Астане қаласындағы Азелтин Суспензиясы 200 Мг / 5 Мл 15 Мл | Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш

Нет в наличии
Астане қаласындағы Азелтин Суспензиясы 200 Мг / 5 Мл 15 Мл | Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Бананға және таңқурайға тән иісі бар, ақ түсті ұнтақ. Дайын суспензия сарғыш реңді біртекті ақ түсті суспензия болып табылады.

Международное наименование:

Азитромицин

Производитель:

Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш

Страна производитель:

Турция

Действующее вещество:

қосымша заттар: сахароза, сусыз тринатрий фосфаты, натрий бензоаты, гидроксипропилцеллюлоза, ксантан шайыры, натрий сахарині, банан хош иістендіргіші, таңқурай хош иістендіргіші.

Дозировка активного вещества:

200 мг/5мл

Лекарственная форма:

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 200мг/ 5мл

Количество в упаковке:

1 шт.

Инструкция

Показания к применению

Азитромицин анықталған немесе бір немесе бірнеше сезімтал микроорганизмдерден туындауы мүмкін келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- бронхит

- ауруханадан тыс пневмония

- синусит

- фарингит/тонзиллит

- ортаңғы отит

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары

- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae әсерінен туындаған асқынбаған жыныстық инфекциялар

Бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөнінде ресми нұсқауларға назар аудару керек.

Противопоказания

- азитромицинге, эритромицинге немесе макролидтік және кетолидтік антибиотиктерге, немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр және бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары

- фруктоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын түрлері, сахараза-изомальтаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясының синдромы (сахарозаның болуына байланысты)

- 6 айға дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Взаимодействие

Антацидтер: антацидтерді бір мезгілде қолданудың азитромициннің фармакокинетикасына ықпалын зерттегенде, қан плазмасында азитромициннің ең жоғары концентрациясы 24%-ға төмендесе де, биожетімділігінің өзгеруі білінген жоқ.

Цетиризин: дені сау ерікті адамдарда азитромицинді 20 мг доза цетиризинмен 5 күн бірге қабылдау фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелген жоқ.

Диданозин: АИТВ-оң 6 науқаста тәулігіне 1200 мг азитромицинді және тәулігіне 400 мг диданозинді бірге қабылдау, плацебомен салыстырғанда, диданозинның фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.

Дигоксин және колхицин: жекелеген пациенттерде макролидтер тобының кейбір антибиотиктері ішекте дигоксиннің метаболизміне ықпал еткені мәлімделді. Сондықтан азитромицинді және дигоксинді бір мезгілде қолданған жағдайда дигоксин концентрациясының жоғарылауы мүмкін екендігін ескеру керек және оның қандағы деңгейіне мониторинг жүргізу керек.

Зидовудин: азитромициннің бір реттік 1000 мг және 1200 мг немесе 600 мг дозаларын көп реттік қолданғанда зидовудиннің және оның глюкуронидтік метаболиттерінің фармакокинетикасына және несеппен бірге шығарылуына аздаған ықпалы байқалды, алайда азитромицинді қабылдау шеткері қанның мононуклеарларында фосфорланған зидовудиннің (клиникалық тұрғыдан белсенді метаболитінің) концентрациясын арттырды. Осы көрсеткіштердің клиникалық маңыздылығы анықталмай қалуда, бірақ олар пациенттер үшін маңызды болуы мүмкін. Азитромицин бауырда Р450 цитохром жүйесімен өзара әрекеттеспейді, ол эритромицин және басқа да макролидтер сияқты фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуге қатыспайды. Азитромицин цитохром-метаболит кешенінің жәрдемімен P450 цитохромын индукцияламайды немесе оның белсенділігін жояды.

Эрготамин туындылары: эрготизмнің дамуы теориялық мүмкін болғандықтан, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Фармакокинетикалық зерттеулер Р450 цитохромы арқылы болатын метаболизмі белгілі препараттармен жүргізілді.

Аторвастатин: аторвастатинді (күн сайын 10 мг) және азитромицинді (күн сайын 500 мг) бірге қабылдау қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясын өзгертпейді (CoA-редуктаза HMG талдауы негізінде).

Карбамазепин: дені сау ерікті адамдарда азитромициннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде препарат қан плазмасында карбамазепиннің деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Циметидин: азитромицинді қабылдаудан 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозаларын зерттелген фармакокинетикалық зерттеуде азитромициннің фармакокинетикасында өзгерулер байқалған жоқ.

Кумаринді қатардың пероральді антикоагулянттары: өзара әрекеттесуіне жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин дені сау адамдар қабылдаған бір реттік 15 мг доза варфариннің антикоагулянттық әсерін өзгертпеді. Постмаркетингтік кезеңде азитромицинді және пероральді кумариндік антикоагулянттарды бірге қабылдағаннан кейін антикоагулянттық әсерінің күшейгені туралы мәлімдемелер алынды. Себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, кумарин типті пероральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген науқастарға азитромицинді тағайындағанда протромбин уақытын бақылау керек.

Циклоспорин: азитромицинді күніне 500 мг пероральді түрде 3 күн бойы қабылдаған, ал содан кейін 10 мг/кг циклоспоринді бір реттік пероральді түрде қабылдаған дені сау ерікті адамдарға жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулерде, циклоспориннң Cmax және AUC0-5 едәуір жоғары болып шықты. Демек, осы препараттарды бір мезгілде тағайындау мүмкіндігін қарастырмас бұрын сақтық таныту керек. Егер осы препараттарды бірге қабылдау қажет болса, циклоспориннің деңгейін бақылау және қажеттілік болғанда дозасын түзету керек.

Эфавиренз: 600 мг азитромициннің және 400 мг эфавиренздің бір реттік дозасын 7 күн бойы бірге қабылдау клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерге әкелген жоқ.

Флуконазол: азитромициннің бір реттік 1200 мг дозасын бірге қабылдау флуконазолдың бір реттік 800 мг дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсері және жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен бірге енгізген кезде өзгерген жоқ, алайда азитромициннің Cmax клиникалық тұрғыдан аздап (18%) төмендегені байқалды.

Индинавир: азитромициннің бір реттік 1200 мг дозасын бірге қабылдау 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада қабылданатын индинавирдің фармакокинетикасына статистикалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізген жоқ.

Метилпреднизолон: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеулерде дені сау волонтерлерде азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Мидазолам: дені сау ерікті адамдарда 3 күн бойы тәулігіне 500 мг азитромицинді бір мезгілде қабылдау мидазоламның 15 мг бір дозасының фармакокинетикасының және фармакодинамикасының клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістерін туындатқан жоқ.

Нелфинавир: азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді 750 мг дозада күніне үш рет бірге қабылдау азитромицин концентрациясының жоғарылауына әкелді. Клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз әсерлері байқалған жоқ, сондықтан дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Рифабутин: азитромицинді және рифабутинді бір мезгілде қолдану осы препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына ықпалын тигізген жоқ.

Азитромицинді және рифабутинді бір мезгілде қабылдағанда нейтропения байқалды. Нейтропенияның дамуы рифабутинді қолданумен байланысты болды, азитромицинді бір мезгілде қабылдаумен себептік байланысы анықталған жоқ.

Силденафил: дені сау қалыпты ерікті еркек адамдарда силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC және Cmax мәндеріне азитромициннің (3 күн бойы күніне 500 мг) ықпалына дәлелдер алынған жоқ.

Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин және терфенадин арасында өзара әрекеттесу туралы мәлімделген жоқ. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттесуді толық жоққа шығару қиын, дегенмен осындай өзара әрекеттесудің орын алғанына нақты дәлелдер табылған жоқ.

Теофиллин: азитромицинді және теофиллинді дені сау волонтерлер бір мезгілде қабылдағанда азитромицин теофиллиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.

Триазолам: 1-ші күні 500 мг, 2-ші күні 250 мг азитромицинді бір мезгілде қабылдаған дені сау ерікті 14 адамда 2-ші күні 0,125 мг триазоламмен бір мезгілде қабылдау триазоламның фармакокинетикалық көрсеткіштеріне (триазоламоммен және плацебомен салыстырғанда) елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Триметоприм/сульфаметоксазол: триметопримді/ сульфаметоксазолды DS (160 мг/800 мг) 7 күн бойы 1200 мг азитромицинмен бір мезгілде қолдану триметопримнің немесе сульфаметоксазолдың ең жоғары концентрациясына, жалпы әсеріне немесе шығарылуына елеулі ықпалын тигізген жоқ. Азитромициннің сарысудағы концентрациялары басқа зерттеулерде білінген концентрацияларға ұқсас болды.

Форма выпуска

Пластик тығынмен тығындалған, көлемі 15 мл ақ түсті мөлдір емес полиэтилен құтыларға суспензия дайындауға арналған ұнтақ 12.56 г-ден салынған.

1 құтыдан көлемі 5 мл өлшеуіш қасықпен, көлемі 7.5 мл өлшеуіш стақанмен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Объем

15 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиАзелтин суспензиясы 200 мг / 5 мл 15 млв аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube

Контакты

[email protected]