daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Азитро Капсулалар 250 Мг №6 | Химфарм АО

Астане қаласындағы Азитро Капсулалар 250 Мг №6 | Химфарм АО
Сипаттама:

Ақ түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың өлшемі № 1. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер

Халықаралық атауы:

Азитромицин

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайларындағы электролиттік теңгерімнің бұзылуы бар клиникалық елеулі брадикардиямен, жүрек аритмиясы немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігімен. Суперинфекциялар Кез келген антибиотиктерді қабылдаған кездегі сияқты, зеңдерді қоса, төзімді микроорганизмдер туындатқан суперинфекция белгілерін бақылау ұсынылады. Clostridium difficile-астасқан диарея Clostridium difficile туындатқан диарея азитромицинді қоса, бактерияға қарсы агенттерді пайдаланудың барлық жағдайларында хабарланған және ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан бастап өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып тұруы мүмкін. Бактериялық дәрілермен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл шамадан тыс C. difficile көбеюіне әкеледі. C. difficile (CDAD) астасқан диареяның дамуына ықпал ететін A және B токсиндерін C. difficile өндіреді. C. difficile гипертоксиндерін өндіретін штамм аурушаңдық пен өлімнің жоғарылауына әкеп соқтырады, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы емге төзімді болуы және колэктомия жүргізуді қажет етуі мүмкін. Антибиотиктер пайдаланғаннан кейін диареяға шағымданған пациенттердің барлығында CDAD ескерілуі тиіс. CDAD бактерияға қарсы агенттер енгізгеннен кейін екі айдан соң дамуы мүмкін болғандықтан, мұқият анамнез қажет. Стрептококктық инфекциялар Пенициллин, әдетте Streptococcus pyogenes туындатқан ларингит /тонзиллитті емдеуде таңдалатын препарат болып табылады, жедел ревматизм қызбасында профилактика үшін пайдаланылады.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар 250 мг

Қаптамадағы саны:

6 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - азитромицин дигидраты 262.0 мг

(азитромицинге шаққанда) 250.0 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, полисорбат-80, кальций стеараты

желатиндi капсуланың құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, макрогол 6000, мұзды сірке қышқылы, титанның қостотығы (Е 171)

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың өлшемі № 1. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер

Қолдану көрсеткіштері

Азитро® ересектерге, егде жастағыларға және дене салмағы >45 кг балаларға қолдануға арналған.

бронхит, синуситте

ауруханадан тыс пневмонияда

фарингит/тонзиллитте

ортаңғы отитте

тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларында

жыныс мүшелерінің Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындаған асқынбаған инфекцияларында

Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше пайдалануға қатысты берілген терапиялық ұсынымдар мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық

Эритромицинмен және басқа да макролидтер жағдайындағы секілді, сирек күрделі аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісінуі мен анафилаксия (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), эозинофилиямен, жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын) ауыр тері реакциясы және жүйелі симптомдарды (DRESS-синдромы) қоса, дәрілік реакциялар туралы хабарланған. Азитромицинге осы реакциялардың кейбірі қайталанатын симптомдардың дамуына әкеледі және байқап-тексеру мен емдеудің ұзақ кезеңін қажет етеді.

Гепатоуыттылық

Бауыр азитромицинді шығару үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицинді айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне әкелу ықтималдығы бар шұғыл дамитын гепатит жағдайлары хабарланған. Кейбір пациенттерде бұрыннан бауыр ауруларының болуы немесе олар басқа гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдаулары мүмкін.

Сарғаюмен қатар жүретін жылдам дамитын астения, несеп түсінің өзгеруі, қан кетуге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты бауыр дисфункциясы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, дереу бауырдың функциялық сынамасы, талдауын жүргізу керек. Бауыр дисфункциясы дамуында азитромицин қабылдауды тоқтату керек.

Қастауыш алкалоидтарының туындылары

Эрготамин туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизмнің пайда болуына кейбір макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау түрткі болады. Қастауыш және азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігіне қатысты деректер жоқ. Дегенмен, эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин және қастауыш туындылары бөлек қабылданады.

QT аралығының ұзаруы

Жүрек аритмиясы және екі бағытты тахикардияның даму қаупіне әкелетін

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттардың құрамында лактоза бар, сондықтан тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза-мальабсорбциясы бар адамдарға қабылдауға балмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Азитромицинді жүктілерде қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ. Жануарлардағы репродуктивтілік уыттылығының зерттеулерінде азитромициннің ұрыққа зиянды тератогенді әсері анықталмады, алайда препарат плацента арқылы өтті. Азитромицинді жүктілік уақытында қолдану қауіпсіздігі расталмаған, сондықтан азитромицинді бұл кезеңде болжамды пайда қауіптен гөрі басым жағдайда ғана тағайындайды.

Азитромицин емшек сүтіне өтетіні хабарланған, бірақ азитромициннің емшек сүтіне шығарылу фармакокинетикасын сипаттау мүмкіндігін беретіндей тиісті және тиісінше бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді. Азитромицинді емшек емізу кезеңінде, анасы үшін күтілетін пайда балаға потенциалды қауіптен басым жағдайларда ғана қолдануға болады.

Фертильділік зерттеулері егеуқұйрықтарда жүргізілді; жүктілік көрсеткіші азитромицинді енгізгеннен кейін төмендеді. Осы деректердің адамға қатысты орындылығы белгісіз.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттің машина немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне азитромициннің әсер етуі туралы деректері жоқ.

Бас айналу және құрысу сияқты жағымсыз әсерлерінің туындау мүмкіндігіне байланысты автокөлік басқаруда және қауіпті механизмдермен айналысқанда сақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Дене салмағы >45 кг балаларға және егде жастағыларды қоса,ересектер-

ге:

Артық дозалану

Симптомдары: уақытша естімей қалу, қатты жүрек айнуы, құсу және диарея.

Емі: жалпы симптоматикалық және демеуші ем, қажет болғанда белсендірілген көмір.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Ұмытып қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Препараты бар 6 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтан алынған ақпараттың қорапшаға жазылуына рұқсат етіледі.

Дәрілік препараты бар қорапшаларды картон қораптарға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыАзитро капсулалар 250 мг №6дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube