Қолдану көрсеткіштері
кальцийленген тастары қатар болатын немесе онсыз несепқышқылды тастардан зардап шегіп жүрген пациенттерде несепті сілтілендіру үшін
кальций тастарының метафилактикасында (қайталанудың профилактикасы және /немесе қалдық фрагменттер өсуінің профилактикасы)
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бүйрек функциясының жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі
қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы (метаболизмдік алкалоз)
мочевинаны ыдырататын микроорганизмдерден туындаған несеп шығару жолдарының инфекциялық аурулары
несептің рН 7,0-ден жоғары
тұзсыз диетаны қатаң сақтау (мысалы, артериялық гипертензияның ауыр түрлерінде)
тұқым қуалайтын эпизодтық адинамия
қанайналым жеткіліксіздігі
12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Қолданар алдында қан плазмасындағы электролиттер деңгейін анықтау және бүйрек функциясын тексеру қажет.
Бүйрек өзекшелерінің ацидозына күдіктенген жағдайда қышқыл-негізді жағдайды (ҚНЖ) тексерген жөн.
Несепқышқылды тастарды еріткенде емдік дозаны арттырмаған жөн, өйткені несептің сілтілік реакциясында (pH 7,0-ден жоғары) несепқышқылды тастардағы фосфатты тұздар шөгеді, бұл олардың әрі қарай еруіне кедергі жасайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Блемарен препаратын және құрамында цитраттар және алюминий бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда алюминийдің сіңуі артуы мүмкін, сондықтан мұндай препараттарды Блемарен препаратын қабылдағанға дейін және қабылдағаннан кейін кем дегенде 2 сағат аралықпен қабылдаған жөн.
Жасушадан тыс калий концентрациясын кез келген шамада арттыру жүрек гликозидтерінің әсерін бәсеңдетуі, ал керісінше сол кезде кез келген төмендету – жүрек гликозидтерінің аритмогендік әсерін күшейтуі мүмкін.
Гипертензияға қарсы кейбір дәрілік заттар (мысалы, альдостерон антагонистері, калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері), сартандар, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер және анальгетиктер-антипиретиктер калийдің организмнен шығарылуын төмендетуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындаған кезде Блемарен препаратының бір таблеткасында 9,7 ммоль-ге жуық (380 мг) калий бар екендігін ескеру қажет. Блемарен препаратын ас тұзы шектелген диетадағы пациенттерге, мысалы, артериялық гипертензияда, жүрек пен бүйрек ауруларында препараттың бір таблеткасында 9,7 ммольге жуық (220 мг) натрий бар екендігін ескеру қажет.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Блемарен препаратын бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар науқастарға қолданғанда сақ болу қажет.
Организмде калийдің іркілуімен қатарласа жүрмейтін, бүйрек функциясының компенсацияланған түрдегі жеткіліксіздігі бар науқастарда дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.
Қант диабеті
Блемарен препаратының құрамында көмірсулардың жоқ болуына байланысты, оны қант диабеті бар науқастарға тағайындауға болады (көпіршитін 1 таблеткада 0,02 НБ бар).
Блемарен препаратымен емдеу кезінде құрамы ақуыздарға және пуринді негіздерге бай өнімдерді шектеген жөн, сондай-ақ пайдаланылатын сұйықтықтың мол мөлшерін (жүрек пен бүйрек функциясының жағдайын ескере отырып, кем дегенде 2-3 л) қамтамасыз ету керек.
Педиатрияда қолданылуы
12 жастан асқан балаларға препаратты ересектерге арналған дозада тағайындайды.
Лактоза
Препараттың құрамына лактоза моногидраты кіреді. Осыған байланысты тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза галактоза мальабсорбциясы бар науқастарға тағайындауға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде Блемарен препаратын қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ, осыған байланысты препаратты осы кезеңде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.