Қолдану көрсеткіштері
Қабықпен қапталған Авелокс® 400 мг таблеткалары 18 және одан жоғары жастағы пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған мынадай бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Келесі қолдану көрсетілімдерде моксифлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз болған жағдайда ғана қолдану қажет:
жедел бактериялық синусит;
өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, оның ішінде бронхиттің өршуі.
Келесі қолдану көрсетілімдерде моксифлоксацинді, егер аталған инфекцияларды бастапқы емдеу үшін әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз болып көрінген не тиімсіз болып шыққан жағдайда ғана қолдану қажет: