Қолдану көрсеткіштері
Бронх демікпесінің жеңіл, орташа және ауыр түрлерін профилактикалық емдеу:
- Беклазон Эко Легкое Дыхание ингаляторы 100 мкг/ доза - ересектерде және 7-ден 12 жасқа дейінгі балаларда
- Беклазон Эко Легкое Дыхание 250 мкг/доза ингаляторы бронходилататорлардың ең жоғары демеуші дозаларында және беклометазонның аз дозаларында демікпенің бақылануы жеткіліксіз болған жағдайларда беклометазонның жоғарырақ дозалары қажет болатын демікпесі бар ересек пациенттерге арналған.