, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, кома, қантамыр жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, айқын гипогликемияның дамуы мүмкін.
Емі: құстыру немесе асқазанды шаю керек, белсендірілген көмір мен іш жүргізетін дәрілерді тағайындау керек. Әрі қарай емдеу мамандандырылған бөлімшеде жүргізілуі керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қабылдауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Симптомдары: құлақтың шыңылдауы, есту қабілетінің төмендеуін сезіну, бас ауыруы, вертиго. Кейінірек қызба, гипервентиляция, кетоз, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, кома, қантамыр жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, айқын гипогликемияның дамуы мүмкін.
Емі: құстыру немесе асқазанды шаю керек, белсендірілген көмір мен іш жүргізетін дәрілерді тағайындау керек. Әрі қарай емдеу мамандандырылған бөлімшеде жүргізілуі керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қабылдауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Жағымсыз реакциялар туындау жиілігі бойынша келесідей жіктеледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Церебральді қан құйылу сияқты ауыр қан кетулер сирек және өте сирек хабарланды, әсіресе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттерде және/немесе өмірге қауіп төндіретін кейбір жағдайлардағы бір мезгілдегі антикоагулянттармен терапия кезінде.
Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназасының елеулі тапшылығы бар пациенттерде гемолиз және гемолиздік анемия туралы хабарланады; Мұрыннан қан кету, қызыл иектен қан кету, теріден қан кету немесе қан кету уақыты ұзаруы мүмкін урогенитальді жолдан қан кету. Бұл әсерлер препаратты қабылдауды тоқтатқан сәттен бастап 4-8 күн бойы сақталады.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі
Асқазан-ішек жолы тарапынан, мысалы, қыжыл, жүрек айну, құсу және іштің ауыруы сияқты бұзылулар.
Сирек
Сирек жағдайларда тесілуге әкелуі мүмкін асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы; темір тапшылығы анемиясына әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолының қабыну жағдайлары.
Белгісіз
Ішектің шырышты қабығының алдын-ала зақымдануы ішектің саңылауында болуы мүмкін кейінгі стенозбен бірнеше стриктураның пайда болуына әкелуі мүмкін (әсіресе ұзақ мерзімді терапияда).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Бас ауыруы, бас айналу, есту қабілетінің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, сананың шатасуы әдетте артық дозаланудың белгісі болып табылады.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі емес
Тері бөртпелері сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Сирек
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (көп формалы экссудативті эритеманы қоса).
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек
Тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолының және жүрек-қантамыр жүйесінің аса жоғары сезімталдық реакциялары, ең алдымен демікпесі бар пациенттерде.
Келесі симптомдарды байқауға болады: артериялық гипотензия, тұншығу ұстамалары, ринит, мұрынның бітелуі, анафилаксиялық шок немесе Квинке ісінуі.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Бауыр ферменттерінің белсенділігін арттыру.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Бүйрек функциясының бұзылуы және бүйректің жедел жеткіліксіздігі туралы хабарланды.
10 таблетка поливинилхлоридті үлбірден немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған пластификацияланбаған ПВХ үлбірден және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан, немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан, немесе біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
10 таблетка қағаз және картон негізіндегі біріктірілген материалдан немесе қаптайтын материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
Пішінді ұяшықсыз қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен топтық қаптамаға салынады.
1, 2, 3, 5 пішінді ұяшықсыз қаптамадан немесе 1, 2, 3, 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “ацетилсалицил қышқылы таблеткалар 500 мг №10” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Комментарий: Ацетилсалициловая кислота хорошая. Получила быстро. Спасибо всем.
Комментарий: Благодарю всех за хорошее обслуживание.
Комментарий: Спасибо большое аптеке за быстрый сервис.
Комментарий: Аптека Садыхан замечательна, успели за полчаса. Большое спасибо сотруднику.
Комментарий: Аспирин как аспирин. Получил быстро.
Комментарий: Спасибо курьеру. Быстро привез. Огромная благодарность магазину.
Комментарий: Заказ доставили вовремя, все аккуратно, спасибо всему коллективу за сервис. Отдельное спасибо курьеру, вежливый.
Комментарий: Спасибо продавцу и курьеру. Быстро привез. Курьер вежливый. Также спасибо магазину.
Комментарий: Все хорошо. Спасибо.
Комментарий: Хорошая аптека, да и провизоры молодцы, знающие свою работу.
Комментарий: Заказ пришел быстрее, чем ожидалось. Огромное спасибо!
Комментарий: Отлично, заказывала Аспирин, пришло даже раньше. Спасибо продавцу!
Комментарий: Очень быстро привезли! Спасибо!)
Комментарий: Отлично. Все приехало вовремя.
Комментарий: Жақсы, тез әсер етуші дәрі болғасын жиі аламыз.
Комментарий: Товар качественный. Принесли раньше срока.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 29₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Астане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
149₸
120₸
29₸