daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Бетадин Ерітіндісі 10% 1000 Мл | Эгис ОАО

Астане қаласындағы Бетадин Ерітіндісі 10% 1000 Мл | Эгис ОАО
Сипаттама:

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған ерітінді. Йод иісі бар, құрамында жүзінді және тұнба бөлшектері жоқ, күңгірт қоңыр түсті ерітінді.

Өндіруші:

Эгис ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қалқанша без функциясының бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігі герпетформалы Дюринг дерматиті радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе йодтың бәсекелес сіңуіне байланысты қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және қолдану кезінде. Повидон-йодты қолданғаннан кейін қалқанша безді сцинтиграфиялау немесе емдеу үшін радиоактивті йодты қолданар алдында белгілі бір уақыт аралығын (1-2 апта) ұстанған жөн теріні зақымдауы мүмкін заттардың түзілуі салдарынан құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдану 1 жасқа дейінгі балалар.

Белсенді заттың дозасы:

10%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – повидон-йод 10,0 г (0.9 - 1.2 г белсенді йодқа сәйкес келеді)

қосымша заттар: глицерин 85 %, ноноксинол 9, сусыз лимон қышқылы, динатрий гидрофосфаты ангидраты, натрий гидроксиді (pH анықтауға арналған 10 % ерітінді (м/к)), тазартылған су

Қолдану көрсеткіштері

- биопсия, инъекциялар, пункциялар, қан алу және қан құю, инфузиялық ем алдында теріні дезинфекциялауда

- тері мен шырышты қабаттарды антисептикалық өңдеуде, мысалы, хирургиялық операциялар алдында

- жарақаттарды асептикалық өңдеуде

- терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында

- терінің операциясы алдында толық немесе ішінара дезинфекциялауда (пациентті операция алдындағы дезинфекциялық дайындау, «дезинфекциялайтын ванналар»)

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

қалқанша без функциясының бұзылуы

бүйрек жеткіліксіздігі

герпетформалы Дюринг дерматиті

радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе йодтың бәсекелес сіңуіне байланысты қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және қолдану кезінде. Повидон-йодты қолданғаннан кейін қалқанша безді сцинтиграфиялау немесе емдеу үшін радиоактивті йодты қолданар алдында белгілі бір уақыт аралығын (1-2 апта) ұстанған жөн

теріні зақымдауы мүмкін заттардың түзілуі салдарынан құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдану

1 жасқа дейінгі балалар.

Өзара әрекеттесуі

Жараларды өңдеу үшін повидон-йод және ферментті препараттарды бірге қолдану тиімділігінің өзара төмендеуіне әкеледі. Құрамында күміс, сутегінің асқын тотығы және тауролидин бар препараттар повидон-йодпен өзара тиімділігін төмендетумен әрекеттесуі мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Күйдіргіш сынап йодидінің пайда болуына байланысты повидон-йодты құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Повидон-йод кешені pH 2.0 – 7.0 аралығында тиімді. Препарат ақуыздармен және басқа да қанықпаған органикалық кешендермен реакцияға түсуі мүмкін, бұл повидон-йод дозасын жоғарылату арқылы өтелуі мүмкін. Құрамында повидон-йод бар препараттардың тотықтыратын әсері әртүрлі диагностикалық зертханалық тестілерде (мысалы, толуидин мен гваяк шайырын қолданумен нәжіс пен несепте гемоглобин және глюкозаны анықтау) жалған оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.

ПВП-йод кешені сондай-ақ сілтілермен, илік қышқылмен (танинмен), күміс және сынап тұздарымен, тауролидинмен және сутегі асқын тотығымен де үйлеспейді.

Повидон-йодты терінің сол жерлерінде немесе көрші бөліктерінде құрамында октенидин бар антисептиктермен бір мезгілде немесе дереу оларды қолданғаннан кейін қолдану, өңделген беткейде қоңыр дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Повидон йодты құрамында литий бар препараттарды қабылдайтын пациенттерде жүйелі түрде қолдануға болмайды, өйткені, әсіресе повидон йодтың елеулі мөлшерін пайдаланған кезде немесе препаратты дененің үлкен беткейіне жаққан кезде йодтің көп мөлшерде сіңуі мүмкін.

ПВП-йодты қолдану қалқанша бездің йодты сіңіруін төмендетуі мүмкін, ол кейбір тексерулер мен емшаралар (қалқанша бездің сцинтиграфиясы, ақуызбен байланысқан йодты анықтау, радиоактивті йодты қолданумен диагностикалық емшаралар) нәтижесіне әсер етуі мүмкін, осыған байланысты қалқанша без ауруларын йод препараттарымен емдеуді жоспарлау мүмкін болмауы ықтимал. ПВП-йодты қабылдауды тоқтатқаннан кейін келесі сцинтиграфия жасағанға дейін белгілі уақыт аралығын (кемі 1-2 апта) сақтау керек.

Арнайы сақтандырулар

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану ерекше сақтықты және пайда/қаупін анықтауды талап етеді. Повидон-йодты абсолютті қажеттілік жағдайында ғана қолдануға болады.

Бетадин ерітіндісін үлкен беткейлі ашық жараларға қолдануға болмайды.

Пациентті операция алдындағы дайындау кезінде пациенттің астында ерітіндінің артық бөлігі жиналып қалмауын қадағалау қажет. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туғызуы мүмкін. Пациенттің астында ерітіндінің жиналып қалуы химиялық күйікке ұшыратуы мүмкін. Тері тітіркенгенде, жанаспалы дерматитте (тітіркендіргіш затпен жанасудан туындаған күйдіру сезімімен және қышытатын бөртпемен қатар жүретін) немесе жоғары сезімталдықта препаратты тоқтату керек.

Ерітіндіні қолданар алдында қыздыруға болмайды.

Ерітіндіні радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және пайдалану кезінде қолдануға болмайды.

Повидон-йодтың тотығу қасиеттері металдардың коррозиясын тудыруы мүмкін, ал пластмассадан және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар әдетте повидон-йодтың әсеріне төзімді. Кейбір жағдайларда повидон-йод әдетте қайтымды түс өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Бетадин ерітіндісінің дақтарын тоқыма және басқа материалдардан сабынды жылы сумен оңай кетіруге болады. Кетуі қиын дақтарды аммиак ерітіндісімен (мүсәтір спиртімен) немесе натрий тиосульфатының ерітіндісімен тазалау керек.

Препараттың көзге түсіп кетуінен сақ болған жөн. Көзге тиген кезде қабағыңызды ашық ұстаңыз және көзіңізді 10-15 минут ішінде көп мөлшердегі сумен жуып-шайыңыз. Пациент офтальмологке қаралуы тиіс.

Үйлесімсіздік

Повидон-йодты илік қышқыл сілтісімен (танинмен), күміс және сынап тұздарымен, тауролидинмен, сутегінің асқын тотығымен бірге қолдануға болмайды.

Зергерлік бұйымдармен, әсіресе құрамында күмісі бар бұйымдармен жанасудан аулақ болу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Арнайы нұсқаулар

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану ерекше сақтықты және пайда/қаупін анықтауды талап етеді. Повидон-йодты абсолютті қажеттілік жағдайында ғана қолдануға болады.

Бетадин ерітіндісін үлкен беткейлі ашық жараларға қолдануға болмайды.

Пациентті операция алдындағы дайындау кезінде пациенттің астында ерітіндінің артық бөлігі жиналып қалмауын қадағалау қажет. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туғызуы мүмкін. Пациенттің астында ерітіндінің жиналып қалуы химиялық күйікке ұшыратуы мүмкін. Тері тітіркенгенде, жанаспалы дерматитте (тітіркендіргіш затпен жанасудан туындаған күйдіру сезімімен және қышытатын бөртпемен қатар жүретін) немесе жоғары сезімталдықта препаратты тоқтату керек.

Ерітіндіні қолданар алдында қыздыруға болмайды.

Ерітіндіні радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және пайдалану кезінде қолдануға болмайды.

Повидон-йодтың тотығу қасиеттері металдардың коррозиясын тудыруы мүмкін, ал пластмассадан және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар әдетте повидон-йодтың әсеріне төзімді. Кейбір жағдайларда повидон-йод әдетте қайтымды түс өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Бетадин ерітіндісінің дақтарын тоқыма және басқа материалдардан сабынды жылы сумен оңай кетіруге болады. Кетуі қиын дақтарды аммиак ерітіндісімен (мүсәтір спиртімен) немесе натрий тиосульфатының ерітіндісімен тазалау керек.

Препараттың көзге түсіп кетуінен сақ болған жөн. Көзге тиген кезде қабағыңызды ашық ұстаңыз және көзіңізді 10-15 минут ішінде көп мөлшердегі сумен жуып-шайыңыз. Пациент офтальмологке қаралуы тиіс.

Үйлесімсіздік

Повидон-йодты илік қышқыл сілтісімен (танинмен), күміс және сынап тұздарымен, тауролидинмен, сутегінің асқын тотығымен бірге қолдануға болмайды.

Зергерлік бұйымдармен, әсіресе құрамында күмісі бар бұйымдармен жанасудан аулақ болу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бетадин ерітіндісін сұйылтпай немесе сумен сұйылтқаннан кейін дезинфекцияланатын аймаққа байланысты 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді ретінде қолдануға болады.

Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге немесе зақымданбаған теріде кез келген басқа хирургиялық араласымдарға дейін теріде 1-2 минутқа қалдыру керек.

Жарақаттар, күйіктерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабаттарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында 10% ерітіндіні (Бетадинді сумен 1:10 арақатынаста еріте отырып) қолданады.

Операция алдындағы «дезинфекциялайтын ванналар» үшін Бетадиннің (1:100) 1% ерітіндісі қолданылады. Дене беткейі түгелімен біркелкі Бетадиннің 1% ерітіндісімен өңделуі және 2 минуттық экспозициядан кейін ерітіндіні жылы сумен шайып тастау керек.

Теріні операция алдындағы дезинфекциялауда науқастың астында артық сұйықтықтың жиналмағанын тексеріп тұру керек. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туындатуы мүмкін. Ерітіндінің пациенттің астында жинақталып қалуы химиялық күйік туындатуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар мен жасөспірімдер

2 жасқа дейінгі балаларда Бетадин препаратының ерітіндісін қолдану ұсынылмайды.

Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда препарат қарсы көрсетілімде.

Артық дозалану

Симптомдары

Йодтан жедел уыттану симптомдары: асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар, анурия, тамырлы коллапс, өкпе ісінуі, метаболизм бұзылулары.

Жүйелік уыттылық бүйрек жеткіліксіздігіне (анурияны қоса), тахикардияға, гипотензияға, тамыр жеткіліксіздігіне, асфиксияға әкелетін дауыс саңылауы ісінуіне, өкпе ісінуіне, құрысуларға, қызбаға және метаболизмдік ацидозға әкелуі мүмкін.

Гипертиреоз немесе гипотиреоз дамуы мүмкін.

Қалқанша безінің функциясы бұзылған жағдайда повидон-йодпен емдеуді тоқтату керек.

Емі:

Симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі.

Ауыр гипотензия кезінде сұйықтықты вена ішіне енгізу керек; қажет болған жағдайда вазопрессорларды қосу керек.

Егер жоғарғы тыныс жолдарының күйдіріліп зақымдануы айтарлықтай домбығу мен ісінуге әкелсе, эндотрахеальді интубация қажет болуы мүмкін.

Құстыруға болмайды. Пациент тыныс алу жолдары бос және аспирациядан қорғалған күйде орналасуы тиіс (құсу жағдайында).

Егер пациентте құсу болмаса және ауыз арқылы тамақ ішсе, крахмалды тағамдарды қабылдау (мысалы, картоп, ұн, крахмал, нан) йодты уыттылығы аздау йодидке айналдыруға көмектеседі.

Егер ішек тесілуінің белгілері болмаса, асқазанды крахмал ерітіндісімен назогастральді зонд арқылы жууға болады (асқазаннан шығатын ағын күңгірт-көк-күлгін болады және бұл түсті шаюды қашан тоқтатуға болатындығын анықтауда бағдар ретінде қолдануға болады).

Гемодиализ йодтан тиімді тазартады және оны йодпен уланудың ауыр жағдайларында, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінде қолданған жөн. Үздіксіз вена-веналық гемофильтрацияның гемодиализге қарағанда тиімділігі төмен.

Енгізу әдісі және жолы

Бетадин ерітіндісі тек сыртқа қолдануға арналған.

Бетадин ерітіндісін ыстық суға құюға болмайды.

Ерітіндіні қолданар алдында жылытуға болмайды.

Бетадин препаратының ерітіндісін тура қолданар алдында сұйылту және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек.

Дайын ерітіндіні сақтауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігеріңізге қаралыңыз.

Шығарылу түрі

30, 120 және 1000 мл ерітіндіден ПЭ тамшылатқышы және алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын ПП қалпақшасы бар полиэтиленнен жасалған жасыл түсті құтыға салынған. Құтыларға заттаңбалар жапсырылады. 30, 120 мл-ден құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған. 1000 мл-ден құтылар картоннан жасалған қорапшаға салынбай, медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

1000 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыБетадин ерітіндісі 10% 1000 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube