daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Брилинт Таблеткалары 90 Мг №56 | АстраЗенека Фармасьютикалс ЛП

Астане қаласындағы Брилинт Таблеткалары 90 Мг №56 | АстраЗенека Фармасьютикалс ЛП
Сипаттама:

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жағында «« өрнегі бар және екінші жағы тегіс сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Тикагрелор

Өндіруші:

АстраЗенека Фармасьютикалс ЛП

Өндіруші ел:

Королевство Швеция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол, кальций гидрофосфаты, натрий крахмалгликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (E171), тальк, полиэтиленгликоль 400, темірдің сары тотығы (E172). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жағында «« өрнегі бар және екінші жағы тегіс сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

90 мг

Қаптамадағы саны:

56 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Брилинта™ ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде

- жедел коронарлық синдромы

- анамнезінде миокард инфарктісі бар, сондай-ақ атеротромбоздық асқынудың даму қаупі жоғары ересек пациенттерде атеротромбоздық асқынулар профилактикасы үшін қолданылады

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық.

- патологиялық қан кетудің болуы

- анамнезінде бассүйекішілік қан құйылу

- ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі

- тикагрелорды CYP3A4 қуатты тежегіштерімен бірге қолдану (мысалы, кетоконазол, кларитромицин, нефазодон, ритонавир және атазанавир), себебі бірге қолдану тикагрелордың әсерін едәуір арттыруы мүмкін

- жүктілік және лактация кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Брилинта™ ең алдымен, CYP3A4 субстраты және әлсіз CYP3A4 тежегіші болып табылады. Брилинта™ препараты сонымен қатар Р-гликопротеин субстраты және әлсіз Р-гликопротеин тежегіші болып табылады және Р-гликопротеин субстраттарының әсерін арттыруы мүмкін.

Басқа дәрілік заттар мен заттардың тикагрелорға әсері

CYP3A4 тежегіштері

CYP3A4 қуатты тежегіштері: кетоконазолды тикагрелормен бірге қолдану тикагрелордың Сmах мен AUC тиісінше 2.4 және 7.3 есе арттырады. Белсенді метаболиттің Сmах және AUC тиісінше 89% және 56% азаяды. Басқа күшті CYP3A4 тежегіштері (кларитромицин, нефазодон, ритонавир және атазанавир) осындай әсер етеді, сондықтан оларды Брилинта™ препаратымен бірге қолдануға болмайды.

Орташа CYP3A4 тежегіштері: дилтиаземді тикагрелормен бірге қолдану тикагрелордың Сmах 69% - ға, ал AUC 2.7 есе арттырады, бұл ретте белсенді метаболиттің Сmах 38% - ға төмендетеді, aл AUC өзгермейді. Тикагрелор дилтиаземнің плазмалық концентрациясына әсер етпейді. Басқа орташа CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, ампренавир, апрепитант, эритромицин, флуконазол) Брилинта™ препаратымен бір мезгілде тағайындауға болады.

Грейпфрут шырыны: тикагрелор әсерінің 2 есе күшеюі грейпфрут шырынын көп мөлшерін күнделікті тұтынғаннан кейін байқалды (200 мл-ден күніне 3 рет). Жоғары әсер етудің осы шамасы пациенттердің көпшілігі үшін клиникалық маңызды болып табылмайды деп күтілуде.

Циклоспорин (P-gp және CYP3A4 тежегіші) 

Циклоспоринді (600 мг дозада) тикагрелормен бірге қолдану тикагрелордың Cmax және AUC сәйкесінше 2.3 және 2.8 есе арттырады. Бұл ретте белсенді метаболиттің AUC 32% - ға артуы және Cmax 15% - ға төмендеуі байқалады. Тикагрелорды Р-гликопротеиннің күшті тежегіштерімен (мысалы, верапамил және хинидин) бірге қолдану туралы деректер жоқ. Егер бірге қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, онда біріктірілген емді сақтықпен жүргізу керек.

CYP3A индукторлары

Рифампицинді тикагрелормен бірге қолдану тикагрелордың Сmах және AUC тиісінше 73% және 86% төмендетеді. Белсенді метаболиттің Сmах өзгермейді, AUC 46% - ға төмендейді. Басқа CYP3A4 индукторлары (мысалы, фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал) Брилинта™ препаратының әсерін төмендететін көрінеді. CYP3A4 қуатты индукторлары Брилинта™ препаратының экспозициясы мен тиімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа препараттар

Тикагрелорды гепаринмен, эноксапаринмен және ацетилсалицил қышқылымен немесе десмопрессинмен қатар қолдану тикагрелордың фармакокинетикасына, оның белсенді метаболитіне және тромбоциттердің АДФ-тәуелді агрегациясына әсер етпейді. Гемостазға әсер ететін препараттарды тағайындауға клиникалық көрсетілімдер болған жағдайда, оларды Брилинта™ препаратымен біріктіріп сақтықпен қолдану керек.

Тикагрелорды және оның белсенді метаболитін қоса алғанда, P2Y12 пероральді тежегіштері әсерінің кідіруі және төмендеуі морфин (тикагрелор әсерінің 35% төмендеуі) алған ЖКС бар пациенттерде байқалды. Бұл өзара әрекеттесу асқазан-ішек моторикасының төмендеуімен байланысты болуы мүмкін және басқа да апиындарға қатысты болуы мүмкін. Бұл әсердің клиникалық маңыздылығы белгісіз, бірақ деректер бір мезгілде тикагрелор мен морфинді қабылдайтын пациенттерде тикагрелордың тиімділігін төмендету мүмкіндігін көрсетеді. Морфинді қабылдауды тоқтату мүмкін емес және P2Y12 тез тежелуі шешуші болып саналатын ЖКС шалдыққан пациенттерге P2Y12 парентеральді тежегішін қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Тикагрелордың басқа дәрілік заттарға әсері

CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін дәрілік препараттар

Симвастатин: тикагрелор мен симвастатинді қатар қолдану симвастатиннің Сmах пен AUC тиісінше 81% және 56% - ға арттырады; симвастатин қышқылының Сmах және AUC тиісінше 64% және 52% - ға артады, бұл ретте кейбір жағдайларда бұл көрсеткіштер 2-3 есе артады. Симвастатинді тәулігіне 40 мг жоғары дозада тикагрелормен бірге қолдану симвастатиннің жағымсыз әсерлерінің дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан осы біріктірілім қажет болған жағдайда, ықтимал қауіп пен ем пайдасының арақатынасын бағалау керек. Брилинта™ препаратын симвастатинмен және ловастатинмен 40 мг жоғары дозада бірге қолдану ұсынылмайды.

Аторвастатин: аторвастатин мен тикагрелорды қатар қолдану аторвастатин қышқылы метаболиттерінің Сmах және AUC тиісінше 23% және 36% - ға арттырады. Cmax және AUC мәндерінің осындай өсуі аторвастатин қышқылының барлық метаболиттері үшін байқалады. Бұл өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп танылды.

CYP3A4 метаболизденетін статиндерге ұқсас әсерлерді жоққа шығаруға болмайды. Әртүрлі статиндермен тикагрелорды қабылдаған пациенттерде статиндердің қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір жағымсыз белгілер байқалған жоқ.

Тикагрелор - орташа CYP3A4 тежегіші. Брилинта™ препаратын және емдік индексі тар CYP3A4 субстраттарын (мысалы, цизаприд немесе қастауыш алкалоидтары) бірге қолдану ұсынылмайды, себебі тикагрелор осы препараттардың экспозициясын арттыруы мүмкін.

CYP2C9 изоферментімен метаболизденетін дәрілік препараттар

Тикагрелор мен толбутамидті бір мезгілде қолданған кезде осы препараттардың ешқайсысының плазмалық концентрациясы өзгерген жоқ. Бұл тикагрелордың CYP2C9 изоферментінің тежегіші емес екенін және оның варфарин мен толбутамид сияқты препараттардың CYP2C9 байланысты метаболизміне әсер етуі екіталай екенін көрсетеді.

Розувастатин

Тикагрелор розувастатиннің бүйрек арқылы шығарылуына кедергі келтіруі мүмкін және соның салдарынан оның жиналу қаупін арттырады. Кейбір жағдайларда тикагрелор мен розувастатинді бір мезгілде қолдану бүйрек функциясының нашарлауымен, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауымен және рабдомиолизбен қатар жүрді, бірақ бұл жағымсыз құбылыстардың даму механизмі анықталмаған.

Пероральді контрацептивтер

Тикагрелорды, левоноргестрелді және этинилэстрадиолды бірге қолдану этинилэстрадиолдың экспозициясын шамамен 20% - ға арттырады, бірақ левоноргестрелдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Левоноргестрелді, этинилэстрадиолды және Брилинта™ препаратын бір мезгілде қолданғанда контрацепция тиімділігіне клиникалық маңызды әсер күтілмейді.

P-gp субстраты (дигоксин мен циклоспоринді қоса)

Дигоксинді тикагрелормен қатар қолдану дигоксиннің Сmах және AUC тиісінше 75% және 28% - ға арттырады. Тикагрелормен бірге қабылдаған кезде дигоксиннің орташа Cmin 30% - ға, жекелеген жағдайларда - 2 есеге ұлғайды. Дигоксинді қолдану кезінде тикагрелордың Сmах және AUC өзгерген жоқ. Сондықтан дигоксин және циклоспорин сияқты тар емдік индексі бар Брилинта™ препаратын және P-gp-тәуелді препараттарды бір мезгілде қолданғанда тиісті клиникалық және/немесе зертханалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Брадикардияны туындататын дәрілік заттар

Брадикардия туындататыны белгілі бір немесе бірнеше дәрілік препараттарды қатар енгізгеннен кейін клиникалық маңызды жағымсыз реакциялар белгілері (мысалы, бета-блокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары, дилтиазем және верапамил және дигоксин) байқалмады. Тикагрелорды брадикардияны туындататын дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Басқа қатар жүретін ем

Брилинта™ препаратының ацетилсалицил қышқылымен, протонды помпаның тежегіштерімен, статиндермен, бета-адреноблокаторлармен, АӨФ тежегіштерімен және ұзақ қабылдау шеңберінде ангиотензин рецепторлары антагонистерімен, сондай-ақ гепаринмен, төмен молекулалы гепариндермен, в/і енгізуге арналған IIB/ІІІа гликопротеин рецепторларының тежегіштерімен бірге қолданғанда клиникалық маңызды жағымсыз өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Брилинта™ препаратын гепаринмен, эноксапаринмен немесе десмопрессинмен бірге қолдану БІТУ-ге, қан ұюдың белсендірілген уақытына (ҰБУ) және Ха факторын зерттеуге әсер еткен жоқ, алайда ықтимал фармакодинамикалық өзара әрекеттесу салдарынан гемостазға әсер ететін препараттармен бірге қолданғанда сақ болу қажет.

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (мысалы, пароксетин, сертралин және циталопрам) қолдану аясында тері астындағы қан кетулер туралы хабарламаларға байланысты оларды Брилинта™ препаратымен бірге қабылдаған кезде сақ болу ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Қан кету қаупі

Тромбозға қарсы басқа препараттарды қолдану кезіндегідей, Брилинта™ препараты тағайындалғанда қан кетудің даму қаупі жоғары пациенттерде тромбоз оқиғаларының профилактикасынан болатын пайда арақатынасын бағалау керек. Клиникалық көрсетілімдер болғанда тикагрелорды пациенттердің келесі топтарына сақтықпен қолдану керек:

- Қан кету дамуына бейімділігі бар пациенттер (мысалы, таяуда алған жарақатпен, таяуда өткізілген операциямен, қан ұю бұзылуларымен немесе таяудағы асқазан-ішектен қан кетумен байланысты) немесе жарақаттану қаупі жоғары пациенттер. Тикагрелор қабылдау белсенді патологиялық қан кетуі, анамнезінде бассүйекішілік қан құйылуы және бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

- Брилинта™ препаратын қабылдауға дейін 24 сағат ішінде қабылданатын қан кетудің даму қаупін арттыруы мүмкін  препараттарды (мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, ішуге арналған антикоагулянттар және/немесе фибринолитиктер) қатарлас қолданатын пациенттер.

Тромбоциттер трансфузиясы дені сау пациенттерде тикагрелордың агрегацияға қарсы әсерін қайтара алмады, оның қан кету орын алған пациенттерде клиникалық пайдалы болу ықтималдығы аз; Брилинта™ препараты мен десмопрессин қатарлас қолданылғанда стандартталған қан кету уақыты азаймағандықтан, десмопрессиннің қан кетуді тиімді тоқтату ықтималдығы аз.

Фибринолизге қарсы ем (аминокапрон қышқылы немесе транексам қышқылы) және/немесе VIIa рекомбинантты факторы гемостазды күшейтуі мүмкін. Қан кету себебін анықтағаннан және оны тоқтатқаннан кейін Брилинта™ препаратымен емді қайта бастауға болады.

Хирургиялық операциялар

Пациенттер кез келген хирургиялық операция жоспарланатын және жаңа дәрілік препарат қабылдау басталатын сәтке дейін өздерінің тикагрелор қабылдап жүргені жөнінде терапевт пен стоматологқа хабарлауы тиіс.

Егер пациентке жоспарлы операция жасалатын болса, соған орай тромбозға қарсы әсердің болмағаны дұрыс екендіктен, хирургиялық араласудан 7 күн бұрын тикагрелор қабылдауды тоқтату керек.

Ишемиялық инсультті өткерген пациенттер

Бұрын ишемиялық инсульт өткерген ЖКС бар пациенттерге 12 айдан аспайтын уақыт ішінде тикагрелормен емнен өтуге болады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге тикагрелорды қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі орташа пациенттерде тикагрелор қолдану тәжірибесі көп емес, осыған орай, бұл пациенттерді емдегенде сақтық танытуға кеңес беріледі.

Брадикардия даму қаупі бар пациенттер

ЭКГ Холтер тәуліктік мониторингілеу клопидогрелмен салыстырғанда тикагрелормен емдеу кезінде негізінен симптомсыз қарыншалық кідірістердің жоғары жиілігін көрсетті.

Брадикардияның даму қаупі жоғары пациенттерде препаратты қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты (мысалы, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, 2-ші немесе 3-ші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада диагнозы қойылған кардиостимуляторы жоқ пациенттер; брадикардиямен байланысты естен тану) Брилинта™ препаратын осындай пациенттерге сақтықпен тағайындау ұсынылады. Сонымен қатар, тикагрелорды брадикардияны туындатуы мүмкін препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде сақтық таныту керек.

Тіркеуден кейінгі кезеңде тикагрелор қабылдаған пациенттерде брадиаритмия және АВ блокада жағдайлары туралы хабарланған. Бұл негізінен жүректің ишемиясының болуы және жүрек соғу жиілігін төмендететін немесе жүрек өткізгіштігіне әсер ететін дәрілерді бір мезгілде қолдану ықтимал шатастыратын факторлар болып табылатын ЖКС бар пациенттерге қатысты. Түзету терапиясын бастамас бұрын пациенттің клиникалық жағдайының және ол қабылдаған қатарлас дәрілердің осы құбылыстардың дамуына әсер ету мүмкіндігін бағалау керек.

Ентігу

Брилинта™ препаратын қолдану кезінде байқалған ентігу, әдетте, өзінің қарқындылығы бойынша әлсіз немесе орташа, препаратпен емді жалғастыру шамасына қарай жиі өтеді. Демікпесі/өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) бар пациенттерде тикагрелор қабылдағанда ентігу пайда болатын абсолютті қауіптің артуы болуы мүмкін. Тикагрелорды анамнезінде демікпе/ӨСОА бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Механизм осы уақытқа дейін анықталмаған. Егер пациентте жаңа көрініс дамыса, ентігу сақталса немесе күшейсе, толық тексеру өткізу қажет. Егер ентігу Брилинта™ препаратымен емдеуден туындағаны анықталса, Брилинта™ препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Орталық ұйқы апноэ синдромы

Тіркеуден кейінгі кезеңде тикагрелор қабылдаған пациенттерде орталық ұйқы апноэы, соның ішінде Чейн-Стокс тыныс алуы байқалды. Егер орталық ұйқы апноэына күдік болса, қосымша клиникалық бағалауды қарастыру керек.

Креатининнің жоғарылауы

Брилинта™ препаратымен емдеу кезінде креатинин деңгейі жоғарылауы мүмкін. Механизм анықталмады. Бүйрек функциясын күнделікті медициналық тәжірибеге сәйкес тексеру керек. ЖКС бар пациенттерде бүйрек функциясын, 75 жастан асқан пациенттерге, бүйрек жеткіліксіздігі орташа/ауыр және ангиотензин-IІ рецепторлары блокаторларымен (ARB) қатарлас ем қабылдайтын пациенттерге ерекше көңіл бөле отырып, тикагрелормен емдеу басталған соң 1 ай өткен соң тексеруге кеңес беріледі.

Несеп қышқылының жоғарылауы

Гиперурикемия тикагрелормен емдеу кезінде пайда болуы мүмкін. Анамнезінде гиперурикемия немесе подагралық артрит бар пациенттерге Брилинта™ препаратын қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау керек. Сақтық шарасы ретінде несеп қышқылы нефропатиясы бар пациенттерде Брилинта™ препаратын қолдану ұсынылмайды.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Тикагрелорды пайдалану кезінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураның (ТТП) пайда болуы туралы өте сирек хабарланған.

Ол тромбоцитопениямен және неврологиялық құбылыстармен, бүйрек функциясының бұзылуымен немесе қызбамен байланысты микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен сипатталады. ТТП плазмаферезді қоса, дереу емдеуді талап ететін ықтимал өлім жағдайы болып табылады.

Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения (ГИТ) диагностикасы кезінде тромбоциттердің зертханалық көрсеткіштеріне әсері

ГИТ диагностикасы үшін қолданылатын тромбоциттердің гепарин-индукцияланған агрегациясының (HIPA) тестін жүргізу кезінде гепариннің қатысуымен пациенттің қан сарысуындағы тромбоциттер агрегацияланады.

Тикагрелорды қабылдайтын пациенттерде ГИТ диагностикасы кезінде тромбоциттер функциясы тестінің жалған теріс нәтижелері (қоса алғанда, бірақ HIPA-мен шектелмей) байқалуы мүмкін. Бұл P2Y12 рецепторының тежелуіне байланысты. Тикагрелормен қатар емдеу туралы ақпарат тромбоциттер функциясын тестілеу кезінде ГИТ түсіндіру үшін қажет.

ГИТ дамуы байқалатын пациенттерде тикагрелормен емдеуді жалғастыру ГИТ протромбоздық жай-күйін де, антикоагулянттармен және тикагрелормен қатарлас емдеумен бірге қан кету қаупінің жоғарылауын да назарға ала отырып, қауіп пен пайда арақатынасын бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.

Басқалары

Тикагрелорды және АСҚ жоғары демеуші дозасын (300 мг астам) бірге қабылдау ұсынылмайды.

Натрий мөлшері

Брилинта™ препаратының таблеткасында 1 дозаға 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни оның құрамында натрий жоқ.

Балаларда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларда Брилинта™ препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Орақ жасушалы ауруы бар балаларда тикагрелорды қолданудың елеулі тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация кезінде

Бала туу жасындағы әйелдер тикагрелормен емдеу кезінде жүктілікті болдырмау үшін тиісті ұрықтануға қарсы дәрілерді қолдануы керек. Жүкті әйелдердің тикагрелорды қолдануы туралы іс жүзінде ешқандай деректер жоқ. Жүктілік кезінде тикагрелорды қабылдау ұсынылмайды. Тикагрелор және оның белсенді метаболиттері сүтпен шығарылуы мүмкін. Бала емізу кезіндегі жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды. Бала емізудің пайдасы мен әйелдің емінің пайдасын ескере отырып, бала емізуді немесе тикагрелормен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Брилинта™ препараты көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне елеулі әсер етпейді немесе әсер етпейді. Тикагрелормен емдеу кезінде бас айналу және сананың шатасуы байқалды. Сондықтан мұндай симптомдары бар пациенттерге автокөлікті абайлап жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу керек.

Шығарылу түрі

Поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салады.

Пішінді 4 немесе 12 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыБрилинт таблеткалары 90 мг №56дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube